"Ойлап тапқыш қазақ азаматы"

Бақытжан аға, фамилиясы Әлменов Өзгелерді демеп жүрер әл беріп Еліміздің интелектуалдық деңгейін Көтеруге ат салысты әр беріп.
Скачать материал
Просмотр
содержимого документа

                   Ойлап тапқыш  - Бақытжан аға.

 

Екі мың төрттің жаңалығын оқыдым

Оқыдым да, көңіліме тоқыдым

Ойлап тапқан айналайын ағадан

Жеттіме екен мақсатына осы күн?

 

Тыныш тұрған судан қуат өндірер

Судың күшін сыртқа итеріп көндірер

Бос қапшықты бізге қызмет жасатар

Бақытжан аға - ойлап тапқан нағыз ер

 

Бұл жаңалық он үш жасқа толыпты

Басымызға бақыт болып қоныпты

ЭКСПО – да көрсетілген ғажаптан

Кем емесін көре тұрып, соны ұқтым.

 

Бақытжан аға,  фамилиясы Әлменов

Өзгелерді демеп жүрер әл беріп

Еліміздің интелектуалдық деңгейін

Көтеруге ат салысты әр беріп.

 

Техникалық төңкеріске қарашы

Қанша үнем, қанша пайда санашы

Еңбегіңіз еленсінші, ағатай

Ойлап тапқыш қазағымның баласы.

  

 

Информация о публикации
Загружено: 7 февраля
Просмотров: 448
Скачиваний: 0
Даулетбекова Шаттық Мырзабековна
Русский язык и литература, 11 класс, Уроки