Образовательный спецпроект «Дистант 2020»: «10 секретов успешного проведения онлайн-урока» Подтвердить участие→
Конкурс разработок «Пять с плюсом» октябрь 2020
Добавляйте свои материалы в библиотеку и получайте ценные подарки
Конкурс проводится с 1 октября по 31 октября

жоба "Макулатура - орманды қорғайды"

«Макулатура – орманды қорғайды». Қанша макулатура жинап, оны қайта өңдеген кезде, бір ағашты кесуден сақтап қалуға болады. Қоршаған ортаны қоқыстан қорғау жолдарын ауыл тұрғындарымен біріге отырып жүргіздік. Бір ағаш кеспес үшін қанша макулатура жинап, қайта өңдеуге болатынын білу керек. Қазіргі кезде көптеген мемлекеттерде және біздің елімізде де макулатура жинап, оны екінші өңдеуден өткізу, ормандағы ағаштарды кесуден сақтаудың бірден –бір жолы деп ойлаймын. Орман ағаштарын рұқсатсыз кеспеу, құлаған, шіріген ағаштардан тазарту. Сонымен бірге ауыл жанындағы шашылған, үйілген қағаздар, яғни макулатуралар көбейсе, адамдарда әр түрлі қауіпті аурулардың пайда болуына, өмір сүру жағдайларының нашарлауына, табиғи ресурстардың қорының азаюына алып келеді. Қалдықтардың қоршаған ортаны ластап, адам өміріне зиян келтіруі мүмкін. Денсаулыққа қажетті таза ауа, орманды қорғаудың нәтижесі.
Просмотр
содержимого документа

 

                                Қазақстан Республикасы білім Министрлігі

                                Бесқарағай аудандық білім бөлімі

                               «Сосновка орта мектебі» КММ

 

          

 

 

 

 

«Макулатура – орманды қорғайды»

 

      

 

 

    

 Орындаған:  6 «а»сынып оқушысы Кәкімжанова Жанель

  Жетекші: география пәні мұғалімі Г.Б.Какимжанова

 

 

                              

 

 

 

                                             Бесқарағай ауданы, Ерназар ауылы

                                                                     2019 жыл

 

     Мазмұны

     Аннотация

1.Кіріспе

1.1.Тақырыптың өзектілігі

1.2. Тақырыптың мақсаты

2.Негізгі бөлім

2.1Макулатура туралы мағлұмат

2.2.Практикалық қолдану

3.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қысқа мазмұн.

 

           «Макулатура – орманды қорғайды». Қанша макулатура жинап, оны қайта өңдеген кезде, бір  ағашты кесуден сақтап қалуға болады. Қоршаған ортаны қоқыстан қорғау жолдарын ауыл тұрғындарымен біріге отырып жүргіздік. Бір ағаш кеспес үшін қанша макулатура жинап, қайта өңдеуге болатынын білу керек. Қазіргі кезде көптеген мемлекеттерде және біздің елімізде де макулатура жинап, оны екінші өңдеуден өткізу, ормандағы ағаштарды кесуден сақтаудың бірден –бір жолы деп ойлаймын.

       Орман ағаштарын рұқсатсыз кеспеу, құлаған, шіріген ағаштардан тазарту. Сонымен бірге ауыл жанындағы шашылған, үйілген қағаздар, яғни макулатуралар көбейсе, адамдарда әр түрлі қауіпті аурулардың пайда болуына, өмір сүру жағдайларының нашарлауына, табиғи ресурстардың қорының азаюына алып келеді.

Қалдықтардың қоршаған ортаны ластап, адам өміріне зиян келтіруі мүмкін.

Денсаулыққа қажетті таза ауа, орманды қорғаудың нәтижесі.

 

 

 

 

 

 

 

                                                       1

             Аннотация

"Макулатура-защитит лес». Сколько макулатуры можно уберечь от рубки одного дерева, когда ее собирают и перерабатывают. Мы провели совместно с жителями села дороги по охране окружающей среды от мусора.

Нужно знать, сколько макулатуры можно собирать и переработать, чтобы один лесорубочный. Я думаю, что в настоящее время во многих странах и в нашей стране есть возможность собрать макулатуру и провести ее вторичную обработку, защитить лес от рубок. Несанкционированная рубка лесных культур, очистка от рухнувших, гнилых деревьев.

Вместе с тем, если у села растет рассыпанная, насыпанная бумага, то есть макулатура, приводит к возникновению различных опасных заболеваний у людей, ухудшению условий жизни, уменьшению запасов природных ресурсов.

 Отходы могут загрязнять окружающую среду и нанести вред жизни человека.

Чистый воздух, необходимый для здоровья, результат защиты леса.

