Открытый классный час: "Нашақорлыққа - жол жоқ!"

Ашық тәрбие сағатында 21 ғасыр дертінің аса қауіпті екенін студенттерге тиімді жеткізудің әдістері (видеоролик, слайд, көрініс, ойын) қолданылған.
Скачать материал
Просмотр
содержимого документа

«Бесқарағай колледжі» КММ

 

                «Келісілді»                                                      

«Бесқарағай колледжі» КММ                                                                                                                                            директордың                                                      

ТІ жөніндегі орынбасары 

 ____________ Б.С.Тасбулатова                                                                           «___»___________   2018 г.                    

 

Ашық тәрбие сағаты

http://talas.zhambyl.kz/wp-content/uploads/sites/10/2017/12/narkomaniya-3.jpg

ТМ-221 топ жетекшісі: Б.Т. Кабаева

                                                                                          06.12.2018 ж

 

 

 

 

Бесқарағай ауылы

 «Нашақорлыққа- жол жоқ!»  

(СЛАЙД )

Оқытушы: Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгін сіздерге колледжіміздің «Нашақорлыққа  жол жоқ» атты акция аясында ашық тәрбие сағатымызды ұсынып отырмыз. Бүгінгі кездесуімізге колледжіміздің тәрбие жөнінде меңгеруші Тасбулатова Бакытгуль Сейсембаевна,психолог маманы Глазинская Елена Тимофеевна қатысып отыр.

Ашық тәрбие сағатының мақсаты:

1.        Нашақорлық – ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да,салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

2.        Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге салауатты өмір сүре білуге ат салысуға тәрбиелеу;

3.        Осы жаман әдеттердің зиянын білімділікпен түсініп, өз беттерінше қорытындылай білуге, олардан сақтану жолдарын дұрыс таңдап, салауатты өмір құрудың маңызын түсіне білуге бағыттау.

 Елбасының «Қазақстан 2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әдеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі  кезде етек алған заманымыздың дерті ол нашақорлық. Өмір - өмір сүру үшін беріледі. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде дейді, данышпан халқымыз. Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда. 

Назарларынызға есірткі туралы ақиқат және жалған ролигін ұсынамыз. 

РОЛИК 1

Оқытушы: Осы ролик өздерің сияқты жастар бір-бірін, есірткі дәмін тату үшін шақыру туралы. Яғни бір дәмін татсан тәуелді болып кетуге жеткілікті. 

Сендер осындай қателік жасамас үшін, жалпы есірткі, темекі және алкоголь дегеніміз не екенін білулерін қажет, ол неге әкеледі. Осы баяндамамен алдарынызға Қайсар, Берік және Дәуренді шақырамыз.

Оқытушы: «Ғасырдың өмір тұзақтары»:

  • Есірткі қабылдау
  • Ішімдікті қабылдау
  • Темекі тарту

 

1 студент: Есірткінің зияны. Грек тілінде “ ұйқы” мағынасын білдіредіретін “ Narke” сөзі ағылшын тілінде “Narkotik” деген сөзге айналған.Құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар бар.Адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп,рухани және физикалық тепе-теңдікті бұзады.Түрлері өте көп.Есірткі – орталық жүйке жүйесіне әсер ететін қоздырғыш зат. Есірткіні бірінші рет қолданған мөлшердің әсері 3-4 сағатқа дейін сақталады. Мөлшерден тыс пайдалану жүректің тоқтап қалуына, өлімге әкеліп соқтырады. Есірткінің кейбір түрлері ауырғанды басу, тыныштандыру мақсатында тек мөлшерімен ғана медицинада қолданылады. Есірткінің түрлері де сан алуан: наша, каннабис, кокаин, героин, морфий, гашиш, ханка, химка, сюзьма, экстази және т.б.

         Есірткі заттарды қолданудың кейбір белгілері:

         - ашу-ызаға булығу, көңіл-күйдің өзгеруі;

         - тітіркену;

         - себепсіз күлкі;

         - тәбеттің болмауы;

         - ұйқысыздық, шаршау;

         - шамадан тыс сөйлеу;

         - жалған айту, тұйықталу;

         - көз қарашығының ұлғаюы, тарылуы, қызаруы.

          Қазақстан Қылмыстық кодексінің 259 бабы бойынша «Есірткі тұтынушылар есірткі заттарын заңсыз әзірлегені, сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны, тартқаны үшін жауапкершілікке тартылады».

         Есіңде сақта: «Есірткі жас өміріңді улайды!».

 

2 студент: Ішімдіктің зияны

Ішімдік – “этил спирті” немесе “этанол” деп те аталады. Әр түрлі жеміс- жидектерден, тұқымдардың ашытқысынан жасалады.Этил спирті- мөлдір әрі түссіз болып келеді.Ішімдіктің кейбіреулерінде спирттің мөлшері 40 % градусқа жетеді.

