[Уже через 5 дней!] Итоговая онлайн-конференция «Образовательные методики и технологии 2020/21» Подтвердить участие→
Конкурс разработок «Пять с плюсом» декабрь 2020
Добавляйте свои материалы в библиотеку и получайте ценные подарки
Конкурс проводится с 1 декабря по 31 декабря

Разаботка внеклассного мероприятия"Ер есімі-ел есінде"

Можно использовать на уроках истории, казахского языка и литературы. Собран материал о герое ВОвойны , снайпере Толеубек Абдиков.
Просмотр
содержимого документа

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Ер есімі – ел есінде»


Сабақтың мақсаты: Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы, қазақ халқының атаусыз қалған батыры мен таныстыру. Оқушыларды батылдыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Айгуль Кемелбаеваның «Снайпер.  Номер 397 »  әнгімесімен таныстыру. Бас кейіпкері,Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық  батыр атамыз , жерлесіміз Төлеуғали Әбдібековтың  ерлігі жайлы мағлұмат беру .
Көрнекіліктері : слайдтар, Төлеуғали Әбдібековтын суреттері, Айгуль Кемельбаеваның әнгімесі «397Атқыш», қанатты сөздер, мақал-мәтелдер,видео деректілер.
Сабақ барысы
                І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың негізгі бөлімі

III.Қорытынды бөлім.

 
https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/9_mamyir_2015/28175/
Барысы :

  1. C:\Users\User\Desktop\unnamed.jpgC:\Users\User\Desktop\67ba91bb74713793a51deb4b315b4619.pngҰйымдастыру кезені

Сабақ мақсатымен таныстыру

1 - слайд     

 

 

Экранда  Айгуль Кемелбаеванын және «Снайпер.  Номер 397»  кітабінің сүретін көрсету. Онда бірінші бетінде: «Соғыс аяқталғанына 70 жыл өтсе де белгісіз солдат болып, атаусыз қалған батыр, атқышшыл ер Төлеуғали Әбдібековтың рухына арнаймын.»- деп жазылған

Бүгінгі тәрбие сағатымыз Төлеуғали Әбдібековтың  атамыздың балалық шағын, ұшқан ұясын, өнегелі өмірін, сонау сұрапыл жылдардағы ерлігін, әскери өмірімен ұлағатты істерін танып білуге арналады.

Ал енді , балалар Ұлы Отан соғысы қалай басталғаның  теледидардан  мына бейнефильмге назар аударайық.

(Бейнефильм. Левитан даусы,1941жыл, танғы сагат 4.00)

https://www.youtube.com/watch?v=mityZWUMSxg

Міне өздерін көргендей, тұтқиылдан болған бұл соғыс Ұлы Отан соғысы деп аталды. Себебі  сол кездегі Кенес одағы алдында бірақ мақсат тұрды. Ол- Отан қорғау еді. Ынтымағы жарасқан он бес одақтас елдің азаматтары майданға өз еріктермен, зор намыспен, аса жауапкершілікпен аттанды. Тіпті жасы жетпесе де, өздері сұранып барған жас жігіттеріміз бен қыздарымыз  да болды. Қазақтын жігерлі ұлдары, батыр қыздары асқан ерлік көрсетіп, елімізді жаудан қорғады. Женіс туын желбіретті. Ал қанша боздақтар ұрыс даласында ерлікпен көз жұмды. Сондай қайсар рухты қазақтың бірі -  Төлеуғали Әбдібеков атамыз.
 

1 оқушы: Айгүл Кемелбаева - 1965 жылы 21 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылында туған. 1984 — 1987 жылдары ҚазМУ-дің журналистика факультетінде оқыған. 1989 —1994 жылдары Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының негізгі (проза) бөлімін бітірді.   Республикалық «Абай» журналының ғылыми қызметкері. «Жетінші құрлыққа саяхат» атты балаларға арналған повесть және «Тобылғысай», «Мұнара» атты әңгімелер жинағының авторы. Республикалық баспасөзде 100 шақты әдеби-зерттеу мақалалары, эсселері, аудармалары жарияланған.  1983 жылы «Жалын» баласының республикалық жабық конкурсында балалар әдебиетіне арналған ІІ жүлдені, 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы қүрметіне жарияланған шығармашылық конкурста ІІІ орынды иеленді. Жастар одағы мен Журналистер одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты (1998). Сорос-Қазақстан — Дебют конкурсының лауреаты. Сорос Қазақстан қорының «Қазіргі заманғы қазақстандық роман» атты конкурсының жеңімпазы (2000). Бірнеше дүркін республикалық, халықаралық бәйгелердің жеңімпазы болған. «Қазақ хандығына 550 жыл» шығармашылық бәйгесіне!  Соғыс аяқталғанына 70 жыл өтсе де белгісі солдат болып, атаусыз қалған батыр атқышшыл ер Төлеуғали     Әбдібековтың рухына «Снайпер.  Номер 397 » әнгімесін арнайды.Әнгімеміздін бас кейіпкері Төлеуғали     Әбдібеков Айгуль Кемельбаеваның  Насырхан атасынын ортаншы ұлынын баласы.