 

 

 

 

 

 

 

                                                                  2

 

The annotation.

"Scrap is a forest protection. How many waste paper is collected, when processing it, you can save a single tree truncation. Together with the villagers, we were able to protect the environment from debris.

You need to know how many waste paper can be collected and processed for a single piece of wood.

Nowadays, in many countries and in our country, we collect waste paper, its second treatment,
I think it's the only way to get rid of trees in the forest.

Unauthorized cutting of forest trees, clearing from falling trees. At the same time, scattered, flipped papere, waste paper, increases the risk of various illnesses in humans, degradation of living conditions, reduction of natural resources.

Waste may pollute the environment and cause harm to human life.


Clean air is the result of forest protection.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 

                                                                             3

 

                                                     КІРІСПЕ.

 

 

Бұл жобаны бастау себібім: ауыл маңындағы үйілген қоқыстар және кесілген ағаштар.  Ағаштарды кеспеу үшін не істеу керек деген сұрақ қойдым.

                1.Достарыммен әңгімелесіп, негізгі ойды қорытындыладық.

                2.Ауыл тұрғындарының осы іс шараға ат салысуын сұрадық.

Мақсаты: Қанша макулатура жинап, оны қайта өңдеген кезде, бір  ағашты кесуден сақтап қалуға болатынын кейбір дерек көздеріне сүйене отырып зерттеу.Зерттей отырып, қоршаған ортаны қоқыстан қорғау жолдарын ауыл тұрғындарымен біріге отырып жүргіздік.

 Тақырыптың мәселелігі: Бір ағаш кеспес үшін қанша макулатура жинап,  

                                                қайта өңдеуге болатынын анықтау.

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде көптеген мемлекеттерде макулатура жинап, оны екінші өңдеуден өткізу, ормандағы ағаштарды кесуден сақтайды.

Гипотеза: Макулатура жинау арқылы, ормандағы ағаштарды кесуден сақтаймыз.

      Қазіргі кезде біздің планетамыздың, Қазақстанның да экологиясы өте нашар.Дүниежүзілік мұхит және жер шарының орташа жылдық ауа температурасының біртіндеп көтеріліп келе жатқаны байқалады.Осындай жағдай болмас үшін қоқыстарды жақпай, оны екінші ретті өңдеуден өткізу керек.

 

                                                        4

 

2.1Макулатура  туралы  мағлұмат

Бүгін біздің планетамыз экологиялық апаттың алдында тұр парниктік эффект - оның ең қауіпті харбингі. Жер атмосферасы мен мұхиттардың орташа жылдық температурасы біртіндеп жоғарылай бастады. Бұл атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшерінің артуына байланысты, ол отын жану кезінде көп мөлшерде өндіріледі. Тек көмірқышқыл газын оттегіге айналдыруға өсімдіктер ғана қабілетті Осыған байланысты ресурстарды сақтау мәселелері адамзаттың қағазға, ағашқа және басқаларға үнемі өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ормандарды құрып кетуден қорғаудың маңызы артып келеді. Осыған байланысты ресурстарды сақтау мәселелері барған сайын маңызды бола түсуде, атап айтсақ, адамзаттың қағазға, ағашқа және т.б. қажеттіліктерінің артуы үшін ормандарды жоюдан қорғау.

Қағаз бен осыған ұқсас өнімдердің шикізаты – целлюлоза. Қағаз бен осыған ұқсас өнімдердің шикізаты – целлюлоза. Өсімдіктерде табиғи түрде кездесетін целлюлоза ағаштардан алынады.                             

              Қағаз – ағаш діңдерінен  жасалады. Қағаз өндіру үшін қолданылатын ағаштар кесіліп, бөрене халіне келтіріледі. Алдымен қабықтары алынып, кейін майда-майда бөлшектерге бөлінеді. Бұл бөлшектер жуылып, ұнтағыш машинадан өтеді. Машинаның ішінде әртүрлі химиялық заттармен араластырылып, талшықтарға бөлінеді және қамыр халіне келтіріледі. Бұл қамыр ағаруы үшін жеке бір процедурадан өтеді. Кейін қамыр миксерге (араластырғышқа) салынады. Қамырдың ішіне қағаздың сапасын, суға төзімділігін арттыратын, немесе рең беретін түрлі-түсті химиялық заттар қосылады. Миксерден шыққан қамыр бір текті халге келеді. Қамыр жылжымалы лентаның үстіне төселеді.  Суы сүзілетін және тығыз цилиндрлердің арасынан өтеді.