  • Ең әуелі, алкоголь миға қауіпті, өйткені, басқа органдарға қарағанда концентрациясының асакөп бөлігі осы жерде шоғырланатындықтан миға аса қауіп туғызады.
  • Ішімдік ас қорыту органдарына: өңеш, асқазан, ұйқы бездеріне жағымсыз әсер етеді.
  • Асқазан мен ішектен алкоголь қанға түседі және мұнда алкогольдің адам ағзасына жағымсыз әсері жалғасады. Ішімдік тұтынушы адам жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруларына: ишемиялық ауруларға, атеросклерозға, аритмияға ұшырайды.
  • Жүрек-қантамырлар жүйесі үшін жастар арасындағы көп тараған зиянсыз сусын болып саналатын - сыраны көп мөлшерде тұтыну қауіпті
  • Ішімдіктің алдында, әсіресе бауыр қорғансыз болады. Оның  әсерінен бауыр жасушалары жойылады - олардың орнында тыртық пайда болады, ол бауыр функцияларын орындай алмайды, бұл көптеген зат алмасу бұзылуларына әкеліп соқтырады.
  • Ішімдіктің денсаулыққа әсерінің нәтижесінде көп тараған бауыр ауруы - бауыр циррозы. Көп жағдайда адамдар одан қайтыс болуы мүмкін.
  • Ақыр соңында, алкогольдің көп дозасы алкогольдік комаға, ажалды нәтижеге әкеліп соқтырады

Есіңде сақта: « ІШІМДІК өміріңді ойрандайды!»

 

3 студент: Темекі тартудың зияны

Темекінің құрамында никотин және 4 мыңға жуық улы зат бар. Сондай-ақ, темекінің елі Америка болып табылады.

Темекі жапырағында танин, желім,шайыр,крахмал және алколоидер бар өсімдік.

  • Никотиннің ағзаға енетін негізгі жолы – бұл өкпе.  Бір тартқаннан 8 секундтан соң никотин миға түседі, оның концентрациясы тектемекі тартып болған соң 30 минуттан кейін төмендейді. Никотиннің негізгі метаболизм (алмасу) процессі бауырда, бүйректерде және өкпеде өтеді.
  • Никотин жүйке жасушалары үшін өте уытты.  Қозу мен тежелу процесстерінің бұзылуы неврозға тән симптомдарды тудырады, олар қатты бас ауруларымен, ашушаңдық, дисфория, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, ұйқысыздық, бас айналу, абыржулық, саусақтардың дірілдеуімен білінеді.
  • Никотин жүрек жұмысын жеделдетеді, қантамырларды тарылтады, қан қысымын көтереді.Никотин әсерінен жүрек қызметінің, асқазан, ішек қызметі бұзылуы, т.б. басталады.

Никотин ми тамырларын тарылтатындықтан ми қанмен оттегіні жеткіліксіз алады, сондықтан темекі тартушының ақыл-ой қызметі бұзылады. Темекі тартқанда жүйке жүйесінің перифериялық бөлімі де зардап шегеді, бұл ауырсынулармен, аяқ- қол сезімталдығының (шаншулар, ұю) бұзылуымен білінеді. Темекі тарту қатты жөтелге, тыныс алудың қиындауына әкелетін қақырықтың пайда болуына себеп болады. Әсіресе таңертеңгі жөтел азапты келеді. Есіңде сақта ТЕМЕКІ өміріңді улайды!

Оқытушы: Көп рахмет сіздерге. Енді  қолдарыңыздағы стикерлерді тарату арқылы  үш  топқа бөліну керек. Ол үшін сұрақтарға жауап береміз. Қайсардың сұрақтары: 1. Есірткі дегеніміз не? (Есірткі – орталық жүйке жүйесіне әсер ететін қоздырғыш зат) 2. Медицинада есірткі қандай мақсатта қолданылады?(Кейбір есірткі түрлері ауырғанды басу, тыныштандыру мақсатында қ-ды). 3. Есірткінің қандай түрлері бар?(Наша, каннабис, кокаин, героин, морфий, гашиш, ханка, химка, сюзьма, экстази және т.б.)

Беріктің сұрақтары: 1. Ішімдік неден жасалады? (Әр түрлі жеміс- жидектердің, тұқымдардың ашытқысынан жасалады). 2.Ішімдіктен ең көп зардап шегетін ағзалар?(ми және бауыр). 3.  Ішімдікті шектен тыс қолданса не болады?(өлімге әкеледі).

Дәуреннің сұрақтары: 1. Темекінің елі?( Америка). 2. Никотиннің ағзаға енетін негізгі жолы?(Өкпе). 3. Темекі құрамында қандай улы заттар бар? (танин, желім,шайыр,крахмал және алколоидер)

 Оқытушы: Ал енді карточкамен сіздерге бірнеше жағдай ұсынамыз. Ол үшін үш топ жетекшілері карточканы таңдап аламыз. 

 

 

Карточка тарату

Сіздер бұл жағдайда не істейсіздер?

1. Бүгін  үйірмеге барайық, мен саған бір нәрсе берем?

2. Дискотекаға барайық, онда жеңілдететін дәрілер сатады?

3. Кешке алаңға кел, шегейік? 

Енді сіздердің нашақорлық туралы қандай ой түйгендеріңізді анықтау үшін, колледж психологы Елена Тимофеевна, сіздермен ойын өткізбекші.

