Летние международные олимпиады для 1-11 классов Участвовать→
Конкурс разработок «Пять с плюсом» июнь 2021
Добавляйте свои материалы в библиотеку и получайте ценные подарки
Конкурс проводится с 1 июня по 30 июня

Разработка урока: "Казахстан независимое, суверенное, светское государство."

Разработка урока "Казахстан независимое, суверенное, светское государство." предназначен для студентов СУЗов. Разработка на Казахском языке.
Просмотр
содержимого документа

 

Тақырып: 

Қазақстан-құқықтық, демократиялық. тәуелсіз, егеменді, зайырлы мемлекет.

Уақыты:

Тобы:

        Ақтөбе қаласы ҚазГЗУ колледжі

 

Мұғалімнің аты-жөні: Сұлтамұратов Б.Ә.

 

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Белгілі бір оқыту мақсаты:

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясатындағы басымдылықтары қандай?

Сабақтың  мақсаты:

Қазақстанның халықаралық саясаты (ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат) және оның артықшылықтар ы туралы білімдерін қолдана отырып, оларға әсер ететін факторларды талдау

Тілдік міндеттер:

Эссе жоспарлайды, жазады және бір-бірінің жұмыстарына шолу жасай алады (сөйлеу, тыңдау, жазу және оқу дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология. Геосаясат Халықаралық саясатта қолданатын әдіс-тәсіл Ұлттық қауіпсіздік басымдылықтары Сыртқы саясат шектеулері саясат, саясаттар, халықаралық қатынастар, жергілікті, факторлар, әсер география, демография, шекара, мемлекет, аймақ, әрекеттестік, күш, экономика, қауіпсіздік, стратегия, ресурстар.

Пайдалы сөз тіркестері: Геосаясат ... сыртқы саясат сараптамасының әдісі. Басқа да әдістемелер бар... Ағымдағы аймақтық геосаяси жағдай...

Жоспар:

Уақытты

жоспарлау

Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар:

Дерек көздері

Басы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңы

I.Қызығушылықты ояту:

Ортағасырлық будда монағы Нитирэн «Өзіне тыныштық тілесең, айналаңның бейбітшілігі үшін дұға қыл» деп жазған екен.

Осы сөздерді талдап, сабақтың тақырыбын ашып көріңдер?

Оқушылар жұппен талдау жасайды. Оқушылардың жауаптары.

II.Миға шабуыл.(Білу, түсіну)

Сыртқы саясат деген не?

(Сыртқы саясат - халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат. Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді. Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет сыртқы саяси қызметті атқарады. Мемлекеттің сыртқы саясаты сыртқы және ішкі факторлар ықпалымен қалыптасады. Сыртқы саясатты жүзеге асыру түрлері: мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату; мемлекеттің халықаралық ұйымдарда өз өкілеттілігін ашу немесе оларға мүше болу; мемлекеттің басқа мемлекет өкілдерімен әр түрлі деңгейлерде тұрақты немесе аракідік байланыстар орнатуы. Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал - екі жақты немесе көпжақты келісімдер мен келіссөздер).

Сыртқы саясаттың бағыттарын атаңдар.

Ескертпе:

Мұғалім студенттердің алдыңғы алған білімдеріне негізделеді. Мәселелерді анықтау барысында берген жауаптарын тақтаға жазып  отырады.

(Т) ІІІ Тапсырма: Берілген ақпаратты топтастыру. (Анализ жасау).

Ескертпе: Студенттер топта талқылай отырып берілген карточкаларды топтастырады. Екі топқа ма, әлде үш, төрт топқа бөлуі мүмкін. Бірақ өз ойларын дәлелдеу керек.

