[Закрываем эфир!] Образовательный интенсив «Педагог 2.0: инструменты и технологии» Трансляция→
Конкурс разработок «Пять с плюсом» сентябрь 2020
Добавляйте свои материалы в библиотеку и получайте ценные подарки
Конкурс проводится с 1 сентября по 30 сентября

Тема урока Сайын Муратбеков " Кылау"

Поурочный план по казахской литературе: Сайын Муратбеков " Кылау"
Просмотр
содержимого документа

Сабақ жоспары

Күні:

Сыныбы: 6 «б»

Пәні:Қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Сайын Мұратбековтың «Қылау» әңгімесі.

Сабақтың мақсаты:Сайын Мұратбековтың өмірімен танысу, «Қылау» әңгімесінің мазмұнын меңгерту.

Міндеттері:

а)білімділік: Сайын Мұратбековтың «Қылау» шығармасының мазмұнымен танысып, кейіпкерлеріне талдау жасау.

ә)дамытушылық:Оқушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік туғызу, пікірлерін тыңдай отырып, талдау жасауға жағдаят жасау.

б)тәрбиелік: Мәтін мазмұны арқылы оқушыларды еңбек сүйгіштікке,адалдыққа, мейірімділік пен қайырымдылық қасиеттеріне баулу.

Сабақтың көрнекілігі:жазушы туралы деректер, портреттері, үлестірме қағаздар, слайд.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жоспар құру, сұрақ-жауап, талдау жасау, венн диаграммасы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

-оқушылармен сәлемдесу рәсімі;

-оқуышлардың сабаққа қатысу туралы кезекшінің мәліметі;

-оқу құралдарын ретке келтіру;

-сабақтың мақсатымен таныстыру;

II.Үй тапсырмасын тексеру:

III.Жаңа сабақ: Суретті көрсету арқылы , қардың қандай түрі бар екенін айту. Соның ішіндегі Қылауға тоқтау. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Қылау, ал неге қылау деп атағанын, талдау барысында байқаймыз. Мен сендерге алдын-ала осы әңгімені үйде оқып келіңдер дегенмін. Барлықтарың оқыды деген үміттемін.

Эпиграф: «Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,

                                           Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа»

Жазушы өмірінен мәлімет.

Хронологиялық таблица

Сайын Мұратбеков 15 қазанда Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылындатуған. 1957-1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 жылы Мәскеудегі Жоғары әдеби курстыбітірген. 1954-1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962-1972 жж. «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші, Көркем әдебиетті насихаттау бюросыныңдиректоры, 1972-1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977-1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980-1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1984-1986 жж. «Жазушы» баспасының директоры, 1988-1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XI сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, [2004 жыл]]ы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.

1989 жылы «Қалың қар», 1995 жылы «Өліара» повестері кітап боп шықты.

«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

1990 жылы «Қалың қар» повесі үшін Қазақстан Жазушылар одағының М. Әуезов атындағы әдеби сыйлығы, 1998 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығыныңлауреаты.

Сөздікпен жұмыс:

Қылау – қыста сілбіреп жауатын ұлпа, майда қар.

Шәугім – су қайнататын темір ыдыс.

Ішік – қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны әр түрлі аң терілерінен тігеді, сырты матамен тысталады.

Зират – дүниеден өткен адамдардың жатқан жері.

Мәтінді әңгімелеу жоспарын құру:

  1. Әкесі Сатайды ұйқыдан оятып, шанаға жұмсауы.
  2. Сатайдың жолға шығуы, зират жанынан өтіп бара жатқандағы қорқынышы.
  3. Жол бойынан Рәбиға атты кезіктіруі.
  4. Рәбиға екеуінің әңгімелесуі.
  5. Рәбиғаның жол жиегінен түсіп қалуы.
  6. Сатайдың Рәбиға үшін алаңдауы, іздеуі.
  7. Рәбиғаның Сатайға оқулық сыйға тартуы.

Әңгімеге композициялық талдау жасау:

Әңгіменің басталуы: Әкесі Сатайды ұйқыдан оятып, көрші ауылға шанаға жұмсауы.

Әңгіменің дамуы: Сатайдың Рәбиғаны кезіктіріп, өз шанасы отырғызып алуынан дамиды.

Әңгіменің шиеленісуі: Рәбиғаның ауыл бұрылысынан түсіп қалуы.

