Урок на тему "Программалау тілдері"

Разработка урока на тему "Программалау тілдері" предназначена для 7-х классов
Скачать материал
Просмотр
содержимого документа

 

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

«Шешімдерді программалау»

Мектеп: Н.Илялетдинов атындағы №169 орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Надирова Ф.К.

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Программалау тілдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.1 – «программалау жүйесі» және «программалау тілдері» ұғымдарын ажырата білу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар

«программалау жүйесі» және «программалау тілдері» ұғымдарын ажырата біледі.

Басым көпшілігі

Кеңінен таралған программалау жүйелері мен тілдерін біледі.

Кейбір оқушылар

Программалау тілдері мен жүйелерін ерекшеліктеріне қарай топтайды.

Бағалау критерийі

  • «программалау жүйесі» және «программалау тілдері» түсініктерінің айырмашылығын анықтайды
  • программалау жүйесі мен тілдері арасында байланыс орнатады

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар біледі:

Оқушыларды термин сөздерді пайдалана отырып, программалау жүйелері мен тілдерін жіктеуді сауатты түсіндіруге баулу.

Пәндік лексика және терминология:

Процедуралық программалау тілі

procedural programming

Процедуралық емес программалау тілі

non-procedural programming

Объектіге бағытталған программалау (ОББ)

object-oriented programming (OOP)

Декларативті программалау тілі

declarative programming

Транслятор

translator

Компилятор

compilation

Интерпретатор

interpretation

Программалау тілдері

programming language

Диалога/хат үшін пайдалы сөйлемдер:

Программалау тілі  – бұл…

Программалау жүйелері - …

Программалау тілі келесілер бойынша жүйеленеді …

Құндылықтарға баулу

 

 

  • Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
  • Қарым-қатынас жасау;
  • Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;
  • Жауапкершілік;
  • Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, 5-сынып, «Тіл қарым-қатынас құралы»

Алдыңғы білім

 

  • Программалық жабдықтама ұғымын біледі;
  • Программалық жабдықтама құрамына кіретін программаларды біледі;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

 

Ресурстар

Сабақтың басы

 

Ұйымдастыру сәті: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық тренинг: «Онға дейін сана» Барлық оқушылар шеңберде  көздерін жұмып бірлесіп, онға дейін санау керек, әр оқушы тек бір санды ғана айтуы керек. Егер бір санды бірнеше  оқушы бірдей айтса, санауды қайтадан бастайды. Тренинг арқылы оқушылардың тыңдай алу мен зейінін арттырады.

Үй тапсырмасын шеңберді бұзбастан «Допты лақтыру» әдісімен пысықтаймын (мұғалім оқушыға допты лақтыру арқылы сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сол сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұрақтың жауабын білмесе допты басқа оқушыға беруіне болады).

Дұрыс жауап берген оқушыларға ауызша мадақтама айтылады.

Топқа бөлу: «Көшбасшылар» Кім өзін көшбасшымын деп санайды деп сұрақ қойылады. Бірінші орнынан тұрған екі оқушы екі топтың көшбасшысы болып тағайындалады. Әр көшбасшыға өзінің тобына бір мүшесін таңдауға рұқсат етіледі. Ол оқушылар сәйкесінше тобында кім болғанын қалайтын оқушыны таңдайды. Осылай оқушылар екі топқа бөлінгенше жалғасады. Егер оқушылар саны тақ болса, топ көшбасшыларына соңғы қалған оқушы неге олардың тобында болу керектігін түсіндіру ұсынылады. Соңғы оқушы қай топқа баратынын өзі таңдайды.

 (Д) Суретте не көріп тұрсыңдар? (диалог)

Қарым-қатынастың құралы не болып табылады? (тіл)

Оқушылардың қазақ тілі сабағында «тіл» туралы білетін білімдерін еске түсіреді.

Суретте не көріп тұрсыңдар? (компьютермен диалог)

Осы сұрақтарды қою арқылы жаңа сабақ тақырыбы мен мақсаттары ашылады.

І-топ: «Программалау тілдері»

ІІ-топ: «Программалау жүйелері»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 (Д) Жаңа тақырып бойынша программалау тілі ұғымына және төменгі, жоғарғы деңгейлі тілдердің ерекшеліктеріне нақты анықтама беретін бейнеролик көрсетіледі.