 

Сыртқы саясаттағы басым бағыт қазіргі заманның қыр көрсетуіне  қарсы тұруға қабілетті және ұзақ мерзімді ұлттық басым бағыттарды  қамтамасыз етуді көздейтін белсенді, жан жақты және тепе-теңдікті  ұстанған сыртқы саясат болып табылады.  Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары және принциптері: 

  • республиканың егемендігі мен территориялық тұтастығын қорғау; 
  • ұлттық қауіпсіздік жүйесін құруға Қазақстанның қатысуы; 
  • халықаралық құқық негізінде тікелей келісім арқылы тек бейбіт жолмен қақтығыстарды  реттеу; 
  • барлық мемлекеттердің өздерінің қарулы күштерін қысқартуына қол жеткізу;
  • дүниежүзілік экономикаға қосылу; 
  • барынша бәсекелестікке қабілетті әлемнің 30 елінің қатарына Қазақстанның енуі; 
  • әділеттілік және өзара түсіністік негізінде барлық мемлекеттермен достық қарым-қатынасты дамыту;
  • халықаралық терроризммен және есірткі саудасымен күрес; 
  • діни экстремизмге қарсы әрекет жасауға бағытталған саясат;
  • қазіргі заманның ғаламдық проблемаларын шешу.
  • Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту  басым  бағыт  ретінде  жалғасуда. Азия мен Таяу Шығыстың басты елдерімен өзара іс-әрекеттің үлкен маңызы бар. 
  • Дүнииежүзілік сауда ұйымына тезірек кіру болып табылады.
  • Сыртқы саясатта ынтымақтастықтың Шанхай ұйымы, ЕврАзЭС айырықша маңызға ие болады. 
     

(Т) ІV. Тапсырма: «Секторлық диаграмма» әдісі бойынша 4 басымдықтарды таңдап алып, дөғгелек диаграмма арқылы олардың  маңыздылығын  көрсету, дәлелдеу.(Синтез)

 

 

Ескертпе: Алдымен студенттер басым 4 басым бағыттарды анықтау керек. Сосын басым бағыттарды маңыздылығына қарай ең жоғары пайызбен, маңыздылығы төмен бағытты төмен пайызбен белгілеп, өз ойларын дәлелдемелер келтіре отырып қорғау керек.

(Б) ІV. Ой толғау. (Қолдану)

Тапсырма: «Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді» деген сөз тіркесті түсіндіріңдер.

 

Презентациямен жұмыс. Ақпаратпен танысу. (Білу, түсіну).

Презентациядағы ақпарат:

 

1 слайд. Ұлттық Қауіпсіздік - азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, психологиялық және тағы басқалар) ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығы. 2 слайд.Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден түрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі.

3 слайд.Сыртқы ұлттық қауіпсіздік - ұлттық мүдделердің, ұлттық құндылықтардың, байлықтың және өмір салтының сырттан келетін қауіп-қатерден қорғалуы.

4 слайд.Ұлттық қауіпсіздік әскери жолмен де, басқа да әдістермен бұзылуы мүмкін, мыс., шекара арқылы заңсыз шикізат, ресурстар, валюта, көркем және өзге құндылықтарды енгізу, алып өту, өнеркәсіптік немесе өзге де тыңшылық, рухани басакөктеу, іріткілік ақпарат тарату және тағы басқа. Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігі халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын мойындап, қорғауға негізделеді және белсенді сыртқы саяси және өзге де әрекеттермен жүзеге асырылады.

5 слайд. Ішкі ұлттық қауіпсіздік жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, дамуына эсер ететін қауіпқатерден қорғануы.

 

(Т) V. Тапсырма: Ой қозғау.  Сыртқы  саясатқа әсер етуші факторларды талдау. (білу, түсіну, қолдану, анализ)

 

Ескертпе: Әрбір студент/топқа мемлекеттің геосаяси жағдайына әсер ететін басты географиялық айнымалылары беріледі,

мысалы:

  • географиялық орналасуы
  • көлемі
  • климаты
  • топографиясы
  • демографиясы
  • табиғи ресурстары
  • экономикалық және технологиялықдамуы
  • саяси тұрақтылығы
  • әскери индустриалды әлеуеті.

Әрбіртоп өздерінің «пікірлерін» толықтыратын 3-5 фактіден тұратын 5 минуттық презентация дайындайды.

 

Мұғалім: Қазіргі саяси проблемаларды зерттеудің салыстырмалы түрдегі өз алдына жеке бағыттарының бірі – геосаясат. Геосаясатты талдаудың өзіндік ерекшелігі саясаттың кеңістік - географиялық факторларын қарастырумен, макросаяси үрдістерді зерттеумен, тұрақты және ұзақ мерзімді сипаттағы құбылыстарды ашатын ұғымдар мен категорияларды кеңінен қолданумен байланысты.

