ПУБЛИКАЦИЯ: "ЭКОНОМИЧЕСКАЯ РЕФОРМА - ВЕДЕТ К СОЦИАЛЬНОЙ УСТОЙЧИВОСТИ"

ПУБЛИКАЦИЯ: "ЭКОНОМИЧЕСКАЯ РЕФОРМА - ВЕДЕТ К СОЦИАЛЬНОЙ УСТОЙЧИВОСТИ" ДЛЯ ПРЕПОДАВАТЕЛЕЙ ДИСЦИПЛИНЫ ЭКОНОМИКИ.
Скачать материал
Просмотр
содержимого документа

ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМА - ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ

 

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда қойып отырған міндеттерінің бірі- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы. Әсіресе, жеке меншіктің нақты өмірге жүзеге асуы және орта таптың қалыптасуының мемлекетімізде артқан сайын еліміз көркейіп, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады. Сонымен бірге, шағын және орта кәсіпкерлік – экономиканың тиімді әрі нәтижелі секторы. Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыссыздықты жоюда, нарыққа қажетті тауарларды жеткізуде, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде және экономиканы тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады.

Бірақ, шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдаулар және әкімшілік реттеу жүргізіліп жатқанмен, шағын кәсіпкерлік қызметтің нәтижелері әлі де жоғары деңгейде емес. Шаруашылық салаларын алатын болсақ, саудадан басқа жерде шағын және орта кәсіпкерліктің жетекші ықпалы байқалмайды.

Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруға байланысты міндеттерден басқа, мемлекет, кәсіпкерлікті қаржылық, ақпараттық-сараптамалық және материалды-техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша қызметтер атқарады. Қолдаудың бұл нысандарының барлығын мемлекеттік атқарушы органдары арқылы жергілікті және аумақтық деңгейде қабылданатын әр түрлі бағдармалардың көмегімен де, әр ұйым капиталының қатысуымен осы үшін арнайы жасалған стратегиялар көмегімен де жүзеге асырады.

ҚР Призидентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Жолдауында: «Мемлекет жұмысының негізгі бөлігі Қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ. Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20%  орнына кемінде 50%  өндіретін болады. Еңбек өнімділігін 5 есеге- кәзіргі 24,5 мыңнан 126 мың долларға дейін арттыру керек» деп шағын және орта кәсіпкерліктің маңызын атап көрсетті.

Осы орайда елімізде көптеген шаралар жүзеге асуда. Олардың қатарында:

- шағын және орта кәсіпкерлік еліміздегі жұмыссыздықты азайтудың негізгі нысаны. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарлама жүзеге асқалы бері, елді- мекен тұрғындарының табысы 6% артты. Кедейшілік деңгейі 5,9% дан 3,8%- ға қысқарды.

- Мемлекет тарапынан қаржы-несиелік және инвестициялық климат жасалып, шағын және орта кәсіпкерлікке қаржы-несиелік және инвестициялық тұрғыдан қолдау жүргізілуде.

- Шағын және орта кәсіпкерлікті жетілдіру жолында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қызмет атқарып жатыр.

- Ауылдық жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көңіл бөлінуде. Бұл шараларды «Ауыл шаруашылықты қаржылық қолдау қоры» АҚ, «Казагрофинанс» АҚ, «Продкорпорация» АҚ жүзеге асыруда.

- Мемлекеттік органның даярлау, қайта даярлау, біліктілігін жоғарылату шаралары жүргізілуде.

- Технопарктер құрылды.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолы болып кәсіпкерліктің әртүрлі қырларын кеңінен қарастыру ғана емес, инновациялық тәсілдерді, дәстүрлі емес және озық технологияларды қолдану, ең жаңа өнімдер мен қызметтерді пайдалану да табылады. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта ЖІӨ-де алатын үлесі- 20%. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мәліметтеріне сүйенсек, әлемдік экономикада тек шағын кәсіпорындардың саны барлық кәсіпорындардың жалпы санының 95%-нан асады, олардың ЖІӨ-дегі үлесі 50%-ға  дейін жетеді. Дамыған мемлекеттердегі шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі, мысалы, Жапонияда 55%, Ұлыбританияда-52%, Германияда-57%, Италияда-70%. Салыстырмалы сараптама Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерліктің макроэкономикалық көрсеткіште үлесінің өте аз екенін көрсетеді. Оны 50%-ға жеткізу 2050 жылдарында болжанып отырғаны белгілі.

Статистика көрсетіп отырғандай, Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелеген шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілер санының өсіңкілігі байқалады (кесте 1.2.3.4). 

Шағын және орта кәсіпкерліктегі қомақты әлеуметтік рөлді атқарумен бірге бюджетке елеулі салықтық түсімдерді қамтамасыз етеді. Осы күнгі күрделі жағдайларда шағын және орта кәсіпкерлік тұрақтандыру ретінде көрініс береді. Бизнес жеке азаматтардың өз бетінше, өзінің мүліктік жауапкершілігіне және өз тәуекелімен пайда табу немесе басқада формада экономикалық пайдаға ұмтылу әрекеттері.

Шағын және орта кәсіпкерлік нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі деп айтуға болады. Оған жылдамдық, икемділік және жоғарғы тиімділік сипаттары сәйкес келеді. Осы және басқада артықшылықтарды  ұлттық экономиканы дамытудың қозғаушысы ретінде саналады. Қазіргі уақытта шағын және орта кәсіпкерлік сферасында миллионнан астам адамдар жұмыс істеуде, дегенмен шағын және орта кәсіпкерліктің құрылуы мен өсуі жөніндегі мәселелерді одан әрі оқып білуді талап етеді: даму перспективаларын болжау және басқару, талдау, бағалаудың икемді және тиімді әдістерін дайындау.

Қорытындылай келе, мәліметтер бойынша шағын бизнестегі кәсіпорындар саны артып келеді, сонда да, отандық кәсіпкерлікті  шектейтін негізгі себептерге: кәсіби білімнің жетіспеуі, несие беру (тек бастаушыларға арналған), инновациялық идеялармен қаржыландыру көзінің түйіспеуі, тіркелген, бірақ жұмыс істемейтін кәсіпорындар санының өсуі т.с.с. жатады.

Сонымен, еліміздің тұрақты экономикалық дамуы үшін шағын және орта кәсіпкерлікті сапа жағынан жетілдіру өте маңызды. Негізгі мәселелерді анықтап, оның ұтымды шешімін таба алған жағдайда ғана біз экономикалық тұрақтылыққа қол жеткіземіз.

Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей шикізатқа сенген мемлекеттер дағдарысқа ұшырауда. Сондықтан, шағын және орта бизнесті дамыту қажеттігі туындап отыр.

 

Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2016 ж.
2. Статистика агентігінің арнайы сайты\www.ontustik.stat.kz\
3. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, «Қазақстан-2050».
4. Г.С.Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», оқу құралы, Алматы 2005 ж.

 

Информация о публикации
Загружено: 17 мая
Просмотров: 125
Скачиваний: 0
Султамуратов Бакытхан Адилбекович
Экономика, СУЗ, Разное