« Әке көрген оқ жонар» атты тәрбие сағаты

Әке тақырыбында тәрбие сағаты. Балаларды әкені құрметтеуге үйретеді. Сынып жетекшілерге тәрбие сағатын өтуге көп көмегі тиеді.
Скачать материал
Просмотр
содержимого документа

9 «ә»  сыныбында өткен    « Әке көрген оқ жонар» атты тәрбие сағаты

Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту. Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту.

Көрнекіліктер: 1. Әке-асқар тау.                                                                                                2.Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.                                                      3.Жақсы әкенің даналығы- балаға мың жылдық азық.                                  4.Әке- шаңырақтың негізгі тірегі.                                                                                              5.Әке- балаға сыншы.

Дөңгелек стөлдің барысы:

(«Әке туралы монолог» видео ролик көрсетіледі.)

Мұғалім:
Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын оған қарап өсетін нысанасы. «Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ, бала- жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші! Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек.
Әке! Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек. Өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп.
Олай болса, құрметті біздің әкелер балаларыңыздың ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Мұғалім:  Ал енді балалар сіздер үшін «Әке» деген кім?

1-оқушы:       Есімде бейнесі әкемнің

 Күлімдеп қарайтын

  Мен саған талпынсам  

 Құшағын жая сап,көтеріп алатын.  

2-оқушы: Бойға қуат береді  

Әй жарайсын дегені

 Мен әкемнен әр кезде  

Соны естігім келеді.

3-оқушы:    Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

  Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін. 

Ақылды балаларың оны білген.

4-оқушы:       Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

                       Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

                        Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

                         Алдымен адам бол деп жетелеген.

5-оқушы:         Әр сөзінің ақырын, 

Жақсылыққа тірейді.

Қадап айтып ақылын, 

 Көпке бақыт тілейді.

6-оқушы:       Әкем шытса қабағын- 

«Байқа балам» дегені.

 Алған көп-ақ сабағым, 

Жақсы көрем мен оны.

7-оқушы: :       Арқа сүйер панасың,    

 Ақылы мол данасың

Адал етіп өсірген,        

Мендей ерке баласын.

 

8-оқушы:     Қамқорсың әке өмірде, 

 Қуатым сенсің көңілге.

Әлпештеп мені өсірдің,

Ұшармын ертең көгіңде.

 

9-оқушы:       Аңсаймын жылы сөзіңді,

Ақылшым болған кезіңді.

Есімде әке сақтаймын,

Асқар биік өзіңді.

10-оқушы:       Арманым едің аңсаған,

Әкелсем бақыт мен саған.

Ұрпағың болып жалғадым,         

Қуаншы,әке,сен маған.

 

 

11-оқушы:      Теңіздей шалқып жүремін,

Сүйенер сенсің тірегім.

Барсам да қайда, жан әке,

Өзіңмен бірге жүрегім.

Ән  «Әке»
Мұғалім: «Әке көрген оқ жонар» бұл да әкеге байланысты ардақты айтылған сөз. Мен әкенің бойынан күш - жігерді, батырлықты, қайсарлықты, білімділікті, барлық қасиеттерді көруге болады деп ойлаймын. Қарап отырсақ әкенің түр - түрі болады.  Бірі ақылды, білімді болса, бірі жігерлі, қайратты, енді бірі батыр да, батыл қайсар болып келеді. Ал енді бірінің бойынан осы айтылғандардың бәрін көруге болады.
 