C:\Users\User\Desktop\42_tn3.jpgC:\Users\User\Desktop\bigcover.pnghttps://tilalemi.kz/img/books/7270560.jpg   

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=XReZ7aYJoBs

2 оқушы: Атасы немересін қарғадайынан еркек бала деп сауысқаннан сақ болуға, тұтқиылдан тиген қатерден қорғануға баулыды. Бала жер қозғалса қозғалмайтын ерен сабырлы болуды үйренді. Қысылтаяңда қымс етпес ересек немересін Насырхан аңға жалғыз жіберетін болған.. Құндыздыда әжептәуір ауқатты тұқымдар бар. Колхоз берген бірер пұт бидайды жасырып, қабырғаны қуыс етіп, балшықпен  сылап тастайды, алты ай қыста балаларға азық. Таң ағара бастаса, Төлеуғали  атын тебініп жүріп кетеді, ат басын бос қояды, жылқы тұяғы қайтар жолды жаңылмай табады. Құралайды көзге атқан қас мерген атанған. Кәнігі аңшылар ол атқан аңның оқ тиісіне қарап басын шайқайды. Оның алғашқы олжасы мүйізі қатпар-қатпар құлжа болатын. Насырхан атасы аңшылықта жолы болмайды, немеремнің несібесі кетеді деп ешкімге байлатпай қойған. Сол құлжа мүйізінен отқа иіп, атасы пышаққа сап жасап берді.

Құндызды мен Қарашоқы арасы адыр-адыр төбелер. Арқада жаздыкүні өзен-су мол арналы, жазғытұры аттылыны ағызып әкетердей күркірей, долдана ағады. Құлжалары мүйізі көк тіреп, тау басында жақпар таста ұшар құстай тізіліп, арқарлар тұрады.Елді ашаршылық жайлаған Голощекин сор заманы. Қара жолдан шұбатылып аштар өтеді, кейі жығылып, сүрініп, жерге құлап жүреді.

3оқушы: Он алтыға жасы толмаған Төлеуғали астындағы жүйрік атына сенеді, жылқы жануар алға қарай баспай қойса, ұрымтал тұс бір қатерді жазбай сезгені. Бала бердеңке мылтық, дырау қамшы, қырқар ұстайды. Мұнда ертеректе барымтада сыбан мен тобықты аңдысқан. Төлеуғали ата жұрты мен нағашы жұртының небір қызықтарына қанып өсті. Мергеншілік, атбегілік, құсбегілік, аңшылықпен қатар барымта бір серуендей көрінетін. Совет үкіметі ұрлыққа тыйым салып, барымташыны банды деп жариялаған.Кісебайдың майлы бұлағы деп аталатын керемет мөлдір сулы тас бұлақ бар. Жынтасқа қарай жолда Қызылағаштың терең сайы бар. Баяғы кездің үйірлі жылқы айдаған байлары қыста жылқысын қамайды. Егер сай лық толса, жылқы саны түгел деп есептеген. Айпар, Жайпар, ағайынды қос ұры, руы сыбан, әккі, ержүрек, осы сай арқылы небір қатерлі қуғыннан қашып құтылатын көрінеді. Ақ патша әскері соңына түскенде ең қиын шатқал, сарқыраған су арқылы жердің тесігіне  кіріп кеткендей жоқ болады екен. Төлеуғали сол тұсқа барса, бұлаққа соқпай кетпейді.