ОЙЫН

Оқытушы: Нашақорлық-ол өте қорқынышты. Бұл жолға түспес үшін не істеу керек?:

1. Сүйікті нәрсеңмен айналысу

2. Қоғамға пайдалы болу

3. Дені сау өмір сүру

4. Заңды бұзбау

Ал енді сендер осы ашық сабағымыздан не түйдіңіздер, сонымен бөліссеніздер. Әр топ қандай ой түйгендеріңізді ашып айту үшін ватмандар мен түсті маркерлар алдарыңызға қойылды. Барлығымыз топ болып жұмыс жасаймыз. Студенттеріміз дайын болғанша МР-211 топ студенттерінің шағын көрінісін тамашалайық.

 

 Көрініс: «Шылым шегудің пайдасы»

Ортаға қарт пен жас бала шығады

Бала: Ата мен шылым шегуді үйреніп жүрмін. Қалай ойлайсыз, бұл денсаулыққа пайдалы ма?

Ата: Шылым шегудің «үш пайдасы» бар, балам. Біріншіден, шылым шеккен адам ешқашанда қартаймайды.

Бала: Қалайша?

Ата: Себебі ол қартайып үлгірмейді. Шылым шегетіндердің өмірі қысқа болады, олар жастай өліп кетеді, балам. Екіншіден олардың үйін ешқашан ұры тонамайды.

Бала: Қалайша?

Ата: Себебі, балам, шылым шегетін адамның өкпесі таза болмайды, күндіз-түні күркілдеп жөтелумен болады. Ұрылар үй иесінің жөтелін естіп, үйге жақындай алмайды. Үшіншіден, шылым шегетін адамды ит қаппайды.

Бала: Қалайша?

Ата: Себебі олар өте ерте мүгедек болып қалады да, таяққа сүйеніп жүреді.Ал қолында таяғы бар адамға ит жақындай ма , айналайын?

Орындарына отырады

Оқытушы: Көріністеріңе көп рахмет!

Соңғы мәліметке сүйенсек, нашақорлықтың орташа жасы 30-дан да төмендеп кеткен. Соның салдарынан қылмыс көбейе түскен. Осындай ауыр апаттан жастарды арашалап қалу мақсатымен тиісті мекемелер ғана емес, бүкілхалықтың іс екенін бірігіп жұмыс істеу керектігін әрқайсымыз жетік түсінуіміз керек. Нашақор қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолында.

Оқытушы: Рахмет сіздерге орнымызға отырайық.

Әр топты жеке-жеке ортаға шақырып бүгінгі ашық сабағымызды қорытындылайық.

Әр топ өздері салған суреттерін қорғайды.

Нашақор қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолында.Салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық «Салауатты өмір салтын ұстанайық» - деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Сау саламатта болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

Қайсардың сұрақтары: 1. Есірткі дегеніміз не? (Есірткі – орталық жүйке жүйесіне әсер ететін қоздырғыш зат) 2. Медицинада есірткі қандай мақсатта қолданылады?(Кейбір есірткі түрлері ауырғанды басу, тыныштандыру мақсатында қ-ды). 3. Есірткінің қандай түрлері бар?(Наша, каннабис, кокаин, героин, морфий, гашиш, ханка, химка, сюзьма, экстази және т.б.)

 

 

Беріктің сұрақтары: 1. Ішімдік неден жасалады? (Әр түрлі жеміс- жидектердің, тұқымдардың ашытқысынан жасалады). 2.Ішімдіктен ең көп зардап шегетін ағзалар?(ми және бауыр). 3.  Ішімдікті шектен тыс қолданса не болады?(өлімге әкеледі).

 

 

Дәуреннің сұрақтары: 1. Темекінің елі?( Америка). 2. Никотиннің ағзаға енетін негізгі жолы?(Өкпе). 3. Темекі құрамында қандай улы заттар бар? (танин, желім,шайыр,крахмал және алколоидер)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               C:\Users\БАНУ\Desktop\WhatsApp Images\IMG-20181206-WA0077.jpgC:\Users\БАНУ\Desktop\WhatsApp Images\IMG-20181206-WA0081.jpg

       C:\Users\БАНУ\Desktop\WhatsApp Images\IMG-20181206-WA0079.jpgC:\Users\БАНУ\Desktop\WhatsApp Images\IMG-20181206-WA0087.jpg

C:\Users\БАНУ\Desktop\WhatsApp Images\IMG-20181206-WA0029.jpgC:\Users\БАНУ\Desktop\WhatsApp Images\IMG-20181206-WA0085.jpg             C:\Users\БАНУ\Desktop\WhatsApp Images\IMG-20181206-WA0113.jpgC:\Users\БАНУ\Desktop\WhatsApp Images\IMG-20181206-WA0045.jpg

Нашақорлыққа - жол жоқ!

Информация о публикации
Загружено: 22 января
Просмотров: 2312
Скачиваний: 2
Кабаева Бану Токтаровна
Классному руководителю, СУЗ, Разное