краткосрочный план "Қысқы кеш"

Әдебиеттік оқу пәні бойынша 3сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар. Жоспар жаңартылған бағдарлама бойынша жасалып, әдіс-тәсілдері көрсетілген.
Скачать материал
Просмотр
содержимого документа

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт

Күні:23.11.2018ж

Сынып: 3»ә»

Мектеп: №34 орта мектебі

Модератор: Темирбаева Ф.К.

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: -

Сабақ тақырыбы

Қысқы кеш.                 (Жаңа тақырыпты меңгеру)

 Оқу мақсаттары

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

3.1.2.1   шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық, таңдауына қарай мазмұндау, сахналау

Сабақ мақсаттары

  • шығарманы түсініп оқиды;
  • шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • мәтінді бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қояды;
  • жоспар құрастырады;
  • құрастырған жоспар бойынша шығарманы мазмұндайды.

Бағалау критерийлері

  • шығарманы логикалық бөліктерге бөледі;
  • әр бөлікке ат қойып, жоспар құрастырады;
  • құрастырған жоспары  бойынша шығарма мазмұнын айтады;

 

Тірек сөздер

Мәтін мазмұнымен танысу барысында оқушыларға ішін тарта, бұғып, мүлігіп, сумаң қағып, бел алып сөздерінің мағынасы түсініксіз болу мүмкін. https://sozdik.kz/ru/dictionary/ мағынасын түсіндіруде қолдануға болады.

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ ұйымшылдық және топта жұмыс істеу құндылықтарын дамытуға бағыталған.

Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

«Қармен атысу» ойыны барысында қыстың белгілерін жазу барысында дүниетану пәнімен  және   ойын жеткізуде сөйлемдегі сөздердің байланысын дұрыс айту арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс  жасалады

АКТ қолдану дағдылары

Компьютер

Бастапқы білім

 

Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қою, жоспар құруды біледі.  Мәтін мазмұны бойынша сұрақатарға жауап бере алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 мин

 

Қызығушылықты ояту. «Қармен атысу» ойыны арқылы белгіленген уақыт ішінде (3-4 мин) оқушылар таратылған А4 ақ қағазының бөліктеріне қыс туралы не білетінін еркін түрде жазады. Жазып болған соң ортаға шығып бір-біріне қағазды умаждап қар атысқандай лақтырады (лақтырған кезде қауіпсіздікті сақтап, көзге дәлдемеуді ескертіңіз). «Тоқта» деген белгі берілген кезде қолдарына бір қағаз алып, бір-біріне оқиды, қыс туралы жазылған ойды толықтырады. Әр оқушының жауабына жұпта кері байланыс беріліп, «Басбармақ» әдісі арқылы бағаланады.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

А4 қағаздың бөліктері

Слайд №1. №2

 

Сабақтың ортасы

 

6-13 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14-21 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22-29 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

30-36 мин

 

 

 

 

 

 

 

1-тапсырма  «Кадр» әдісі.

(Ө; ЖЖ) Оқулықтағы М. Иманжановтың «Қысқы кеш» мәтінін алдымен жеке түсініп оқиды. Оқу барсыныда  түсініксіз сөздерді түртіп, белгілеп отырады. Сөздіктен түсініксіз ішін тарта, бұғып, мүлігіп, сумаң қағып, бел алып сөздердің мағынасын  қарайды, дәптерлеріне жазады. Тапсырманың нұсқаулығымен бағалау критерийлері мұқият таныстырылады. Сөздік жұмысынан кейін кезек- кезек дауыстап оқиды, бірақ «тоқта» белгісі берілген кезде мәтіннің оқып жатқан жерін қимылмен көрсетеді. Тоқтату ретін мұғалім өзі анықтайды.

Эпизодты көрсеткен оқушыларды бағалау  «Қошеметтеу» арқылы жүзеге асады, кері байланыс беру ұсынылады. Осы тапсырма арқылы жаңа ұғым «кейіптеу» туралы мәлімет беріледі.                                                                                                                        Балалар көрсеткен боранның адам сияқты ауыл ішін аралап жүргені, сол сияқты ауылдың өзі адамша ақ қар жамылып, түннің құшағына бұғып отырған образдары кейіптеуді жақсы көрсетеді. 

