[Закрываем эфир!] Образовательный интенсив «Педагог 2.0: инструменты и технологии» Трансляция→
Конкурс разработок «Пять с плюсом» сентябрь 2020
Добавляйте свои материалы в библиотеку и получайте ценные подарки
Конкурс проводится с 1 сентября по 30 сентября

"Кабинеттік жүйе және жаңа сабақ"

Елбасы Н. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік кеңістігіне кіріктіру болмақ. Болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына жол ашатын құдіретті күш тек білімде ғана. Заман талабына сай оқыту мұғалімге байланысты. Оның негізгі қасиеті — ізденгіштігі. Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. Қазір білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда.
Просмотр
содержимого документа

Кабинеттік жүйе және жаңа сабақ

Елбасы Н. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік кеңістігіне кіріктіру болмақ. Болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына жол ашатын құдіретті күш тек білімде ғана. Заман талабына сай оқыту мұғалімге байланысты. Оның негізгі қасиеті — ізденгіштігі. Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. Қазір білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда.

Физика кабинеті мемлекеттік бағдарлама бойынша 2008 жылы қазіргі заманғы білім мен біліктілікке қоятын талаптарға сай жабдықталды.

Сабақ сапасының жоғарылауы оқу процесінде іс жүзінде қажетті оқу-құралдарынсыз мүмкін емес.

Физика пәнінен жоғарғы көрсеткішке жету қажетті құралдар – механикадан, электрден, оптикадан , астрономиядан, жалпыға арналған құрал-жабдықтарға және олардың зертханалық жқмыстарына байланысты.

Физикалық білімді жоғарғы дәрежеде ұғыну әр түрлі оқу және техникалық оқу құралдарын толық жабдықталған кабинетте жүзеге асады

Мұғалім столы, оқушының жұмыс орны, класс тақтасы және құралдар сақталатын шкафтар сабақ өткізуге ыңғайлы болуы керек. Оқу құралдары (модель, электронды оқулықтар, дисклер, кестелер, жарға ілінетін анықтама кестелері, принтер мен компьютар, документ камера, графопроектор, дыбыс шығарғыштар, экран) оқу жүйесінің бөліктері ретінде оқушының сабақты жоғары дәрежеде меңгеруіне және біліктілікті арттыруына көп әсерін тигізеді.

Кабинет мынандай жабдықтардан тұрады:

Жалпы білім беретін мектептер үшін оқу-әдістемелік әдеби тізімі;

Физикалық көрнекілік құралдары;

Дидактикалық карточкалар, зертханалық жұмыстар мен бақылау жұмыстары;

Техникалық оқу құралдары (компьютер принтерімен, диапроектор, графопроектор және көрсетілім проекторы) және оларды қолдану құралдары-экран мен дистанциялық құралымен;

Оқу-әдістемелік оқулықтар;

Оқушылардың үздік және  бақылау жұмыстары;

Кабинеттегі оқу құралдары мен техникалық құралдар картотекасы;

Кабинеттегі жұмыс Министрліктің бекіткен бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Кабинеттің жоспарлануы оның өлшемдері мен пішініне байланысты, соған қарамастан тақтаның орналасуы терезеден түскен жарыққа байланысты орналасады.

Кабинеттің артқы қабырғасында көрнекілік оқу құралдары бар үш шкаф орналасқан. Мұғалімнің жұмыс столымен қатар екі көрсетілім столы тақта алдында орналасқан, оның үстінде графопроектор, екі дыбыс шығарғыш, компьютер принтері мен диапроектор орналасқан.

Тақтаға қарсы көрсетілім проекторы жарға қондырылған, ол жұмыс столындағы компьютермен жалғанған.

Компьютерге қажетті 5 электрондық оқулық дискілер бар. Зертханалық жұмыс құралдары, көрсетілім тәжірибелік құралдары жеткілікті.

Сонымен қатар, компьютерлік модельдерді қолдану мұғалімге физикалық ұғымдардың мәнін тереңірек ашуға, оқушыларды қазіргі кездегі физиканың тәжірибелік негізімен таныстыруға, физикалық құбылдыстар мен процестерді зерттеу әдістерін, оқушыларға білім жүйесін ғылыми зерттеу әдістерімен тығыз байланыстыра отырып хабарлауға мүмкіндік береді.

Жаңа материалды түсіндіру сабағында динамикалық компьютерлік модельдерді қолдану мұғалім мен оқушыларға көп артықшылық береді. Өйткені, компьютерлік модель оқытатын физикалық процестердің көрнекі түрде сақталуына, сондай-ақ тікелей бақылау кезінде көзге көрінбейтін немесе жалпы мүмкін емес құбылыстың нәзік жерлерін елестетуге мүмкіндік бере алады.

Мұндай жабдықталған кабинеттің басты мақсаты-оқушылар мен мұғалімнің жемісті еңбек етуін қамтамасыз ету.

