Летние международные олимпиады для 1-11 классов Участвовать→
Конкурс разработок «Пять с плюсом» июнь 2021
Добавляйте свои материалы в библиотеку и получайте ценные подарки
Конкурс проводится с 1 июня по 30 июня

Тема урока: "Миграция тюрских племен"

Я учитель историй в Республике Казахстан, по этому план урок на казахском языке.
Просмотр
содержимого документа

Қазақстан тарихы

Класс: 7

Өтетін мерзімі:

Сабақ тақырыбы: Түркі тілдес халықтардың миграциясы

Мектеп:  Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:  Сұлтамұратов Б.Ә.

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

  • Түркі тілдес тайпаларының қалыптасуын түсінеді;
  • Түркі қағанаттарының Еуразияның саяси картасының өзгеруіндегі ролін түсінеді;

Сабақтыңмақсаты

Оқушылар:

Негізгі ұғымдарды пайдалана отырып тарихи оқиғаларды сипаттайды;

Картада негізгі оқиғалар мен құбылыстарды, олардың динамикасы мен даму жағдайын белгілейді;

Ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалар арасында байланыс орнатады

Тілдікмақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

миграция, ассимиляция,  әлеумет, әлеуметтік топ

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Түркі тайпаларының миграциясының  себептері...

...деректің негізінде келесі қорытындыларды шығаруға болады...

Алдыңғы білім

 

Қазақстан территориясындағы алғашқы тайпалық бірлестіктер мен мемлекеттердің пайда болуы мен құлдырауын біледі

Сабақкезеңдері

Сабақтаорындалуытиісіс-әрекеттер

Оқытуресурстары

Сабақ басы

«Ой қозғау»

 

 

 

 

 

 

 

«Мағыныны ажырату»

 

 

 

 

 

1. «Бұрын, бұрын, қазір, кейін, кейін» стратегиясы бойынша арнайы картина көрсетіп, сұрақ қою.

Осыдан кейін «Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай» деген сұраққа жауап айту.

Сабақ тақырыбы:Түркі тілдес халықтардың миграциясы Еуразия кеңістігіндегі тарихи оқиғаларға қаншалықты әсерін тигізді? осы сұраққа қандай болжам айтасыздар? Не себеп болуы мүмкін?  (Оқушылар өткен сабақтарда алған білімдеріне сүйеніп бірнеше болжам айтуы мүмкін. Жауап толық болмаса да құптап, біз әлі білмейтін жерлерімізді бүгінгі сабақта толықтыратынымызды айту).

2.Топқа бөліну: Өзен, көлдер, таулар

3. Cөздерін піл суретіне орналастырып жазыңыз. Дене мүшесінің әр жеріне орналастыру себептерін түсіндіріңіз.

(орыс тілді сынып оқушыларына орысша аудармасымен беруге болады)

forum-eurasica.ru

«Орта ғасырлардағы дүниежүзі» картасы.

http://www.istorik.ru/maps/#middle

«Түркі халықтарының этникалық құрылымы» картасы.

А – 3 форматты қағаздар, карточкалар, стикер, контурлы карталар.

Халық

Консолидация

этносаяси бірлестік

этнос

этноним

ұлт

 

Сабақ ортасы

«Ой толғаныс»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ соңы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

 

4. Мәтінмен жұмыс. «Құмырсқа»  стратегиясы  (randictation) тақырыпқа қатысты кілт сөздері бар мәтінмен жұмыс

Ережесі: Әрбір топ жеке тапсырма алады. Сол тапсырмаға сай ақпараттар сынып қабырғаларының әрбір жерлеріне ілінеді. Мәтін ішіндегі кілтті сөздер қарайтылған шрифтімен белгіленеді. Әрбір топтан бір оқушы жүгіріп жүріп топқа кілт сөздерді ретімен  айтып келіп тұрады. Топтағы бір оқушы жазып отырады. Таймердің дыбысы 1-2 минуттан кейін  уақыт біткенін хабарлайды. Келесі қадам. Мұғалім әр тапсырмаға сәйкес кілт сөздерді сұрайды. Барлық топтар сөздерін айтып шығуы керек. Қай топтың жауабы толық болса сол топ жеңімпаз болады. (таймер)