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушыларға мәтіннің оңай жерлерін, ал қабілеті жоғары оқушыларға қиынрақ бөліктерін беру ұсынылады.

2- тапсырма

Мәтінді бөліктерге бөлу, ат қою.

(Т; Ө) Тапсырма топта орындалады, сондықтан оқушыларды 1, 2, 3  деп санау арқылы 3 топқа бөліп алу ұсынылады. Алдымен оқушылар дәптерде жеке өздері бөліктерге бөледі, әр бөлікке ат қояды. Жұмысымен жұпта бөліседі, жұптың ішінде талқылап ортақ ойға келеді. Кейін өз ойларын топта ортаға салады, топпен бірігіп талдау арқылы ортақ ойды сынып алдына ұсынады.

Үлгі:

  1. Боран.
  2. Ауыл тіршілігі

  Саралау:  Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. Топтық жұмыс барысында барлығының ойы құнды, бірлесіп жұмыс істеу нәтижелі болатынын естеріне түсіріп отыру қажету

 (ҚБ) дескриптор бойынша бағалау

  • шығарманы логикалық бөліктерге бөледі;
  • әр бөлікке ат қойып, жоспар құрастырады;
  • құрастырған жоспары  бойынша шығарма мазмұнын айтады

3-тапсырма

(Т) Кестені толтыру. Топтағы оқушылар оқулықтағы №4 тапсырма бойынша А.С. Пушкиннің және М. Иманжановтың «Қысқы кеш» мәтіндерінен боранға қатысты кейіптеулерді тауып А4 парағына жазады. Топтар жұмыстарын аяқтағаннан кейін ортаға өз ойларын ұсынады.

Сергіту сәті.

Саралау:  Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті жоғары оқушыларға авторлар тағы нені адам кейпіне келтіріп суреттегенін тапқызуға болады.

Бағалау. Топтың жұмысын бағалауды топтар өзара  бағалайды.

4 –тапсырма

(Ө;Т) 5 жолды өлең құрастыру. Тапсырма жеке  орындалады. Мәтінді пайдаланып «Боран» тақырыбына  «Синквейн» құрастырады. Үлгі:

Үлгі:

Боран

Түтіндей, жыландай

Ұлиды, ысқырады, сумандайды

Боран жыландай суман қағып ауыл ішін аралап жүр.

Қатты жел  

Әр топқа қыс суреті таратылады. Оқушыларға қысқы  табиғатты кейіптеу сөздерді қолданып суреттеу  тапсырылады.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті жоғары оқушыларға тек көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазғызуға болады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

Бағалау «Автор орындығы» әдісі арқылы жүзеге асады.

Оқулық 86-87 беттер.

Слайд №3

 

 

Түсіндірме сөздік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд №4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд №5, №6

Қосымша 1

 

 

 

 

 

 

 

Слайд №7

Қосымша 3

 

Сабақтың соңы

 

37-40 мин

Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорытындылау. «Жалғастыр» әдісі бойынша слайдта жазылған сөздерді жалғастыру арқылы сабақ бойынша өз ойлары мен көңіл-күйлерімен бөліседі:

  • Маған .... қызықты болды.
  • Мен бүгін .... түсіндім.
  • Маған ... қиын болды.
  • Ертең сабақта ...болғанын қалаймын. 

Слайд №9

Қосымша 2.

 

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1, 2, 3, 4 тапсырмаларда «Тапсырма бойынша саралау» жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға қолдау көрсетіледі. Оқушылар жұпта, топта бірлесіп жұмыс жасайды, бір – біріне көмектеседі.

«Басбармақ», «Нысана», «Автор орындығы» әдісі, өзара бағалау, мұғалімнің бағалауы,

дескриптор бойынша бағалау

  • шығарманы логикалық бөліктерге бөледі;
  • әр бөлікке ат қойып, жоспар құрастырады;
  • құрастырған жоспары  бойынша шығарма мазмұнын айтады;

 

 

Сабақ бойынша рефлексия

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы баға

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

 

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 

 

 

Информация о публикации
Загружено: 21 января
Просмотров: 8725
Скачиваний: 12
Темирбаева Фарида Кадирхановна
Начальные классы, 3 класс, Планирование