Коучинг (Өзін-өзі реттеудің тиімділігі)

: Өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу; байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Скачать материал
Просмотр
содержимого документа

№6 хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі:

Кысырауова Шынар Андебековна

 

Коучингтің тақырыбы: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Өзін-өзі реттеудің тиімділігі.

Мақсаты:    Өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу;

                       байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтиже: 1. Өзін-өзі реттеу туралы түсініктері қалыптасады.

                            2. Сенімді мінез-құлық пен өзін-өзі реттеу дағдыларын жетілдіреді;

                            3. Ішкі тұрақтылық сезімі мен өзіне деген сенімділікті қалыптастасады.

Әдіс-тәсілдері:Тренинг, қызығушылығын ояту, ассоциация, ЖИГСО әдісі, ақиқат орындығы, өзін-өзі

                            реттеу жаттығуы, ой толғаныс.

Ресурстар:постер, қаламдар, қиықшалы мәтіндер, АКТ, слайд.

Барысы:

1. Психологиялық тренинг.  «Танысу жаттығуы»

      Ең алдымен таныспас бұрын шеңбер жасалған орындыққа отырайық.

Қолымдағы допты қатысушыға  беріп есімдерін ататқыза отырып,  өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтады.

Ризагүл –рақымды, гүлдей ризалы.

2. «Өміршендік ережесі»

   Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп,

жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып,

Өміршеңдік ережелерін айтайық.

  1. Жігер деген – Мен
  2. Күш деген – Мен
  3. Кешірім деген –Мен
  4. Құдірет деген – Мен
  5. Денсаулық деген – Мен
  6. Адалдық деген – Мен
  7. Бар ғажайып деген – Мен

Хормен: Бәрі маған байланысты,

                 Бәрі менің қолымда.

3. Топқа бөлу. Қатысушыларға түсті таяқшалар ұсынылады. Әрқайсысы  өзі ұнатқан түске қарай  бөлінеді.

4. Қызығушылығын ояту.

Қатысушыларға дидактикалық  суреттер беріледі. Осы суреттерді  ретіне қарай жинақтайды немесе топтастыра отырып,  коучингтің тақырыбын анықтайды.

5.Ассоциация.

Өзін-өзі реттеу дегенді қалай түсінесіңдер?

(Видео қарау)

6. Мәтінмен жұмыс. (Қиықша таратылады)

Мәтінді ЖИГСО әдісімен талдау

  1. Топтарға бөлу («жанұяға»-1,2,3,4). Мәтін бойынша 4 топқа бөлу.
  2. Топтың әр мүшесіне тапсырма беріледі. Берілген бөлік мәтінді түсініп оқу.
  3. Сараптау топтарын бөліну (1+1+1+1, 2+2+2+2+2, 3+3+3+3, 4+4+4+4)
  4. «жанұя» тобына барып, сараптау тобында түсініп келгендерін бірі-біріне үйретеді.

 

1-топ: Өзін-өзі билеушілікті (күш-жігерді) қалай қалыптастыруға болады?

          Көп адамдар өзін-өзі билеушілік туралы ойланады. Сонымен өзін-өзі билеушілік мінез-құлықтың ең маңызды белгісі.  Кейде мықты өзін-өзі билеушілік қасиеті бар адамды, мықты мінез-құлықты адам деп жатады. Өйткені өзін-өзі билеушілік қасиетін мінез-құлықпен алмастыруға болады. Сонынмен,  өзін-өзі билеушілік деген не? Жігер – ауыр қиыншылықтарға қарамастан алға қойылған мақсатқа жету деген сөз. Жігерді адамның мықты жағы деп қарастыруға болады. Бұл бұрындары да, қазір де өте қатты бағаланады.  Жігердің бар болуы өмірімізде үлкен көмектер көрсетеді. Осыдан мынан сұрақ туындайды: қандай жігер көмек көрсете алады? Кез-келген бе, әлде күш-жігер ме?

      Адамды істегісі келетін емес, істеу керек іс-әрекеттерге итермелейтін не нәрсе? Өзіңіздің ырқыңызды, қалауыңызды басқара алу қасиеті күш-жігер деп аталады. Күш-жігер көмектеседі, алға жылжуға өз септігін тигізеді.

 Психологтардың айтуы бойынша күш-жігерді құрайтын белгілер:

          Сенім. Күш-жігерге сену. Осы арқылы сіздің қалауыңыз мақсатқа айналады.

         Қалау. Біздің қалауымыз неге, қайда ұмтылуды көрсететін жол. Әр адамның өз жолы бар.

         Батырлық. Егер адам батырлық танытпаса, маңызды шешім қабылдай алмайды.

         Сабырлық. Сабырлық арқылы өз мақсатымызға деген сенімді сақтап, тек алға ұмтыламыз.

