[Не пропустите в августе!] Практическая онлайн-конференция «Образовательные тренды 2020/2021» Подтвердить участие→
Конкурс разработок «Пять с плюсом» август 2020
Добавляйте свои материалы в библиотеку и получайте ценные подарки
Конкурс проводится с 1 августа по 31 августа

Презентация внеклассного мероприятия"Ер есімі-ел есінде"

Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы, қазақ халқының атаусыз қалған батыры мен таныстыру. Оқушыларды батылдыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Айгуль Кемелбаеваның «Снайпер. Номер 397 » әнгімесімен таныстыру. Бас кейіпкері,Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батыр атамыз , жерлесіміз Төлеуғали Әбдібековтың ерлігі жайлы мағлұмат беру .
библиотека
материалов
Содержание слайдов
Номер слайда 1

«Жалпы білім беретін Ш.Абенов атыңдағы орта мектебі» КММ Жұрекадыр ауылы 2020

Номер слайда 2

Тәрбие сағаттын тақырыбы: Ер есімі – ел есінде

Номер слайда 3

Сабақтың мақсаты: Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы, қазақ халқының атаусыз қалған батыры мен таныстыру. Оқушыларды батылдыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Айгуль Кемелбаеваның «Снайпер. Номер 397 » әнгімесімен таныстыру. Бас кейіпкері,Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батыр атамыз , жерлесіміз Төлеуғали Әбдібековтың ерлігі жайлы мағлұмат беру . . Сабақтын барысы І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Сабақтың негізгі бөлімі III.Қорытынды бөлім.

Номер слайда 4

(Бейнефильм. Левитан даусы,1941жыл, танғы сагат 4.00) https://www.youtube.com/watch?v=mityZWUMSxg

Номер слайда 5

Айгүл Кемелбаева - 1965 жылы 21 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылында туған. 1984 — 1987 жылдары ҚазМУ-дің журналистика факультетінде оқыған. 1989 —1994 жылдары Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының негізгі (проза) бөлімін бітірді. Республикалық «Абай» журналының ғылыми қызметкері. «Қазақ хандығына 550 жыл» шығармашылық бәйгесіне!   Соғыс аяқталғанына 70 жыл өтсе де белгісі солдат болып, атаусыз қалған батыр атқышшыл ер Төлеуғали     Әбдібековтың рухына «Снайпер. Номер 397 » әнгімесін арнайды.

Номер слайда 6

Кітаптарі:     Кемелбаева, А. Мұнара [Мәтін] : роман / А. Кемелбаева. - Алматы, 2003. - 149 б.   Кемелбаева, А. Мәжнүн жүрек [Мәтін] : эссе, сұхбат / А. Кемелбаева. - Алматы : Алаш, 2013. - 384 б.   Кемелбаева, А. Сөз хикмет [Мәтін] : эсселер, мақалалар, сұхбаттар / А. Кемелбаева. - Алматы : Дәстүр, 2016. - 384 б.

Номер слайда 7

1916 жылы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының аумағында Абдыбек Насырхан отбасында дүниеге келген. Қазақ. Аң аулаумен айналысты, оның аңшылық олжалары бұрынғы аңшылар мен ақсақалдарды таң қалдырды. 1932 жылы туысының шақыруы бойынша Төлеуғали Оңтүстік Қазақстанға, "Пахта-Арал" совхозына көшіп келді. Осы жерден қызыл әскер қатарына шақырылды, Хабаровск өлкесінде қызмет етті. Қызметін аяқтағаннан кейін Төлеуғали туған совхозға оралып, мақта өсіру бригадасын басқарды. Әйелі-Абдыбекова Найсымкуль.  «Менің қолым күшті, ал көзім бүркіттікіндей өткір. Жау осыны білсін» Т.Абдібеков https://www.youtube.com/watch?v=XReZ7aYJoBs

Номер слайда 8

1942 жылдың мамыр айында Шымкент облысынан келген жаңа әскер тобымен Тулеуғали Калининский майданға келді. Мергендер болды. 1942 жылы 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының әскери іс-қимылдарының қысқаша есебінде дивизия мергендерінің екінші слетіне 1942 жылы желтоқсанда аға сержант Абдыбеков 219 фашистті құрықтады. Ол қаза болғанға дейін 397 фашист қаза тапты.

Номер слайда 9

Алматыдағы атқыштар клубынан өзара таныс, түй құрдас Төлеуғали мен Әбіл соғыста жұбы жазылмас дос болды. Кіші лейтенант Әбіл Нүсіпбаев Жамбыл облысы Қордай асуының тумасы.

Номер слайда 10

Полкта мергендігімен аты шыққан Төлеуғали Әбдібеков Холм қаласы үшін шайқаста үш күнде 67 фашистті жойды. Великие Луки үшін қырғын шайқаста атқышшыл ер ерен көзге түсті, 87 солдат. 1942 жылы соңғы айында Төлеуғали Әбдібековтың құртқан дұшпаны саны 219 болды.