4оқушы: Үбіге таяй бергенде қалың тоғайды ел Қараханның  шілігі деп атайды. Үбі руы сыбан Қарахан мен Өзіханның ата қонысы.  Өзіхан мал-жанын ертіп, жат өлкеге өтпекші болғанда ауылда сатқын біреу НКВД бастығы Қарасартовтың құлағына жеткізген. Өзіхан ерен мерген, қасындағыларға сендер жүре беріңдер, қуғынды мен бөгеймін депті. Бір милиционер дәл көздеп атып, байды аттан жұлып түсіреді. Қасына таудан жүгіріп жетсе, ауыр жаралы Өзіхан әлі өлмеген екен. Ағыбайдың кезеңінде көк тіреген тік қия бар. Ағыбай, руы тобықты, ол екі ұлымен қызыл әскерлермен атысып өлген. Төлеуғали атыспақтан қашпас еді. Әттең, екіталай мезетте Өзіхан мен Ағыбайдың қасында болса ғой, сол шейіт ағаларын жан аямай қорғар еді! Елде банды шыққан кез.Үкімет пәленшені жазалапты, түгеншені жер аударыпты; Көкбай ақынның ұлын түрмеге айдап әкетіпті, атылатын статья екен; Шәкерім қажыны көмусіз қалдыртыпты деген астыртын хабарлар сыбырлап естілетін.
2 – слайд

5оқушы: 1937 жылы Семейде үлкен баласы Кемелбайды халық жауы деп үкімет ұстап әкеткен соң  Насырхан ортаңғы ұл мен немересі Төлеуғалиға ауылдан бой тасалап, темір жол бойын жағалап оңтүстікке, болмаса Ноғайсібірге ауып кетіңдер деп бұйырды. Конфескеден бір, халық жауының туысы деген атақтан екі шошынды. Мақтааралдан майданға аттанған сәтте Төлеуғали әр тасын білетін Арқадағы ата жұртын сағынып, қимай көз алдына келтірді. Ол соғысқа кетерінен екі ай бұрын үйленді. Жас келіншегі Несіпкүл артында жылап қалған.Төлеуғали Әбдібеков анкетадағы «Туыстарың сотталды ма?» деген сауалға: «Дядя Кемелбай Насырханов репрессирован» деп бадырайта жазып бергенде, кекті кеудесін күйік шалды. Мейлі, үкімет білсе білсін, өлсе өтірік айтпайды!

3 слаид

C:\Users\User\Desktop\unnamed (2).jpg6 оқушы: Алматыдағы атқыштар клубынан өзара таныс, түй құрдас Төлеуғали мен Әбіл соғыста жұбы жазылмас дос болды. Кіші лейтенант Әбіл Нүсіпбаев Жамбыл облысы Қордай асуының тумасы.Бөренеден адам жасап, басына каска, үстіне шинель кигізіп, арлы-берлі қозғаса, фашист снайпері оқты ағашқа дәл тигізетін. Тобықты нағашысы Шоңбай атадан естіген әнгімелері есіне түскенде сағыныштан оның көзіне жас оралды. Қайран туған жер, Тұлпарбасқан, Қабанатқан, Қылышбек, Саға, Жынтас, ойдым-ойдым шоқ тоғайлы шатқал, терең сай бөрісі қалың тұс еді-ау. Сонда қаймықпай жалғыз жортқан кездері енді тіріде түсіне кірер ме! Ақпан бөрі айы, қақаған қыс. Әппақ дүние. Қар төпеп қалың жауды. Ол бұрынырақ әскерге Хабаровск өлкесіне алынған. Сібірдің томырық тоң аязына Арқа жонында бұлаңдап өскен жігіт елең етпейтін. Уақыт, үрей, аяушылық бәрі адыра қалды. Еркек тоқты құрбандық. Құрбандарды қылға тізіп, қасында қосалқы серігі қалт жібермей санайды. Соғыс заңы. Атасы бар болсаң, бергеніңді айтпа,  ер болсаң жеңгеніңді айтпа деуші еді.

 

7 оқушы: Полкта мергендігімен аты шыққан Төлеуғали Әбдібеков Холм қаласы үшін шайқаста үш күнде 67 фашистті жойды. Великие Луки үшін қырғын шайқаста атқышшыл ер ерен көзге түсті, 87 солдат. 1942 жылы соңғы айында Төлеуғали Әбдібековтың құртқан дұшпаны саны 219 болды.

Снайперлер ажалды ұқпайды, оның бұйрық құзырына көзсіз бағынып, өлім уытын қабылдамайды. Снайперлерге Совет Одағы батыры атағы көбінесе өлген соң берілетін. Әбіл минаға ұрынып, қаза болғанда командир досының винтовкасын Төлеуғали Әбдібеков қабылдап алған. Әбілден айрылу дос көкірегін қаусатып кетті.

