Открытый урок: «Бірлескен ойындағы тактика және стратегия»

Бірлескен ойындағы тактика және стратегия Бірлескен ойындағы тактика және стратегия Бірлескен ойындағы тактика және стратегия
Скачать материал
Просмотр
содержимого документа

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:                                     Мектеп:№174

 

Күні:19.10.2017                                                             Мұғалімнің аты-жөні:Рахманбердиев Қ.

Сабақ №21

Сынып: 3                                                                       Қатысқандар саны:

                                                                                         Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бірлескен ойындағы  тактика және стратегия

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1. Қозғалысқа байланыст ы стратегия мен тактиканы таңдау         

 

Сабақ мақсаттары

3.2.1.1 қозғалысқа байланысты стратегия мен тактиканы дамыту           

Бағалау критерийлері

Оқушылардың бойында өзіне, құрбысына деген құрмет, жауапкершіліктің қалыптасуына ықпал ету

Тілдік  мақсаттар

Қозғалу ойындарының қозғалу дағдыларын қалай дамытатынын түсінуді сипаттау және көрсету  

Құндылықтарды дарыту

Өз құрбыларымен, өзінен кіші және үлкендермен қарым-қатынас орнатуда, ересектерден білім алуда, қоғамдық маңызы бар жұмыстарды орындауда, ғылыми, шығармашылық және өзге де іс-әрекеттерді орындау кезіндегі құзіреттілікті қалыптастыруды

Пәнаралық байланыстар

Ана тілі, математика

АКТ қолдану дағдылары

Ноутбук, проектор

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері 

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  

Ресурстар

Сабақтың басы 

Оқушы назарын аудару

 

 

 

15 минут

 

Бой сергіту жаттығулары.

Біреуден сапқа тұру.

Сапта әдеттегі адыммен, оң және сол бүйірмен қосымша адыммен жүру.

Орташа қарқынмен жүгіру, тізелерді жоғары көтеріп жүгіру.

Жүгіруден кейін тынысты қалыпқа келтіру.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде санамақ айтуды ұсынады.

Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.

 

Сабақтың ортасы    

 

 

 

 

 

20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Б) «Малшы» ойыны. Ойын алаңында сызық — жылғалар сызылады, оның бір жағында таңдалған «малшы мен қойлар» жиналады, екінші жағында «қасқыр» отырады. «Қойлар» «малшының» артында бір-бірінің белдерінен ұстап отырады. «Қасқыр» «малшыға» мынадай сөздермен сөйлейді: «Мен таудың қасқырымын, алып кетемін!» «Малшы» былай деп жауап береді: «Ал мен малшымын, ержүрекпін, бермеймін». Малшының осы сөздерінен кейін қасқыр жылғалардан аттап кетеді және қойларды ұстауға тырысады. «Малшы» қолын жан-жағына қойып, қойларды қасқырдан қорғайды, оған оларды ұстауға мүмкіндік бермейді. Қолайлы сәт келгенде қасқыр олжасын өзімен алып кетеді. Ойын қайтадан басталады, рөлдері ауыстырылады.

«Аңшылар» ойыны.

Ойынға қатынасушылар араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп сайлап алады да, кең жазық алаңға жиналады.

Жүргізуші күні бұрын белгіленіп сызылған шеңбердің (радиусы 5—10 м) бойына, қолына доп беріп, үш жерге үш ойыншыны тұрғызады,— бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, «Тоқта!» деген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. «Өлген үйректер» аңшыны алмастырады, ал «үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды. Осылайша үш «аңшы» орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта жалғасады.

 

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы әрбір қызмет үшін.  Ысқырық. Ойынға арналған нысандар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ысқырық

Доп

 

 

Сабақтың соңы

5 минут

1. Сапқатұру. Ықшамдалған ереже бойынша демалту ойыны: Қолды жоғары көтеріп төмен түсіру. Секіру жаттығулары
2. Демалыс жаттығулары.
3. Үйге тапсырма.

 

 

 

Бағалау.                                   Бағалаудың жұлдызша,

                                                 смайликтер,шапалак аркылы,

                                                 балдык жуйе әдісімен бағаладық

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? 

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? 

 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы  

Сабақ бойынша рефлексия

 

Жалпы баға   

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: 

2: 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:  

2: 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о публикации
Загружено: 19 июня
Просмотров: 927
Скачиваний: 3
Юнусалиев Шухрат Нарматалиевич
Физкультура, 3 класс, Планирование