І Осенняя онлайн-сессия «Повышение квалификации педагога» Подтвердить участие→
Конкурс разработок «Пять с плюсом» сентябрь 2020
Добавляйте свои материалы в библиотеку и получайте ценные подарки
Конкурс проводится с 1 сентября по 30 сентября

парасаттылық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Парасаттылық – мінез жарастығы» Мақсаты: - Адам бойындағы асыл қасиеттер мен мінез-құлықтың дұрыс қалыптастыруына негіз болу. - Оқушылардың өз ойын еркін айтуға және шығармашылықпен жұмыстануын дамыту. - Оқушыны ақылдылыққа, адамгершілікке, сабырлылыққа, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Просмотр
содержимого документа

Мерзімі ______

Сыныбы:

Тақырыбы: «Парасаттылық – мінез жарастығы»

 

Мақсаты:

  • Адам бойындағы асыл қасиеттер  мен мінез-құлықтың дұрыс      қалыптастыруына  негіз болу.
  • Оқушылардың өз ойын еркін айтуға және шығармашылықпен  жұмыстануын  дамыту.
  • Оқушыны ақылдылыққа, адамгершілікке, сабырлылыққа, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке тәрбиелеу.

 

Әдісі: пікірталас.

 

Көрнекілігі: ұлы ғалымдардың, жазушылардың нақыл сөздері, слайд.

 

Жүрісі:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Іс-шараның мақсатын түсіндіру.

III. Топтарды таныстыру.

 

IV. Алғы сөз. Мұғалім сөзі: Адам құдіреттілігіне ой жете бермейтін, саналылығының, даналығының, қабілеттілігінің шегі, теңі мен телісі жоқ, киелі де қасиетті, аса күрделі жаратылыс. Әлемдік кеңістікте жасампаз тіршілік иесі – адамзат, биоәлеуметтік шеңберде жеке тұлға. Сезімтал, пайымды, болжамды. Амалы мен тәсілі мың сан. Бүгінгісін ертең қанағат тұтпайтын талғампаз, ізденімпаз, талапты, қажетін таңдай білетін, жоғын таба, барын жаңарта, жасандыра, жетілдіре беретін жаһандағы баламасыз, ішкі жан-дүниесінің тылсымды рухани күші мен сыры әлі түгел ашылып үлгерілмеген жер жүзіндегі кемел кемеңгер.

Адамның дүние-өмір танымдық қуат көзі, нағыз адамдықтың негізі нәзік болмыс –ақыл, ес, ой – өріс, жад, түйсік және сезім. Мінез-саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы. Ақыл мен мінез кісіліктің парқын, парасаттылығы мен бітім-келбетін, өмірге жарасымдылығы мен қабілеттілігін анықтаушы, сондай-ақ бірін-бірі толықтырушы, жетілдіруші саналық категория.

 

IV. Пікірталас: «Ақыл парасаттылығы – мінез жарастығы».

Мұгалім сөзі: 

«Адам ұят, ар, мейірім, әділдік, алдамау деген қасиеттерінен айырыла бастағалы екінші ғасыр. Оның орнына жауыздық, ашқарақтық, озбырлық, опасыздық, кісі өлтіру сияқты көне қалыптағы тағылық жаңа өнерлі түрін тауып, өрлеп барады», - деп ұлы жазушы Ғабит Мүсірепов айтқандай қазіргі заман мен бұрыңғы заман арасында үлкен айырмашылық бар.

Ел болашағы – жастар деп қарайтын заманымыздың кейде құлдырап бара жатқанын көреміз. Жастарымыздың бойынан жігерлік, адамгершілік, қайсарлық пен батылдық, шешендік, адалдық пен адамгершілік қасиеттерінің азайып бара жатқандығына куәміз.

 

 

«Болашақ» тобы

 

Майсарахон: Ақыл — адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет. Ежелгі ойшылдар еңбектерінде ақылдың екі деңгейі болатыны айтылады. Ол — пайым және парасат. Пайым — ақылдың табиғи күші, ол әрбір адамға тән. Есі дұрыс әрбір адамның тіршілік дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігіне байланысты ойлау жүйесінің ең төменгі буыны. Парасат — ойдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті. «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса - адамгершілік ұтады» - деп ұлы ғалым Әбу Нәсір әл-Фараби айтқандай мінез бен ақыл жарасса ғана адамгершілікке, сабырлылыққа қол жеткіземіз. 

