[19 мая!] Практическая онлайн-конференция «Компетенции XXI века» Подтвердить участие→
Конкурс разработок «Пять с плюсом» май 2021
Добавляйте свои материалы в библиотеку и получайте ценные подарки
Конкурс проводится с 1 мая по 31 мая

Тема урока: Основание политической системы

План урока по правоведения для старших классов. Можно применить на уроке.
Просмотр
содержимого документа

                                Сабақ жоспары

 

Дәрістің өткізілетін күні: 11.11.2020ж.                    

Пән атауы: Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының тарихы.

Сабақтың тақырыбы : Жаңа саяси жүйенің құрылуы

Дайындаған педагог: Мусина Гулипа  Марданқызы.

1- курс, 209- топ . 2020 жыл.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Оқыту әдіс-тәсілдері: (педагогикалық технологиялар) Түсіндіру, баяндау,сұрақ- жауап, өзіндік жұмыс.

2. Сабақтың  мақсаты: 1.Білімділік: Қаржылық сауаттылықтарын дамыту, қаржылық сауаттылықты нығайту, қазіргі уакытта салық және қаржы берешектерін өңдеу, қаржы және салық туралы түсінік беру.

2.Тәрбиелік:Оқушыларды өзісіне жауаптылыққа және құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, мәселені шешу жолын іздеуге, басқа оқушыны тыңдау, тыңдай алу қабілетімен талдау жасау мен топтық жұмысыты орындау қабілетін дамыту.

 

2.1. Берілген тақырыпты тәжірбиемен  ауыстырып мәлімдеу.

3. Сабақты жабдықтау: Ноутбук,  плакаттар, электрондық оқулықтар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі(3 мин)

  • Сәлемдесу
  • Түгендеу
  • Сабаққакірісу

2.Үй тапсырмасынтексеру:жеке-жеке

 

 

Президенттік басқару мен жаңа саяси жүйенің құрылуы және демократиялық режим.

Əлемде болып жатқан демократиялық үрдістерге жауап бере отырып, қазақ елі өзінің мемлекеттігін одан əрі қарай дамытудың ауадай қажет екендігін мойындайды. Еліміздегі демократиялану процестерінің əсерінен көп партиялық саяси жүйе пайда болып, қазіргі еліміздің заң шығарушы органы — Парламентте үш партия өкілдерінен тұрады. Бірақ бұл жеңіске біз бірден қол жеткізген жоқпыз, белгілі дəрежеде тəжірибе мектептерін бастан кештік. Сонымен қатар көп партиялы жүйенің кемшіліктерінің бірі — ұсақ, бір-бірін қайталайтын партиялардың да өмір сүре беретіндігі болса керек. Алайда жалпы партиялар саны қанша деген мəселе бірінші орында ешқашан тұрған емес, маңыздысы, мемлекеттік органдарды құруға шынайы қатыса алатын партиялардың саны қанша жəне олардың саяси бағыты қандай деген мəселе болмақ. Бұл мəселеде көп партиялы жүйе жəне партиялардың көптігі туралы екі мəселені бір-бірінен ажыратып қарағанда ғана белгілі бір нəтижеге қол жеткізуге болады. Қазақстан тəуелсіздігін алғалы бері бұрынғы кеңестік бір партиялы жүйеден эволюциялық жолмен көп партиялы жүйеге қарай даму жолына бет бұрды. Оған дəлел ретінде Елбасының 2000 ж. Қазақстан халқына Жолдауында айтылған: «Өткен он жылдың ішінде біз еркін сайлау өткізілетін, он алты саяси партия жұмыс істеп жатқан, оның төртеуі Парламентте өкілдік ететін қоғам құрдық. Екі жарым мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдары бар қоғам құрдық. Кəсіпқой екі палаталы Парламенті мен тəуелсіз сот жүйесі бар қоғам құрдық» деген сөз жолдарын келтірсек болады [1]. Олай болса, біз қазір Қазақстанда демократиялық тұрпаттағы саяси жүйенің жағдайына қалай қараймыз? Ізденуші ретінде мемлекеттік биліктің жоғары органдарының қызмет саласын терең зерттеген сайын, шешімін таппаған көптеген мəселелер мазалап, соғұрлым өткір, қиын сұрақтар туындайды. Республиканың саяси жүйесі, мемлекеттің қазіргі даму сатысы əлі де өтпелі сипатқа ие болып отырғаны баршаға белгілі жағдай.