Геосаясат – сыртқы  саясатты  географиялық  факторларға (аумағына, ауа  райына, қазба  байлықтарына  т.б.) байланысты  жүргізетін  саясат. 

Презентациямен жұмыс:

1 слайд. Геосаясат - сыртқы саясат сараптамасының әдісі, қазіргі саяси проблемаларды зерттеудің салыстырмалы түрдегі өз алдына жеке бағыттарының бірі. 

2 слайд. Геосаясаттың дәстүрлі элементтері:

  • географиялық жағдайы;
  • ұзындығы;
  • үйлесімдігі;
  • жерқойнауы( табиғиресурстар);
  • ландшафт;
  • климат;
  • демографиялық сипаттама      ( халықтың көлемі және құрылымы, оның сапасы ) т.б

Геосаясаттыңдәстүрліемесэлементтері:

  • жаппайқырып – жоюқаруыныңпайдаболуыжәнетаралуы, (зымыран – ядролық,  биологиялық);
  • миграциялық үрдістер;
  • жаһандықкоммуникацияныңкеңейтуі, ақпаратжәнебайланысқұралдарыныңдамуыменбайланысқангеоақпараттықүрдістер( әсіресе, ғаламтордыңжаһандықжелісі, ғарыштықжәнемобильдібайланыс).

 

Б) VI.  Тапсырма: Жазылым. Мәтінмен жұмыс. (білу, түсіну, анализ, бағалау)

Мәтінді оқып шығып (a), (b) және (c) пунктеріне жауап беріңіз.

 

a) «Геосаясат халықаралық қатынастар Теорияларында өзіндік бағыт болып ХІХ ғасыр соңы мен  ХХ ғасыр басында қалыптаса бастады.»деген сөз тіркесі нені білдіретінін сипаттаңыз. (1 - жол).             

b) «Бұл «жер ортасы» немесе Хартленд (Еуразия) теңіз империяларының ықпалы жүрмейтін «əлемдік саясаттың осі» болып табылды. Макиндер кім Хартлендке бақылау орнатса, ол «əлемдік аралға», ізінше бүкіл əлемге бақылау орнатады деді.» деген сөйлеммен автордың не айтқысы келгенін түсіндіріңіз. (11 - жол).

 

с) Сыртқы саясатты сараптауда геосаясат әдісін бағалаңыз.

 

Үй жұмысы.

(Б) VIІ.  Тапсырма: Шағын топтық жұмыс жүргізу арқылы студенттер факторларды өткен, қазіргі және болашақ деп бөліп жазулары қажет. (Анализ, синтез)

Сыртқы  саясатқа әсер еткен факторлар

(өткен)

Сыртқы  саясатқа әсер етуші факторлар (Қазіргі)

Сыртқы  саясатқа әсер ететін факторлар (Болашақ)

 

 

 

 

 

 

http://malimets.clan.su/publ/sajasattanu

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саяси түсіндірме

сөздік. – Алматы, 2007.

 

http://malimets.clan.su/publ/sajasattanu

 

Панияз Т.П.

Геосаясатжәне

Геосаяси

классикалық

теориялар

хақында

http://topreferat.znate.ru/

pars_docs/refs/58/57939

/57939.pdf#page

 

www.kitaphana.kz 

 

 

 

Н.Ә.Назарбаев

Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан

http://mapyourinfo.com/wiki/kk.wikipedia

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=10629&Itemid=2

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі дүние (оқуға және үйренуге қатысты)

1.

2.

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқуға және үйренуге қатысты)

1.

2.

Осы сабақтың барысында мүмкіндік барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?

1.

2.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о публикации
Загружено: 17 мая
Просмотров: 63
Скачиваний: 0
Султамуратов Бакытхан Адилбекович
Всеобщая история, СУЗ, Уроки

Проверьте знания своих учеников интересными заданиями

Красочные наградные дипломы и сертификаты для участников, свидетельства и благодарности каждому учителю, ежемесячный розыгрыш ценных призов!

Скачать материал