Мелихово деревнясы маңында 1944 жылы қыста Төлеуғалидың жақын досы, барлаушы Григорий Постольников қаза тапты. Гриша Атырауда қазақ арасында жетім өскен бала екен, кіші жүз, он екі ата байұлы, руым ысық, нағашым жаппас деп қалжыңдап қояды. Қазақшаға судай, қазақтай аңқылдақ, сөзге шешен, ұрыс біткен соң жертөледе Мұхиттың әні «Айдайды» шырқап салды. Төлеуғали тумысынан бауырмал еді, Гришаны бір туған інісіндей жақсы көріп кетті. Әуелі Әбіл күзде, Гриша 23 қаңтарда қаза тапқанда Төлеуғалидың кеудесі ат басындай шерге толды. Біртүрлі сұлқ қалған.

 

8оқушы: Төлеуғали Әбдібековтың көздегенін қалт жібермейтін снайперлік қуатын қарсы жақ «қарғыс», «оба», «қара өлім» деп атады. Орыс емес бөгде атқыштың көзін жою операциясын Берлинде снайперлер мектебінің жетекшісі майор Конингс әзірледі. Фашистік Германияның ең таңдаулы  снайперлері Маттиас Хетценауэр, Бруно Суткус, Фридрих Рейн жойған жау солдаттары есебімен салыстырғанда құрбандық саны әлдеқайда асып түскен шығыс майдандағы мергенге ас-снайпер тағайындау туралы бұйрық жоғарыдан түскен. Бұл 20 жасар ас-снайпер Иозеф Аллербергер майдан шебіне әлі жетіп үлгермеген уақыт. Ол 1944 жылы жазда ұрысқа кірісіп, Қызыл Армияның 345 офицері мен солдатын жойып жіберді.Темір крест алған  ересек ас-снайперді батыс майданнан алып, Москва түбіне, Калинин майданына жіберді. Аңдысқан қос снайпердің көздеген мақсаты біреу: бір-бірін о дүниеге, дереу ата-бабасына аттандыру болатын.

C:\Users\User\Desktop\SeppAllerberger.jpg23 ақпан 1944 жыл. Совет армиясы күні. Калинин майданында сүйектен өткен суықта, мұз жастанған атқышшыл ер қарсылас мықтымен жекпе-жекте күнұзақ аңдысып отырды.. Неміс снайпері Төлеуғали Әбдібековтың қыл мойнынан оқ тигізгенде, бұл қарсыласын қақ маңдайдан дәл көздеп, шүріппені басып үлгерді.  Нөмір  397.

 

 

 

 

9 оқушы: Төлеуғали Әбдібековты Калинин облысы Сокольничий ауданы Насва-Нова станциясының солтүстік-шығысына жерледі. Жақын жерде оның қандасы, пулеметші батыр қыз Мәншүк Мәметова жатыр. Соғыстан соң Айдархан Ахметов Фрунзеге тірі оралған: «Майданда снайпер қос қазақпен бірге болдым. Әбіл Нүсіпбаев пен Төлеуғали Әбдібеков. Екеуі ағайынды қоңыр қаздай бір-біріне ұқсайтын, сұңғақ бойлы, аққұба өңді жігіттер. 1942 жылдың қазан айында екеуі тосқауылға шығып, алғы шепте құпия атыс ұяларында жұбы жазылмай бірге жүрді», – деп естелік жазды.

Соғыста Рокоссовский, Говоров, Василевский, Толбухин сияқты қолбасшылар қарапайым солдат өмірін қызғыштай қорғауды білді. Бірақ сенбестік пен қаталдық соғыс ызғарынан бетер есіп тұрды.

C:\Users\User\Desktop\10084413.jpgC:\Users\User\Desktop\7783093.pngC:\Users\User\Desktop\Снайпер_Тулеугали_Абдыбеков.jpg

 


 

 

 

                      

1916 жылы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының аумағында Абдыбек Насырхан отбасында дүниеге келген. Қазақ.

Аң аулаумен айналысты, оның аңшылық олжалары бұрынғы аңшылар мен ақсақалдарды таң қалдырды.

1932 жылы туысының шақыруы бойынша Төлеуғали Оңтүстік Қазақстанға, "Пахта-Арал" совхозына көшіп келді. Осы жерден қызыл әскер қатарына шақырылды, Хабаровск өлкесінде қызмет етті. Қызметін аяқтағаннан кейін Төлеуғали туған совхозға оралып, мақта өсіру бригадасын басқарды. Әйелі-Абдыбекова Найсымкуль.

1942 жылдың мамыр айында Шымкент облысынан келген жаңа әскер тобымен Тулеуғали Калининский майданға келді. Мергендер болды. 1942 жылы 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының әскери іс-қимылдарының қысқаша есебінде дивизия мергендерінің екінші слетіне 1942 жылы желтоқсанда аға сержант Абдыбеков 219 фашистті құрықтады. Ол қаза болғанға дейін 397 фашист қаза тапты.

