Үздіктің үздігі.
Ақпан айында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде аймақтық орыс тілі мен әдебиеті пәнінен мектеп, гимназия, лицей және колледж оқушылары қатысқан олимпияда өтті.Олимпиядаға «Сосновка орта мектебі» КММ нің оқушысы Нұрай Құрғамбаева қатысып, жүлделі 3 – ші орынды иеленді. Жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Б.Сатемирова.
Олимпияда екі бөлімге бөлінді. Бірінші бөлімінде оқушылар орыс тілі мен әдебиеті пәнінен тест жұмысын жазды. Ал екінші бөлімінде «Абайдың 175 жылдығына» байланысты Абай өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқып, қара сөздерінің мағынасын аша білді .
Ұстаздар ұжымы мен оқушылар - Нұрайға алдағы уақытта да жеңістің биігінен көріне беруіне тілектес.
«Сосновка орта мектебі» КММ нің
география пән мұғалімі Г.Б.Какимжанова