Номер слайда 11

Мелихово деревнясы маңында 1944 жылы қыста Төлеуғалидың жақын досы, барлаушы Григорий Постольников қаза тапты. Ол Атырау қаласында дұниеге келген. Гриша 23 қаңтарда қаза тапты.

Номер слайда 12

20 жасар ас-снайпер Иозеф Аллербергер майдан шебіне әлі жетіп үлгермеген уақыт. 23 ақпанда Әбдібеков 6-ші медициналық-санитарлық батальонда алған жарақаттан қайтыс болып, өзінің қаза тапқан досы — Калинин облысы (Қазіргі Псков облысы) Новосокольничий ауданы Насва станциясының солтүстік-шығысына қарай Григорий Постольниковпен бірге жерленді

Номер слайда 13

Номер слайда 14

Даңқты батыр Әбдібеков өз отанын қатты жақсы көрді. Ол соңына дейін әскери антқа адалдық сақтады және Панфилов гвардияшысы атағын жоғары бағалады. 1942 жылдың қарашасында ол майдандас достарының алдында өзінің өмірлік мақсаттары туралы: «Мен – гвардияшымын, бұл мен үшін үлкен құрмет. Мен өзімнің «Гвардия» туын сүйемін және соңғы демім шыққанша оның астында күресіп, 28 гвардияшыл батырлар қалай шайқасты, солар секілді жауқа қарсы айқасып, жеңуге ант беремін», дейді.

Номер слайда 15

Марапаттар: Ленин ордені; 1-ші дәрежелі Отан соғысы ордені; Қызыл Жұлдыз ордені; Қызыл Ту ордені.

Номер слайда 16

Төлуеғали Әбдібековтын ерлігі

Номер слайда 17

Тулеуғали -батыр   жерлес шыншыл адалдық жаунгер дарынды мерген ұлтжанды ұлы тұлға IV . Тәрбие сағатын бекіту. Сонымен,балалар Тулуеғали атамыз- нағыз ұлтжандылықтан туған ұлы тұлға. Оған қандай дәлеліміз бар, батыр бойындағы қандай қасиеттерді үлгі етеміз?

Номер слайда 18

IV. Қорытынды:. https://youtu.be/PvkCxiK66bg 1941 - 1945 жылдардағы соғыстың ерлікке толы қаһарлы жылдары барған сайын бізден алыстап тарихқа кетіп барады. Жеңіс күні бізге ең алдымен бейбітшіліктің бағасын ұқтырды. Миллиондаған адамның өмірі мен қолға тиген 1945 - жылғы Жеңіс күні бізге қымбат. Ұлы Отан соғысының үздік снайперлері тізіміне енген атақты мерген, қазақтан шыққан даңқты батыр Төлеуғали Әбдібеков өзінің сүйікті Отаны үшін өз өмірін құрбан етті. Біз әрдайым оның батырлық ісін, ерен еңбегін, ерлігін мәңгі жадымызда сақтайтын боламыз және батырдың ол ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Қайтыс болғаннан кейін Төлеуғали Әбдібекова тек І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды. Мұндай кейіпкер үшін уақытында бағаланбаған, себебі атақты мергеннің ағасы Кемелбай репрессияға ұшыраған. Төлеуғали тиесілі №2916 Винтовканын әскери куәлігі бар. Бугінгі кунде Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайында сақтаулы. Ал батырдың немересі Айгүл Кемелбаева, прозашы және журналист, өзінің ағасының ерлігі туралы сценарий жазуды армандайды. Қаһарман-жауынгер Әбдібеков өз Отанын айрықша сүйген, өмірінің соңына дейін әскери антқа адал болып, гвардияшы-панфиловшы лауазымын қадір тұтқан. 1942 жылдың қарашасында әскер достарының алдында өз өмірінің мақсаты туралы былай деп айтқан: «Мен – Гвардияшымын. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Мен Гвардия туын сүйіп, осы тудың астында соңғы демім қалғанша, жеңіске жеткенше 28 гвардияшы-қаһарман қалай күрессе, дәл солай дұшпанмен арпалысамын деп ант етемін». Әбдібеков Төлеуғалиды «Халық Қаһарманы» атағына ұсынатын кез жетті, бәріміз өтініш білдіріп, осынау тарихи әділетсіздікті түзеуіміз керек деп ойлаймын! 

Номер слайда 19

Назарларынызға рахмет!!!

Номер слайда 20

Орден с лентой http://cap.ru/UserFiles/orgs/GrvId_67/pobeda2.jpg Георгиевская лента http://s020.radikal.ru/i710/1302/97/5836754b33a3.png Фон http://img-fotki.yandex.ru/get/9745/97761520.1fa/0_84980_437031ed_L.jpg

Информация о публикации
Загружено: 5 июня
Просмотров: 81
Скачиваний: 0
Имя не указано
Классному руководителю, 8 класс, Классные часы
Скачать материал