Бейнероликте берілген түсінікті қолдану мақсатында      (Т) «Айырмашылығы неде?» әдісі ұйымдастырылады. Әр топ  жоғары деңгейдегі тілдің төменгі деңгейдегі тілден қандай айырмашылықтары бар екендігін өзара талқылайды, шешімдерін айтады.

Смайликтер арқылы кері байланыс алынады.

Картинки по запросу смайлик

 

 

 

Похожее изображениеПохожее изображениежалғастыруға               толық                        түк

    дайынмын              түсінбедім              түсінбедім            

Егерде  «толық түсінбедім» және «түк түсінбедім» деген смайликтер көтерген оқушылар болса, сол топтағы түсінген оқушылар сұрақтарына жауап береді. Бұл үдеріс мұғалім бақылауында орындалады. Кейбір оқушыларға қажеттіліктеріне қарай диалог түрінде қолдау көрсетемін.

  Оқушыларға оқулықпен қоса, қосымша ақпарат таратамын. Сол ресурстарды топтық тапсырмаларды орындауда пайдаланады.

 (Т) Әр топқа тапсырма беріледі:

І топ: «Программалау тілдері»

ІІ топ: «Программалау жүйелері»

SWOT-талдау және  Т-кестесі әдісімен әр топ постер қорғайды. 

SWOT-талдау әдісі арқылы программалау тілдерінің күшті жақтары, әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіптерін көрсетеді.

Т-кестесі арқылы программалау жүйелерінің жақсы жақтары мен кері жақтарын қарама-қарсы жақтарын көрсетеді.

Әр топ өз постерлерін қорғайды.

Топтар бірін-бірі «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Тапсырма:

 (ЖЖ) 1. Программалау тілдерін деңгейлері бойынша жіктеңдер және өз әрекетіңді көрсетілген кескін бойынша түсіндіріңдер.

Мақсаты: Программалау тілдерін жіктей алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топтағы жұптар жұмыстарын ауыстырып, бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Сон соң дұрыс жауабы слайд арқылы көрсетіледі.

Жұптар арасында  өзара бағалау «Үзілген жапырақтар» әдісі арқылы жүреді.

Сергіту жаттығулары

«Шебер және батыл қолды мүсіндейік»
Балалар «мүсінші» болып, саусақтарымен топырақты, уыстағандай қысып, ермексазды ширатқандай алақандарын бір-біріне үйкелеп, ашып-жұмып қолдарына жаттығу жасайды.

(Ж) 2. Семантикалық картаны толтырыңыз.

Әр программалау тіліне қатысты  болатын қасиетінің бағанына «+» белгісін қойыңдар

 

Процеду ралық

Логика лық

Нысанға бағытта лған

Қысқа бағдар ламар жузу үшін

Алго ритм дерді зерттеу

Ірі программалардың интерфейсін жасау

Fortran

 

 

 

 

 

 

Lasuras

 

 

 

 

 

 

Delphi

 

 

 

 

 

 

Pascal

 

 

 

 

 

 

C++

 

 

 

 

 

 

Лисп

 

 

 

 

 

 

Слайд арқылы дұрыс жауаптарын көрсетіліп, әрбір оқушы өзін-өзі бағалайды. 

Қажеттіліктеріне  сәйкес диалог түрінде қолдау жүргіземін.

Қарқынды оқушыларғаға тапсырма

(Ж)  1. Дұрыс немесе бұрыс жауапты таңдаңыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Ж)   2. Ұяшықтардағы сөздерді тартып әкелу арқылы бос жерлерді толтырыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

Компьютерде орындап, нәтижесін көре алады, қателіктерін жөндейді.

(Ж) Қалыптастырушы бағалау

Ойлау дағдыларының деңгейі: білу және түсіну

Бағалау критерийлері:

  • «программалау жүйесі» және «программалау тілдері»

 түсініктерінің айырмашылығын анықтайды;

  •  программалау жүйесі мен тілдері арасында байланыс орнатады.

Тапсырма. Берілген тізімді бағдарламалау тілдеріне және бағдарламалау жүйелеріне жіктеңіз: Microsoft Power Point, C#, Paint, Borland Delphi 7, Object Pascal,Winrar, Java, Dr.Web, Microsoft Word, Visual Studio, PascalABC, Google Chrome.

 

 

 

 

 

Дескриптор     

Білім алушы

  • Программалау тілі және программалау жүйелері түсініктерінің сипатын ажырата алады;
  • Программалау тілдерін атап шығады;
  • Программалау жүйелерін атап шығады.