 Кейде күш-жігерді қыңырлық көрсетумен шатастырады. Қыңырлық ол жақсы қасиеттке жатпайтындықтан, ол екеуінің ара-жігін ажыратып алу керек.

 Күш-жігер туа біткен қасиет емес, ол өмір жолында пайда болған, қалыптасқан нәрсе. Сондықтан оны дамытуға және тәрбиелеуге болады. Бірінші кезеңде күш-жігер  қоршаған ортаның әсер етуінен қалыптасады (үлкендердің балаларға), ал кейін жеке тұлғаның өз-өзін бақылауы арқылы қалыптасады. Күш-жігерді реттеу адамның өзіне байланысты. Күш-жігерді дамыту адамның сенімі, мақсаты, ой-өрісі арқылы қалыптасады. Күш-жігерді қалыптастыратын әдістер барлығына бірдей тиімді емес. Бұл үдерісті тоқтатуға болмайды. Күш-жігерді реттілік шыңдайды. Бірінші кезекте керек нәрселер:

                   * Барлық проблемаларыңыз бен сәтсіздіктеріңізді ойлап, жазу.

 * Күш-жігер алып келетін құндылықтарды жазу.

 * Өзіңізді күш-жігер иесі ретінде елестету. Осындай үлгі ұнайды ма сізге? Онда осы кейіпке  

   жету үшін өзіңіздің әрекеттеріңіз бен талпыныстарыңызды іске қосу.

 Күш-жігерді тәрбиелеу кезінде барлығына бірдей жармасудың қажеті жоқ. Бір немесе екі саланы таңдап, жетілу үшін әр күнге арналған жоспар құрыңыздар. Соның ішінде күн сайынғы жаттығулар, істер, ережелер болу керек. Ештеңеге талпынбайтын және қиыншылықпен күресе алмайтын адам, қызық емес адамға айналады.

 

2-топ: Өзін – өзі тәрбиелеу туралы

           Адамның өмірдегі орнын өзі белгілеу мәдениеті тәрбие мазмұнының маңызды бөлігі болып саналады. Адамның өмірдегі өз орнын өзі белгілеу мәдениеті оны жеке өмірінің және жеке бакытының жауапты субъектісі ретінде сипаттайды. Тұлғаның коғамдық сана-сезімінің дамуының белгілі бір сатысында, адам өзінің жеке басы үшін тек сыртқы мақсаттарды ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын да түсінеді. Ол өзіне-өзі тәрбиенің субъектісі ретінде қарай бастайды. Өзінің тұлға ретінде қалыптасуы, оның жеке белсендігінсіз мүмкін еместігін түсіне бастайды.
          Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның өз тұлғасын қалыптастыруға, өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға бағытталған мақсатты, саналы, жүйелі түрде өздігінен жүргізетін іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу тәрбие процессінің құрамды бөлігі және тұлғаның өзін-өзі дамытуындағы ең маңызды күш болып саналады. Өзін-өзі тәрбиелеу адамның жеке «Мендігін»- жүйелі түрде зерттеуін, қажымас қайраттылықты, үлкен ерік-жігерлік күшті қажет етеді. Өзін-өзі тәрбиелеу мектебі адамнан көптеген күш-қайратты жоғары дәрежедегі ұйымдастырушылықты, өзіне деген сын көзбен қарауды талап етеді. Неміс ақыны Ф. Логау былай деп тегін айтпаған шығар:
               «Өзіңмен өзің түскен күрес – ең қиын күрес,

                 өзіңді өзің жеңген жеңіс – ең ұлы жеңіс».
 

3-топ.     Өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдері.

Психологиялық-педагогикалық ғылымдарда өзін-өзі тәрбиелеудің кең қолданылатын тәсілдері болып өзіне-өзі баға беру, өзіне-өзі бұйыру, өзін-өзі құптау, өзін-өзі түзету және т.б. саналады.
Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалаудан басталады. Өзін-өзі бағалаудың негізін жеке адамның өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі құрайды.

 Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы қалыптасады, және осындай салыстыру табиғи түрде жүргізіледі де өте қызықты болды. Тұтас педагогикалық процесстегі қатынастар жүйесіне енгеннен бастап бала өзін басқа балалармен салыстырып, зерттеп, мынандай сұрақтарға: «-Неге мен осындаймын?», «Басқалар мені қалай қабылдайды?», «Өмірде мен қандай жетістіктерге жете аламын?»-деген сұрактарға жауап іздеп, өзінің барлық мүмкіндіктерін көрсетуге тырысады. Өзін-өзі нақты бағалау, өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс құрастыруға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалау жоғарлатылған, нақты, төмендетілген болуы мүмкін. Тұрақты және жаңа ақпараттар әсеріне, жинақтаған тәжірибесіне, қоршаған адамдардың пікірлеріне байланысты өзгеріп отыратын бейімделгіш өзін-өзі бағалау түрі адамның дамуы мен тиімді еңбек етуі үшін ең қолайлы бағалау болып саналады.
Өзіне-өзі бұйыру дегеніміз адамның өзіне-өзі берген қысқа, үздік-үздік үкімі.
Өзіне-өзі бұйыру адам өзін нақты бір іс-әрекет жасау керектігіне сендіріп, енді басқаша әрекет жасауға болмайды деп сезгенде ғана қолданылады. Бұйырықты түрде өзінен бір іс-әрекетің орындалуын талап ету қажеттілігі адамның өз кемшіліктерін анық көріп тұрып, бірақ сол жоспарланған істі орындауға күші жетпей тұрған кезде қолданылады. Өзіне-өзі бұйыру еріктік процесспен тығыз байланысты. Өзіне-өзі бұйыруда жаттығу үшін адам өзіне дауыстап бұйырық беріп оны қайта-қайта қайталап орындап отыруы қажет. Өз бұйырыгын екі апта аралығында орындап жүрген адамда өз бұйырығын автоматты түрде орындау әдеті пайда болады.
Адамның өзін-өзі тәрбиелеуде өзін-өзі құптаудын маңызы зор. Әр адамның есінде өздерінің үлкен жетістіктерге жеткен кездері жақсы сақталып қалады. Адамның жетістіктері оған рухани, интеллектуалдық, күш-жігерлік қорларының ішкі мүмкіншіліктерін байқатып, өмірдің жаңа белестерін жеңе алатынына сенімділік тудырады. Кейбір өмірлік жағдайларда адам «өткенді ойлап» осындай жағдайдан қалай жол тауып шыққанын еске түсіргені абзал.
Өзін-өзі бақылау – адамның өз іс-әрекеттерін, психикалық процесстер мен көңіл-күйлерін түсінуі, бағалауы және реттеуі. Бұл тәсіл адамға айналадағылармен сабырлы қарым-қатынаста болу іскерліктерін, басқа адамдардың кемшіліктеріне, әлсіздіктеріне, қателіктеріне шыдамды болуды үйретеді. Аталған тәсіл көмегімен адам шиеленіс жағдайларды реттеп, ұстамдылыққа, күрделі жағдайларда байсалдылық, сабырлық сақтауға үйренеді.
Өзін-өзі түзету адамға өз мінез-құлқын, кемшіліктерін, қателіктерін және басқа адамдарға деген қарым-қатынасын өзгертуге мүмкіндік береді. Өзін-өзі түзету адамның өзіне сын тұрғысынан қарауына байланысты болады.    Адамзат тарихында ұлы адамдарға өмірлік бағдарламасын нақты орындауға көмектескен өзін-өзі түзету мысалдары өте көп кездеседі. Өзін-өзі түзету өзін-өзі жетілдірудің тиімді тәсілдерінің бірі.

Л.Н.Толстой «Өзін жетілдіруге деген ұмтылыстан басқа еш нәрсе адамның өз игілігі мен басқа адамдардың игілігіне септігін тигізе алмайды»- деп бекер айтпаған.
 

 

7. Өзін-өзі реттеу жаттығуы. (Музыка қосу)

  - Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.            

 

8. «Ақиқат орындығы»

  Мақсаты: Қатысушылардың  қорқыныштары мен стресстерінен арылту, ашық болуға шақырту.

               Алдарыңызда топтың ортасында карточкалар жиыны тұр. Енді сендер кезекпен ортаға шығып,  

       аяқталмаған ойлары бар карточкаларға жауап берулеріңді сұраймын.

Карточкадағы сөйлемдер

-Ең үлкен қорқыныш –бұл...

-Мен мынадай адамдарға сенбеймін...

-Мен ренжимін, егер...

-Мен ұмытпаймын, егер...

-Маған көңілсіз, егер...

-Егер маған дауыс көтерсе, мен...

-Мен қарсыласқанда...

-Егер мен сенімсіз болсам...

-Менің жанымды жадыратады, егер....

9. Ой толғаныс. Сөйлемді аяқтағанда сіздер  қандай сезімде болдыңыздар?

10. Түйінді идея:

«Өзіңді - өзің бағындыруға, өзіңе-өзің билік көрсетуге кішкентайыңнан үйрен. Құлқың соқпаған, бірақ қажетті істі атқаруға өзіңді көндіре біл. Тиістіні тындыру – ерік, қайраттың бірінші қайнар бұлағы»                                                         

                                                                                                                                                      (В.Сухомлинский).

11. Кері байланыс. "Екі жұлдыз, бір тілек"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о публикации
Загружено: 20 января
Просмотров: 2845
Скачиваний: 4
Кысырауова Шынар Андебековна
Всем учителям, Прочее, Разное