                                                         5

Осылайша қағаз беттері пайда болады. Соңында ыстық цилиндрлердің арасынан өтіп, құрғатылады. Фабрикадан шыққан қағаздар үлкен рулон түрінде шығады. Оны өңдеушілер қалаған көлемде қыйып сатады. Сондықтан қағаз өндіру үшін жыл сайын жүздеген ағаш кесіледі.

 

қағаз

                                                              6

Ағаштардың кесілуі көптеген жануардың мекені ормандардың жойылуына, жер бетіндегі оттегінің азаюына және қоршаған орта теңдігінің бұзылуына жол ашады. Қағаз бен картон қалдықтардың қайта өңделуі арқылы осындай зияндарға жол ашпастан целлюлоза алуға болады. Қалдық қағаздарды қайта өңдеп, қағаз өндіруге болады. Осы әдіс әрі өндіріс құнын азайтады, әрі экологиялық теңдіктің маңызды бөлшегі ағаштардың табиғатта қалуын қамдайды.

Қазіргі уақытта экологиялық апаттың алдын-алу үшін шаралар қабылдау қажет.  Бірақ бұл үшін адамдардың ресурстар мен энергияға деген көзқарасын өзгерту керек.  Біз барлығымызды болашақта сөзсіз күтетін түрлі энергия қабылдауға дайындалуымыз керек.

Әркімнің өмір салтын өзгерту туралы, энергия үнемдейтін технологияларды енгізу және дамыту, қоршаған орта үшін қауіпсіз болып табылатын энергия көздерін пайдалану туралы ойлану керек.

Әр адам планетаның болашағы үшін өзінің жауапкершілігін сезінуі керек.

Қазіргі таңда баламалы энергия көздерін толықтыру өзекті мәселелердің бірі болып саналады.Норвегия,Дания,Швеция,Германия,Нидерландия елдерінің зерттеушілерінің пікірі бойынша 1т қоқыстан 600 кг көмірқышқыл газын алуға болады.Amager Bakke қалдық өртейтін заводы қаладағы ең биік ғимараттардың бірі болады.

Сонымен қатар, ол Данияның астанасын 2025 жылы жағатын отыннан біржолата құтқарады.

               1799 жылы француз Луи Робер  ешкімге таныс емес машина ойлап шығарды. Оның көмегімен қолданыста болған қағаздарды ұсақтап, бірыңғай қоймалжың дайындап, қайтадан қағаз шығарды.Осы машинаның көмегімен бір тәуліктің ішінде 100 кг- дейін қағаз қоймалжыңдарын дайындады. Осының арқасында қағаз өзіне екінші өмір алды.

 

                                                          7

19 ғасырда Европада  макулатура қабылдайтын орындар ашыла бастады. Қағаздарды екінші рет өңдеу, ормандағы ағаштарды кесуден қорғайды.  Есеп бойынша, екінші рет өндірілген 1 тонна шикізат  4 кубтонна ағаштың орнын ауыстырады. Машинаның көмегімен  жер шарындағы қаншама орман аумақтары сақталды. Қазіргі уақытта дүниежүзі бойынша макулатура жинаудан Германия алдыңғы орында. Біраз уақыт өткенен кейін ірі қалаларда ғана емес ауылдардада макулатура қабылдайтын орындар  ашыла  бастады.

         «Kagazy Recycling» ЖШС – бүкіл Қазақстан бойынша, сонымен қатар Ресейдің бірнеше қаласында макулатура жинау бойынша өкілдіктер желісі бар жалғыз отандық компания. Компания шамамен 500 мың ересек ағаштарды кесуден құтқара отырып, жыл сайын 50 мың тоннаға жуық макулатураны жинайды және қайта өңдейді. Компания макулатураның төмендегідей түрлерін қабылдайды: газеттер, журналдар, кітаптар, буклеттер, тетрапакеттер, тегіс және гофрирленген картондар (қораптар).

     Төмендегі  макулатура  түрлері: газеттер, журналдар,  картон  қораптар, түрлі қағаздар, қағаз  ыдыстар  бірнеше жыл өткенде ғана шіріп топыраққа сіңеді екен. Оның дәлелі төмендегідей.

Р.с

     атауы

 қанша жыл

  1

 газет,  журнал

  1 – 3 ай

  2

 картон  қораптар

  1 жыл

  3

 А 4 қағаздар

 2 жыл

  4

қағаз ыдыстар

 5 жыл

 

Компанияның серіктестік желісі жыл сайын өсіп келеді. Тек Алматы қаласында ғана KagazyRecycling компаниясымен макулатура жинауда 30-дан астам ірі бизнес-орталықтары мен компаниялардың кеңселері бірлесе қызмет атқарыды. Бұдан басқа, 2012 жылы KagazyRecycling компаниясы Алматы қаласында қоқыстарды сұрыптауға халық мәдениетін қалыптастыру

                                                           8

мақсатында жеке тұлғалардан макулатура жинайтын бес бекетін ашты.