Әңгіменің шарықтау шегі: Сатай Рәбиғаны уайымдап, ауылына дейін жеткізіп салу үшін артына қайтып, Рәбиғаны іздеуі.

Әңгіменің аяқталуы: Рәбиға Сатайға ризашылық ретінде оқулық беруі.

 

1.Сәйкестендіру:

 

2.Рабиға мен Сатайға мінездеме беру:

САТАЙ – жалқау, жанашыр, қорқынышын, арам, пиғылы жоқ, жеңе біледі, адал, мейірімді, ақкөңіл, батыл, мақтаншақ
2 - топ:
РАБИҒА – өнерлі қыз, қарапайым, өзіндік ойымен бөліседі, досқа адал, көпшіл, ақкөңіл, үздік оқушы

 

3. Кезекпен оқу Адам ата

Мәтін жоспары

Ертегінің  негізгі ойы

Идеясы

Кілт сөздер

Алған әсерің

 

Сергіу сәті: Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

 

Мақал-мәтелдерді жалғастыр:

1.Адамның ұяты бетінде,Адамгершілігі ниетінде

2.Қайырымдылық жасасаң,Қайырын өзің көрерсің

3.Жақсылық етсең, жарты етпе

4.Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.

5.Жақсы сөз- жарым ырыс.

6. Жақсы сөз – жан семіртер. 

IV.Бекіту бөлімі:

 

 Сценка қою

Нағыз адам

Нағыз адам
Аптап. Қуаң даладағы жалғыз үйдің қасында құдық бар. Бұл үйде атасы мен немересі тұрады.
Құдық басында ұзын арқанға бекітілген шелек бар. Жолаушылар мен әрі - бері өткен кісілер құдыққа бұрылып су ішеді, атайға алғыстарын жаудырады.
Бірде әлгі байлаулы арқан үзіліп. шелек терең құдық түбінде қалды. Атайдың одан басқа шелегі жоқ еді. Су тартып ішуге ыдыс табылмады.
Келесі күні таңертең атайдың үйіне арбалы шаруа келді. Арбадағы сабанның астында шелегі көрініп жатыр екен. Жолаушы құдыққа көз жіберіп, атай мен немересіне бір қарады да, атына қамшы басып, әрі қарай жүріп кетті.
- Бұл не қылған адам?- деп сұрады немересі атасынан.
- Бұл адам емес, - деді атасы.
Түске таман атай үйінің тұсынан екінші жолаушы өтіп бара жатты. Ол арбадағы сабанның астынан шелегін алып, арқанға байлады да, құдықтан су тартты. Өзі қанғанша ішіп, атай мен немересінің де шөлін қандырды. Қалған суды құрғақ құмға төге салды да, шелегін қайтадан сабан арасына салып, жүріп кетті.
- Бұл не қылған адам? - деп сұрады немересі атасынан.
- Бұны да әлі адам деуге болмайды, - деді атасы.
Кешке қарай атай үйінің маңына тағы бір кісі тоқтады. Ол арбасынан шелегін алып. арқанға байлады Су тартып, сусынын қандырды, сонан соң алғысын айтып, жүріп кетті. Ал шелегі құдық басында арқанға байланған қалпында қала берді.
- Бұл қандай адам? - деп сұрады немересі.
- Міне, бұл - нағыз адамның өзі, - деп жауап берді атасы.

 

4. Қорытындылау. «Жақсылық тамшы қарлары» 
Тамшы үлгісінде қиылған көк қағаздарды үлестіремін. 
Біздің дариямыз қарлы  тамшыларға шашырап кетіпті. Біз дариямызды құрау үшін мына тамшыларға жасаған жақсылықтарымыз бен игі істерімізді жазуымыз керек.Балалар тамшыларға жасаған игі істерін жазады. 
Тақтадағы ақ қағазға тамшыны кезекпен ілеміз де, жасағанжақсылықтарымызды жария етеміз. 
-Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналды. (Дарияны ілемін.) Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.


 

 

VI.Үйге тапсырма:

Сайын Мұратбековтың «Қылау» әңгімесін оқу, әңгімелеу.

VII.Бағалау:

Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.

 

 

Информация о публикации
Загружено: 2 декабря
Просмотров: 329
Скачиваний: 1
Туматова Альфия Жунусовна
Родной язык и литература, 6 класс, Уроки
Скачать материал