Осы мəселе жайлы академик М.Т.Баймаханов 1994 ж., партиялар енді қалыптасып келе жатқан кезеңде, мынадай ой білдірген екен: «Құқықтық мемлекетке өту бұрын өмір сүрген бір партиялық жүйеден міндетті түрде ажырауды жəне біртіндеп көп партиялы жүйені қалыптастыруды көздейді. Бір партиялық жүйе, əдетте, заң үстемдік құратын тəртіп құру мен сақтау мүмкіндігін жоққа шығарады. Өзінің сипатына орай, алдымен, ол жекелеген асыра пайдалануға алып келсе, уақыт өте келе — тəлкек пен заңсыздыққа алып келеді. Көп партиялы жүйенің бір партиялыққа қарағанда,сөзсіз, бір артықшылығы бар: əрбір партияның, əсіресе парламентте көпшілік орынға ие жəне үкіметті құратын партияның əрекеттері — қалған партиялардың қатаң қарауында болады жəне оның заңды кішігірім бұзуының өзі жария болып, сынға ұшырайды» [2]. Сонда партиялық жүйенің қаншалықты маңызға ие екендігін білу үшін мынадай бір анықтаманы айтып өткіміз келеді, заң саласында мемлекет нысанын сипаттау үшін «саяси режимнің мемлекеттік басқару амалдары мен тəсілдерінің жиынтығы тұрғысында тар мағынасы да, сонымен бірге жеке тұлғаның демократиялық құқықтары мен саяси бостандықтарының кепілді деңгейі, ресми конституциялық жəне құқықтық нысанның саяси шындыққа сəйкес келу дəрежесі, билік құрылымдарының мемлекеттік жəне қоғамдық өмірдің құқықтық негіздеріне қарым-қатынасы сипаты тұрғысынан алғандағы кең мағынасында да маңызы зор», дейді Ресейдің белгілі мемлекеттанушысы В.Лазарев [3]. Ал, саясаттанушылар оны «бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыру əдістері мен құралдарының жиынтығы» деп түсіндіреді [4]. Жалпы, осы «саяси режим» термині мемлекет конституцияларында мүлдем дерліктей қолданылмайды жəне біздің еліміздің Негізгі Заңында да бұл термин көрсетілмеген. Оның орнына барлық конституцияларда саяси режимге қатысты мəселелерді реттейтін нормалар қарастырылады. Мұндай норма біздің қолданыстағы заңнамада да бар. Саяси режимге «билікті жүзеге асыру процесінде қалыптасатын жəне үстемдік құрушы саяси идеологияға жəне қоғамның саяси мəдениеті деңгейіне

 

 

 

Үй тапсырмасы:

1.Дәріс  бойынша презентация, слайд құрастыру.

2.Дәріс бойынша кесте құрастыру.

 

Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі:Тақырып бойынша тест құрастыру.

Сабақты қортындылау кезеңі: Берілген тақырып бойынша сұрақ жауап алу, рефлексия жүргізу.

Бағалау кезеңі: Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалау.

Үйге тапсырма беру кезеңі: Тақырып бойынша мәлімет дайындау.

 

 

 

 

 

 

Информация о публикации
Загружено: 17 декабря
Просмотров: 133
Скачиваний: 2
Мусина Гулипа Мардановна
Право, 11 класс, Уроки

Проверьте знания своих учеников интересными заданиями

Красочные наградные дипломы и сертификаты для участников, свидетельства и благодарности каждому учителю, ежемесячный розыгрыш ценных призов!

Скачать материал