  Семей қаласында екі макулатура жинайтын бекет ашылды.

Практикалық жұмыс. 

Мен макулатураны жинап, оны апарып өткізуге болатынын оқып, біліп, достарыммен ауыл тұрғындарымен  бөлісе бастадым. Бастапқыда көбі көңіл бөлмегенмен. Уақыт өте менімен келісе бастады.

Бастауыш сынып мұғалімі Гулнара Аймурзайовна Жумагазинова  үйіндегі газет, журнал, қолданылған А4 қағаз, түрлі қағаз қалдықтарын жинап,Семей  қаласындағы  макулатура (барлығы 47 кг, 1 кг- 20 тенге)  қабылдайтын  бекетке  өткізген.  Макулатура  өткізгені үшін - ақша төлеген.

  Ал сыныптас достарым әр қайсысы үйінде жинаған макулатураны өлшеп, барлығымыздың жинаған макулатурамыз 20-30 кг болды.

             Тегі.аты

             1 айда

  Жумагазинова Г.А

47 кг

 Құрмангазин Ұ

1.6 кг

Сарсенова З

3.2 кг

Кәкімжанова Ж

4.3 кг

Қамбаров С

7 кг

Азимжанов Д

5 кг

Мухтарханова Г

4.1 кг

Оралов А

2.8

Біздің жинаған макулатурамыз  79,1 келіні құрады, яғни  бір ағашты кесуден сақтап қалдық.Бұл біздің 1 айдағы жинаған макулатурамыз. Ал егер 1жылды 12 ай бар десек, онда 79,1х12=949.3келі. 1ағашты кесуден 60 келі макулатура керек болса, сонда біз  949,3:60кг=16 ағашты сақтап қалады екенбіз. Біз үшін  бұл үлкен жетістік.Интернеттен көптеген ақпараттар оқи отырып,

 

                                                             9

Гулнар апайға және достарыма қуанып, біздің жинаған 1 айдағы макулатурамыз бір ағашты қорғап қалатынын, ал осылай жинайтын болсақ 1 жылда 16 ағашты сақтап қалатынымызды  жеткіздім.

 

Тұжырымдар.

Жоба  нәтижесі көрсеткендей, орташа статистикалық көрсеткіш бойынша  әр отбасының қоқыс шелегіне  айына 10 кг қағаз, жылына 948 кг қағаз тастайды.

Егер макулатура ретінде жиналған 60 кг қағаз 1 ағашты сақтауға мүмкіндік берсе, онда 1 отбасы 4 ай ішінде қажетті қағаз санын жинап, сол арқылы 1 ағашты сақтай алады.

 

                             Қорытынды

Әр адамның экологиялық мәдениетінің белгісі тұрмыста және өндірісте жиналған қоқысты қайта өңдеу үшін тапсыру әдеті болсын, одан кейін ол бізге жылыту үшін газ, жаңа құрылыс материалдары, маталар, қағаз және т. б. түрінде қайтып келуі мүмкін.. Біздің әрқайсымыз, біздің отбасымыз өзінің отбасылық бюджетін үнемдеуге және мемлекет экономикасына, сондай-ақ біздің көшелер мен аулаларымыздың ұқыптылығына үлес қосар едік.

Үнемділік- әр отбасына  тиімділікті  және  жайлылықты білдіреді

 

 

 

                                                                 10

Макулатура – латын тілінен аударғанда- пачкаю- яғни екінші ретті өңдеуден өткен қағаздан және картоннан жасалған бұйымдар.

hello_html_m143b8dcc.jpg 

hello_html_m77730cfb.jpg

C:\Users\Admin\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\20191023_200659.jpg

                                                       11

F:\IMG_20180517_170007.jpg

F:\IMG_20180517_170015.jpg

C:\Users\Admin\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\20191023_201004.jpg

Менің ауылдастарым макулатура жинап, бірнеше ағашты кесуден сақтап қалды.

                                                           12

Бір ағашты кесуден сақтап қалу үшін, 60 кг макулатура өткізу керек екен.

 

hello_html_782f4570.jpg

hello_html_7ee71c5d.jpg

 

 

 

                                                        13

 

 

 

 

 

 

 

                           Қолданылған  әдебиет:

  1. «Вести  Семей» - № 15, 22.02.2019
  2. Интернет желісі
  3. Қалдықтан түсетін табыстар.www.kmf.kz  Алматы 2019ж
Информация о публикации
Загружено: 24 февраля
Просмотров: 365
Скачиваний: 0
Какимжанова Гульниса Байтурсыновна
Естествознание, 6 класс, Разное
Скачать материал