краткосрочный план "топырақтың қандай қасиеттері бар?"

жаратылыстану пәнінен 3сыныпқа арналған ашық сабақ. Сабақта жаңартылған сабақ бойынша қолданылған әдіс-тәсілдер қолданылды.
Скачать материал
Просмотр
содержимого документа

 

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3»ә»

Заттар және олардың қасиеттері .   Табиғат ресурстары

Мектеп: №34 орта мектебі

Модератор: Темирбаева Ф.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні: 17.01.2019

 

 

Тақырыбы:

 

Топырақтың қандай қасиеттері бар?

Оқу мақсаты:

3.3.4.3 топырақтың негізгі қасиетін анықтау;

3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу. 

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылар:

Топырақтың қасиеттерімен танысады;

Эксперимент жасай отырып, топырақтың басты қасиеттері жайлы ақпарат алады;

Бағалау критерийі

Эксперимент сұрағы және болжамы, болжамының сәйкестігіне қарай бағалау

Барлық топ мүшелерінің ұйымдаса жұмыс жасауын бағалау.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Топырақ және оның құрамына қатысты сөздермен сөздік қорлары  артады;

Эксперимент қорытындысын шығарады және зерттеушінің күнделігіне жазады;

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

 Борпылдақ, ұсақ тамырлар, құнарлылық

Құндылықтар

Топырақты қорғау

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

АКТ қолдану

дағдылары

презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Топырақтың құрамын біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

 

Сабақтың басы

 

Ұйымдастыру. 

  1. «Артық сөзді тап!»
  • Қарашірік, су, құм, қант, саз, ауа.
  • Қалған сөздерге не ортақ?

2. Біліміңді тексер! Өткен тақырып бойынша тест сұрақтары

1. Топырақтың құрамына нелер кіреді?

a) ауа, су, қарашірік, құм, саз  

b) құм, саз, ағаш, жапырақ   

c) жәндіктер мен өсімдік қалдықтары

  2.Топырақ деген ...:

a) құм мен тас  

b) саз балшық   

c) жердің өсімдік өсетін беткі қабаты

3. Қарашірік дегеніміз....:

a) топырақ бетіндегі заттар

b) жердің беткі борпылдақ қабаты  

c) шіріген өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары

4.Топырақ құрамын қалпына келтіру үшін не істеу керек?

a) қарашірік пен тыңайтқыш қосу керек

b) минералды тұз араластыру керек  

c) қара топырақты қопсыту керек

5.Топырақтың  құрамы өзгере ме?

a) иә  b) жоқ

6. Топырақ жердің қандай қабаты?

7. Топырақта қандай жануарлар мекендейді?

8.Жануарлар топырақты қалай пайдаланады?

9.Топырақ өсімдікке  қандай жағдай жасайды?

10.Адам барлық азық –түлікті  қайдан алады?

11.Топырақ құрамын қалпына келтіру үшін оған не қосады?

 Жаңа сабақ  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Видеоролик

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

1.Топырақтың түсі. Оқушыларды шағын топтарға бөлу. Әр топқа әртүрлі топырақ салынған үш пластикалық стақандар тарату

Топырақтардың түсі неге әртүрлі екенін, құрамында қандай заттың көбірек екенін топта талқылау және ойларын ортаға салуға қолайлы жағдай туғызу. 

 

 

 

1-стақан

  2-стақан

3-стақан

Топырақ түсі

 

 

 

 

Топырақ құрамы

 

 

 

 

2. Топырақтың борпылдақтығы. Стақандардағы топырақпен эксперимент жүргізу.

1. Саз бен қаратопырақ стақандарынан бір уыс топырақ алып, екі алақанға қысу. Алақанды ашу. Не өзгерді?

- Қай жерде ауа көбірек екен?

- Топырақтың ішінде ауа қай жерде болады?

- Сазды топырақты қалай атауға болады?

- Құрамында ауа көп топырақты қалай атайды?

- Топырақтағы ауа не үшін керек?

- Топтың ортақ шешімін кестеге толтырып, басқалармен ой бөлісу.

 

 

Не өзгерді?

саз

Не өзгерді? қаратопырақ

Алақанда қысу

 

 

Алақанды ашу

 

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

3.Топырақтың басты қасиеті. Тақтаға «құнарлылық» сөзін жазу.

Жазылған сөздің түбірін анықтау.

- Құнарлы топырақ дегенді естулерің бар ма?

- Құнарлы топырақ деген нені білдіреді?

- Қандай топырақ ең құнарлы деп ойлайсыңдар?

- Неге?

4. Зертте. Топырақта су қалай қозғалады?

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

А)  Әр топ зерттеу сұрақтарын дайындап, болжам жасау.

  • Топырақтағы су қай бағытта қозғалады? 
  • Болжамдарды тексеру үшін не істеу керек?

Ә) Әр топ эксперимент жоспарын құру.

• Біреуінде топырақ, екіншісінде тастар салынған стақандарға аздап су құю.

• Біраз уақыттан кейін стақандардың түбіне қарау. Су көріне ме?

Б)  Қорытындыны жазу.

Не өзгергенін жазу?

• Эксперимент жоспары мен оның өту барысын салыстыру. Қорытынды жасау. Нәтижелерін басқа топтардың қорытындыларымен салыстыру. Оқушылар топырақтағы су барлық бағыттарға, сонымен қатар жоғарыға қарай да қозғала алатынын айту.  Топырақтағы су өсімдік бойына қалай тарайтынын еске түсіру. Судың жоғарыға көтерілетін жарықтары/саңылаулары капиллярлар деп аталатынын айту. Олар топырақта, өсімдік сабақтарында болады.

Сергіту сәті

5. Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен танысқан соң, жұпта борпылдақ және құнарлы, сазды және құмды топырақты салыстырып сипаттау. (Венн диаграммасы)

6. Топтық жұмыс.

Суреттердің көмегімен топырақтың қасиетін анықтап, сызбаға жаз.

7. Ойлан. Жерден басқа қандай ғаламшарлар бар екенін сұрап, қосымша білімдерін тексеру. Жердің басқа ғаламшардан қандай айырмашылықтары бар екенін сұрау. Басқа ғаламшарларда топырақ  бар ма немесе жоқ па деген сұрақ қою.

8. Сен білесің бе? Оқушылардан бақшада көгөністен басқа не өсетінін сұрау. Арамшөптің сұрпы бойынша топыраққа ненің жетіспейтінін, оның құрамын қалай өзгерту керектігін анықтауға болатынын айту.

Қосымша тапсырма  Жұмыс дәптері: 63-жұмыс парағы. «Топырақтың қандай қасиеттері бар?», 7-б.     

Пластикалық стақанға салынған әртүрлі топырақтар

Кесте

Қажетті ресурстар: су құйылған стақандар, жұмсақ топырақ, ұсақ тастар, қағаздан жасалған гүлдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Венн диаграммасы

 

 

Плакат

 

 

видеоролик

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

Рефлексия

  • Топырақтың қандай қасиеттерімен таныстық?
  • Топырақтағы су қандай бағытта қозғалады екен?
  • Топырақ түсі нені білдіреді?

 

 

 

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы


 

Сабақ бойынша

рефлексия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз) ?

1:

 

2:

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о публикации
Загружено: 21 января
Просмотров: 4723
Скачиваний: 11
Темирбаева Фарида Кадирхановна
Начальные классы, 3 класс, Планирование