Осы тұста тапсырманың орындалғанына қарай ауызша кері байланыс беремін.

https://bilimland.kz/ru/courses/informatika-kk/7-cynyp/lesson/programmalau-tili-turaly-tusinik

 

 

 

 

 

Смайликтер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық, 93-100 беттер

Қосымша тапсырмалар

 

Плакат, маркер

 

 

96 бет, 4.4-сурет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд

 

жапырақша стикерлер

 

 

 

 

 

 

 

 

C:\Users\фарида\Desktop\--yish-isi-150x150.jpgC:\Users\фарида\Desktop\00065e-006.jpgКартинки по запросу басбармақ әдісіҮлестірмелер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд

 

 

 

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/7-cynyp/lesson/programmalau-tili-turaly-tusinik

жаттығу 2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жаттығу 3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

 

Рефлексия. «Табыс» ағашын отырғызайық. Ағаш діні жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек сыныбымыздағы көңіл – күй, ал ағаштың жемістері сіздердің білімдеріңіз.

Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.

Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ ажырата алғанда қиналдым.

Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.

Оқушылар алмаларға «сабақты меңгердім», «қиналамын», «меңгерген жоқпын » деп  жазып жабыстырады.

Үйге тапсырма

4.1. тақырыпты оқу

«Программалау тілдері» атты шағын зерттеу жүргізіңдер. Алынған ақпаратқа мәтіндік  процессорда кесте құрыңдар.

C:\Users\фарида\Desktop\435504_12.jpeg«Табыс ағашы»

Алма пішінді стикерлер

 

 

 

 

Оқулық, 93-97 бет

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? 

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

 

«Көшбасшылар» әдісімен оқушыларды  аралас топтарға бөлемін.  Қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндік алады, ал қабілетті оқушылар өз ойын және идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қосады.

Оқушыларға тақырып бойынша терең қосымша ресурстар тарқату арқылы ой-пікірін, SWOT-талдау және Т-кестесі көмегімен бағалаймын.

Топпен жұмыс жасау барысында қарқыны жоғары оқушыларға қосымша тапсырма bilimland.kz порталынан жаттығулар орындатамын.

«Айырмашылығы неде?» әдісінде оқытудың болжалды міндетіне қарай  жіктеу тәсілін ұйымдастырамын. Оқушыларға қажеттіліктеріне сәйкес диалог және қолдау көрсету  тәсіліне негізделіп жүргіземін.

Қорытынды тәсілі қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын пайдалануда барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, әрқайсысының мықты және әлсіз тұстарын ажырату мақсатында ұйымдастырылған. Топтық, жұптық тапсырмалар орындауда оқушылар өзара қолдау көрсетеді, мен бағыттау сұрақтар қоямын.

Әр тапсырма берілгенде  нақты нұсқаулық беремін,  сұрақтар қоямын,  идеялар айтуға бағыттаймын.

Жеке жұмыстарды ауызша мадақтау, қолдау арқылы бағаланады.

Топтық жұмыста «смайликтер»  арқылы бағаланады. Дайын сұлба беріледі. Топтар өзара басбармақ тәсілімен бірін-бірі бағалайды.

Жұптық жұмыстарды «Үзілген жапырақтар» әдісі арқылы бағаланады.

Сабақтың соңында берілген тапсырмаларды дескриптор арқылы бағалап өтемін.

Кері байланыс аламын.

Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дискриптор қолданамын.

Рефлексия «Табыс ағашы» арқылы жүзеге асырамын.

Жасыл алма: Тақырыпты меңгердім.

Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ ажырата алғанда қиналдым.

Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.

Сәйкесінше стикерге өз ойларын, түсінбеген тұстарын жазып, жапсырады.

 

 

Сабақ барысында оқушыларға информатика сыныбында тәртіп сақтау ережелері айтылады.

«Допты лақтыру» әдісі оқушылардың  белсенді қимыл-қозғалысына негізделген.

 «Шебер және батыл қолды мүсіндейік»  сергіту жаттығуы қол және саусақтарға арналған жаттығулар жасалынады.

 

 

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

 

 

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


 

 

 

 

Информация о публикации
Загружено: 28 мая
Просмотров: 2043
Скачиваний: 6
Надирова Фарида Кенжебековна
Информатика, 7 класс, Уроки