Мухамадали: Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте әдептілікті, ұяттылықты, намыстылықты және маңғаздықты ерекше атаған жөн. Қазақ халқының әдеп-қалпы көшпенділер мәдениетінің, салт-дәстүрінің уақыт ілгері жылжыған сайын кезеңімен өзгерген, әр дәуірде, әр қоғамдық құрылымда өмір елегінде екшеліп, талғамына сай сұрыпталып, ұлттық сипатын сақтай отырып жетілдірілген мінез-құлықтың ақ адал үлгісі. Әрбір адамның жетістікке жетуі оның тек ақылымен жектелмейді, сондай-ақ оның мінезіне де байланысты. Үлкен істің басын алып жүру үшінде сол ақылды адамға көркем мінез де қажет. Ақыл мен мінез жарасса ғана адам көп жетістікке жетеді.

Нафисабону: «Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады» - дана Абай. Мінездің түрі өте көп. Мінездің жақсы болып қалыптасуы тәрбиеге, жеке тұлғаның ақыл-санасына байланысты. Ақыл бар жерде көркем мінезде болуға тиіс, себебі бұл екі ұғым – егіз ұғым. Ақыл мен мінезді бөліп қарастыруымыз дұрыс емес. 

 

«Парасат» тобы:

 

Салмон: «Ақыл парасаттылығы – мінез жарастығы» дегенге келіспеймін. Себебі, қазіргі заманымызда ақылға жүгініп, сабырлы шешім қабылдап, салмақты сөз сөйлейтін жастарымыз азайып бара жатыр. Қанша ақылды болсақта, мінезімізді тізгіндей алмайтын кездеріміз де жоқ емес. Ақыл мен мінезді егіз ұғым деп қарастырудың өзі қиын. Көркем мінез бен ақыл саналы адам қалыптастыруға аздық етеді. Ақыл мен мінез жарасу үшін әдептілік, ибалылық, шешендік, сабырлылық керек. Бірақ қазіргі заманда бұл қасиеттерге сай адамдар жоқтың қасы.

Шарафжон: «Мінездің сиқы: екі аяғы есерлік, ессіздік дейтін екі баспалдақта тұрған адам сияқты екен», - деп ұлы жазушы Ғабит Мүсірепов қазіргі заманымыздың келбетін анық көрсеткендей. Келісті де көркем мінезі ақылымен сай келген адамды жолықтыру қиын, тіпті жоқ десек те болады. Саналы адам қалыптасу үшін, ең бірінші адамға ниет, сабырлылық керек, ал құбылмалы бұл заманымызда тек ашушаң, өмірден түнілген адамдарды ғана кездестіруге болады.

 

V. Ойланайық, пікірлесейік!!!

 

«Парасат» тобына:

 

Жақсы мінез, жылы сөз-жан дәруі,

Жігіттің керек мұны аңғаруы.

Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқанның

Тіптен оңай адасып, сандалуы.

 

Мінездер бар жақсы-жаман, әр алуан,

Әдептілік әділдіктен нәр алған.

Кең болғанның кем болғанын көрмедім,

Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.

Қ.Нақысбеков

 

?! Қ. Нақысбековтың өлең жолдарын оқи отырып, «Мінез-адам көрсеткіші» болады деп ойлайсыздар ма?


 

«Болашақ» тобына:

   

Ойға түстім, толғандым,

Өз мінімді қолға алдым,

Мінезіме көз салдым,

Тексеруге ойландым.

Өзіме-өзім жақпадым,

 Енді қайда сыя алдым?

 

Бойдағы мінді санасам,

Тау тасынан аз емес.

Жүрегімді байқасам,

Инедейін таза емес.

Аршып алып тастауға,

Аспандағы саз емес.

Бәрі болды өзімнен,

Тәңірім салғмн наз емес.

Осыншама ақымақ болғаным

   

Көрінгенге қызықтым.

Ғаділетті жүректің

Әділетін бұзыппын.

Ақыл мене білімнен

Әбден үміт үзіппін;

Айла менен амалды

 Меруерттей тізіппін;

 Жалмауыздай жалаңдап,

Ар, ұяттан күсіппін;

 Қулық пенен сұмдыққа

 Құладындай ұщыппын;

«Сіз білесіз» дегенде

Күнге күйіп, пісіппін;

 Мақтанбасқа мақтанып,

Деп жүріппін «пысықпын».


?!  - Абай айтқандай адам бойындағы міндердің бүгінгі күндегі көріністері қандай?

- Өз бойыңыздағы мініңіз туралы ойланып көрдіңіз бе?

 

VI. Қорытынды. Мұғалім сөзі: Мінез - саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы. Сондықтан ақыл парасаттылығы – мінез жарастығы деп айтуымызға толық негіз болады.

Түйін: «Адамның мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім»

Абай.

VII. Марапаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 "А"

 

 

Сынып жетекшісі  М. Исмоилов

 

2019-2020 оқу жылы

Информация о публикации
Загружено: 29 января
Просмотров: 1243
Скачиваний: 3
Исмоилов Маъруфжон Махмуджанович
Классному руководителю, 8 класс, Классные часы
Скачать материал