C:\Users\User\Desktop\10079258.jpgC:\Users\User\Desktop\10076863.jpg

 

3 - слайд

Соңғы жекпе - 1944 жылдың 22 ақпанында неміс снайперімен соңғы дуэль Әбдібекова болды. Әбдібекова сауықпады,өйткені ол суық болды және бір сәтте неміс снайпер оны басып озып, бірінші рет атып тастады. Абдыбеков ауыр жараланды, бірақ неміс мергендерін атып өлтірді. Ол соңғы жойылған жау болды.

C:\Users\User\Desktop\Без названия.jpgC:\Users\User\Desktop\abdebekov1-1.jpg23 ақпанда Әбдібеков 6-ші медициналық-санитарлық батальонда алған жарақаттан қайтыс болып, өзінің қаза тапқан досы — Калинин облысы (Қазіргі Псков облысы) Новосокольничий ауданы Насва станциясының солтүстік-шығысына қарай Григорий Постольниковпен бірге жерленді. Соғыстан кейін Псков облысының Монаковоауылында бауырлас әскери зиратта қайта жерленген.
 

C:\Users\User\Desktop\unnamed (1).jpg

 

 

 

4 - слайд
Жады

Қаза тапқан батырдың зиратында № 2916 мергендік винтовка жас мергендер, гвардия қатардағы жауынгері Әшірәлі Османалиевке тапсырылды.

Қазіргі уақытта № 2916 мергендік винтовка Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұражайының экспозициясында орналасқан.

5-слаид

Марапаттар

C:\Users\User\Desktop\i.jpgC:\Users\User\Desktop\06.pngЛенин ордені; 1-ші дәрежелі Отан соғысы ордені; Қызыл Жұлдыз ордені; Қызыл Ту ордені.

C:\Users\User\Desktop\18.png

IV . Тәрбие сағатын бекіту.

Сонымен,балалар Тулуеғали атамыз- нағыз ұлтжандылықтан туған ұлы тұлға. Оған қандайд дәлеліміз бар, батыр бойындағы қандай қасиеттерді үлгі етеміз?


 

 

 

 

 

 

IV. Қорытынды:

C:\Users\User\Desktop\10084458.jpg 1941 - 1945 жылдардағы соғыстың ерлікке толы қаһарлы жылдары барған сайын бізден алыстап тарихқа кетіп барады. Жеңіс күні бізге ең алдымен бейбітшіліктің бағасын ұқтырды. Миллиондаған адамның өмірі мен қолға тиген 1945 - жылғы Жеңіс күні бізге қымбат. Біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата - әжелеріміздің әңгімесінен соғыстың не екенін түсініп, жанымыз түршігеді. Қан майданда өздерінің жас жанын қиып, жаумен шайқаста ерлік көрсеткен ата - апаларымыздың рухына мәңгі тағзым етеміз. Оларды әрқашан жадымызда ұстаймыз.
Қайтыс болғаннан кейін Төлеуғали Әбдібекова тек І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды. Мұндай кейіпкер үшін уақытында бағаланбаған, себебі атақты мергеннің ағасы Кемелбай репрессияға ұшыраған.

Төлеуғали тиесілі №2916 Винтовканын  әскери куәлігі бар. Бугінгі кунде Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайында сақтаулы. Ал батырдың немересі Айгүл Кемелбаева, прозашы және журналист, өзінің ағасының ерлігі туралы сценарий жазуды армандайды.

. https://youtu.be/PvkCxiK66bg

Қаһарман-жауынгер Әбдібеков өз Отанын айрықша сүйген, өмірінің соңына дейін әскери антқа адал болып, гвардияшы-панфиловшы лауазымын қадір тұтқан. 1942 жылдың қарашасында әскер достарының алдында өз өмірінің мақсаты туралы былай деп айтқан: «Мен – Гвардияшымын. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Мен Гвардия туын сүйіп, осы тудың астында соңғы демім қалғанша, жеңіске жеткенше 28 гвардияшы-қаһарман қалай күрессе, дәл солай дұшпанмен арпалысамын деп ант етемін». Әбдібеков Төлеуғалиды «Халық Қаһарманы» атағына ұсынатын кез жетті, бәріміз өтініш білдіріп, осынау тарихи әділетсіздікті түзеуіміз керек деп ойлаймын! 

 

Информация о публикации
Загружено: 5 июня
Просмотров: 192
Скачиваний: 0
Имя не указано
Классному руководителю, 8 класс, Классные часы
Скачать материал