 

 

                                                                 Музыка ойналып тұрады.     Әкем-әнім А.Жорабаева.
Мұғалім:

Әке қатал болса да,
Сыйлау оны – бір құрмет.
Әке қандай болса да,
Қорқу одан – бір құрмет.
Әкенің бір сөзіне
Ешқандай тыйым жетпейді.
Әке қатты сөз айтса,

Есіңнен еш кетпейді.
Әкесін сыйлай білгендер,
Көгереді, көктейді.
Ойын: «Бүгінгі менің ойым» деп аталады. Оқушыларға мынандай сұрақтар беріледі.
Ой папа-мама, қойыңыздаршы осы, сіз оны түсінбейсіз?
Мұны дұрыс істеген жоқсың, сол үшін анаң ұрсып жатыр. Ұрысқаны үшін анаң кінәлі ме, дұрыс істемегені үшін сен кінәлісің бе?
Ата- аналарға сұрақ
Балаңыздың «ой, қойшы мама» деген сөздері сізге ауыр тие ме?
Сенің кез келген жақсы ісің үшін  қуанатын да анаң, кез келген дұрыс емес ісің үшін ренжитін де анаң. Ана жүрегі енді ғана қауызынан ашылар гүл. Сенің бір ауыз сөзің гүлдей болған ана жүрегін тырнап алуы мүмкін. Ана жүрегі ренішті де, ауруды да, қайғыны да бәрін бәрін көтереді. Бірақ әрбір тырнаудың ізінен мәңгілікке жара қылып кетеді осыны ұмытпа. Оқушылар сендерге осы жерде айтылған сөздер тек анаға арналады, яғни әкені ренжітуге болады деген ой тумасын, анасын сыйлаған бала әкесін де сыйлайды.

«Жасырылған сөз» деп аталады. Енді оқушыларға алфавит бойынша әріптерді қойғанда шығатын сөздердің бірнешеуі беріледі.
Мына сандардың астында бір әріп тұр, соны тауып сөйлетіп көрейік.
Қадірменді оқушы, ата-анаңа ақыл қосар ақылшы екеніңді, қиындығын жеңілдетер көмекші екеніңді, яғни ертеңгі күнгі үміті екеніңді ұмытпа. Әрбір отбасы бақыты сол отбасынан құрап отырған мүшелердің барлығына тікелей байланысты.
1, 18, 1
10 ,28, 23 ,8 ,5 ,38,
18 ,2, 11, 38, 14,

 5,28, 15,
20 ,18, 37,
10, 1, 23, 1, 16, 1, 17, 1.
Тапсырма жауабы: әрбір тұрған сан алфавит бойынша сандардың ретін береді. Сонда «Ана жүрегі нәзік гүл, оны жаралама» деген сөз шығады.

 

Мұғалім:  Құрметті ата - аналар, оқушылар!

 «Әке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, ба- ла - жағасындағы құрақ» дегендей барлықтарыңыз аман болыңыздар. Әкелеріміздің айтқанын тыңдап, ойымызға түйіп, өнегелі, тәртіпті, әдепті, білімді оқушылар болып өсейік.

Бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас,арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей,өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық.  Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін.

Ертеңгілігімізге келіп қатысқан барша әкелерге өз атымнан және мектеп әкімшілігінің атынан көп алғыс айтамын.

Отбасыңызға аманшылық, бақ , береке, денсаулық тілеймін.

 

 

 

 

 

 

Алладан кейінгі шеберім
Жан әке жан жүрегім
Самғасам күш қуат демедің
Сүрінсем тірегім
Қалдырмас аязға ызғарға
Алыбым асқар тауым
Жан әке қасымда сіз барда
Арайлы әр таңым

[Қайырмасы]
Әр қашанда! биік көретін мен басқадан
Менің әкем! Менің әкем! Ең жақсы адам
Менің әкем! Менің әкем! Ең жақсы адам

Қасиет киеңнің шыңына
Арнадым алғыс тағзым
Еш мектеп жет алмас құныңа
Ең мықты ұстазым
Аңсайды ұлына әр әке
Елде жоқ бақ қоңғанын
Жетеді мен үшін жан әке
Сіздей ақ болғаным

[Қайырмасы]
Әр қашанда! биік көретін мен басқадан
Менің әкем! Менің әкем! Ең жақсы адам
Менің әкем! Менің әкем! Ең жақсы адам

 

 

Информация о публикации
Загружено: 13 ноября
Просмотров: 3179
Скачиваний: 8
Серикова Салтанат Төреқожақызы
Внеурочка, 9 класс, Мероприятия