Кілт сөздер: Батыс түрік, Түрік қағанатының, Суяб, Түргеш қағанаты, Жетісу, Қарлұқтар, Таншу, Оғыз қағанаты, Янгикент, Қимақ қағанаты, Имақия

5. «Әңгімені кадрлап бөлу» стратегиясы бойынша мәтінмен жұмыс. Түрік халықтарының миграциясын анықтау үшін, белгілі бір сұрақ қойылады. Мысалы:

 1) 10 карточкаға бөлінген мәтінді топтарға қарап шығуға беру. Сыныпқа әр карточкадағы мәтін бойынша 10 сұрақ қойылады. Жылдам әрі дұрыс жауап берген оқушыларды марапаттау (мысалы, жұлдызша). 

 

Ережесі: Әрбір топтағы сұраққа бір рет жауап берген оқушы келесі ретте жауап бермей, басқаларға жол беруі керек. Топтағы жолдастарына дұрыс жауабы бар карточканы көрсетіп көмектесе алады. Ең соңғы карточка қалғанда сұрақты толық оқымай жартысын айтамын, оқушылардың өздері ол не туралы екенін жылдам айтады.

Карточкалар бойынша топтарға қойылатын сұрақтар тізімі (сұрақтардың көпшілігі түрлендірілген, оқушылар жауаптарын мағынасы бойынша табуы тиіс):

  1. Орта ғасырлардың бірінші кезеңінде жерімізде Түрік, Батыс түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз және қай қағанат өмір сүрген? (Қимақ)
  2. VІІғ. қимақтар қай жерді мекендеген? (Моңғолияның солтүстік-батыс аймақтарын)
  3. Оғыз қағанаты-ІХ ғасырдың аяғы –Х ғасырдың басында қай жерде құрылды? (Сырдарияның орта және төменгі ағысында)
  4. Түрік қағанатының территориясы шығыста Алтайдан бастап, ал батыста қай жерге дейінгі арлықты алып жатты? (Каспий теңізіне)
  5. Батыс қағанаттың орталығы қай қалада орналасты? (Суяб)
  6. Қарлұқтардың құрамындағы қай ру Алтай тауының баурайын мекендеп, Түріктер батысқа қарай жылжығанда, олармен бірге аттанып, Орта Азия жеріне дейін барған. (Бұлақ руы)
  7. Түріктің қай қағаны тұсында түріктер жужандарды жеңіп, кейін Ұлы даланың шығыстағы қожасына айналды. (Мұқан қаған)
  8. Түрік қағанаты қай жылы Батыс, Шығыс болып бөлінді? (603 жылы)
  9. Түргеш қағанаты-негізгі жер аумағы? (Жетісу болды)

6. Мәтінмен жұмыс жасап болған соң әр топқа белгілі тайпаны таңдатыңыз. 

Мәтіндегі деректі қолдана отырып, әр топ өз тайпасының көші-қон бағыттарын стикер қолдана отырып картада белгілейді.

Талдау және талқылау

Б Оқушыларғатүркі тайпаларының миграциясының қандай себептері болуы мүмкін сұрағын қойып көріңіз.

Сабақ соңында Рефлексия

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

 

 

 

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

 

 

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болатын қандай ақпаратты білдім?

 

 

 

Информация о публикации
Загружено: 17 декабря
Просмотров: 138
Скачиваний: 0
Султамуратов Бакытхан Адилбекович
Всеобщая история, 7 класс, Уроки

Проверьте знания своих учеников интересными заданиями

Красочные наградные дипломы и сертификаты для участников, свидетельства и благодарности каждому учителю, ежемесячный розыгрыш ценных призов!

Скачать материал