Физика сабақтарында түрлі суреттерді, схемаларды, қорытындыларды, формулаларды, анықтамаларды экранға проекциялап оқушылардың оқу материалын көзбен көру арқылы есте сақтауын қамтамасыз ету үшін диапроектор қолдану өте қолайлы.

Бүгінгі таңда еліміздегі қай деңгейде болмасын оқушылар білімін тексерудің негізгі түрлерінің бірі тестілеу әдісі болып отыр.

Бұл әдіс, біріншіден, оқушы білімін бағалауға мұғалімнің субъективтік көзқарасының ықпалы болмауын қамтамасыз етсе, екіншіден, аз уақыт ішінде көлемді материалды қамти отырып, білім деңгейін жылдам тексеріп шығуға мүмкіндік береді.

Физика – эксперименттік  ғылым. Физиканы  оқуды  зертханалық  жұмыстарсыз  елестету  қиын. Өкінішке  орай  физика  кабинетінің  жабдықталуы  жаңа  жұмыстар  тұрмақ, бағдарламадағы зертханалық  жұмыстарды жасауға  жеткілікті бола  бермейді. Осы кезде  көмекке дербес  компьютер келеді,  онымен  өте  күрделі  зертханалық  жұмыстарды  орындауға  мүмкіндік  бар. Оқушы  онда  өз  қалауынша  тәжірибенің  алғашқы  параметрлерін  өзгертіп,  бақылап, нәтижесінде құбылыс  қалай  өзгергенін  көріп,  көргенін  талдап, сәйкесінше  қорытынды  жасайды.

Компьютерді  сонымен  қатар сабақтың  басқа  типтерінде  де қолдануға  болады; өздігінен  жаңа  материалды  оқуға, есептер  шығаруда,  бақылау  жұмысы  уақытында. Әсіресе жаңа   материалды  меңгеру  мен  бекіту  және  өтілген  тақырыптарды  қайталау  сабақтарында  оқушылардың  логикалық  ойлау  қабілеті  жақсы  дамиды. Физика  сабақтарында  компьютерлерді  пайдалану  шығармашылық процеске және дамыта  оқыту  принципіне  алып  келеді.

Мен өз тәжірибемде ақпараттық –коммуникациялық технологияларды үнемі пайдаланамын. Мектепте 7 – 8 сыныптарға сабақ  беремін. Барлық сыныпқа  мүмкіндігінше  ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдануға  тырысамын. Физика  кабинетінде  интерактивті тақта бар. Мен  8  сыныптағы «Жылу  құбылыстары » тарауын өткенде ақпараттық-коммуникациялық құралдарды сабақтың әр түрлі кезеңдердерінде қолдандым. Сабақтарымда сергіту сәттерінде,топқа бөлінгенде , жаңа сабаққа кіріспеде ,жаңа сабақты бекіту кезеңінде, презентация жасағанда,     тест жұмысын  орындағанда, электрондық оқулықтарды,  видеороликтерді  қолданамын.  

Әр сабағымды өткізген кезде байқағаным қай деңгейде отырған оқушы болса да интерактивті тақтаға жазып, видеоролик көргеннен кейін бір сөзбен айтқанда  сабақта ақпараттық -  коммуникациялық  технологияны пайдаланғанда  сабаққа қызығушылықтары оянып, көру, есту арқылы ақпаратты ұзақ есте сақтауына, мұғалімнің уақытты тиімді пайдалануға көмектеседі деген қорытындыға келдім.

Мен  физика пәнінде компьютерді үнемі жаңа сабақ түсіндіргенде,  өткенде және қорытынды сабақта қолданамын.

Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбе күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады.

Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде.

Технология сөзі біріншіден - өнер, шеберлік деген ұғымның синонимі ретінде педагогикалық шеберлік деген ұғымды білдірсе, екіншіден, білім беру ісін технологияландыру арқылы жан-жақты дамыған, өзіне сенетін, өмірге икемді тұлға қалыптастыру болып табылады. Қазіргі мектеп пән мұғалімнің мақсаты, міндеті де осыған келіп тіреледі. Баланың ішкі мүмкіндіктерін тани білу, оның сыртқа шығуына түрткі жасау оңай процесс емес. Ақпараттық технологиядан іздену – осы мәселелердің шешімін іздеу деген сөз.

Әр пән кабинеттері осылай толық жабдықталса оқушының пәнге деген қызығушылығын және білім мен біліктілікті арттырады деп есептеймін.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Дрига И.И., Рах Г.И. Технические средста обучения в общеобразовательной школе. М. Просвещение,1983.

2. Коджаспирова А.В. Методика использования технических средств. М. Просвещение, 2005.

3. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика, Астана. 1998. 200-219-беттер.

4.    Қазақстан Республикасы  білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

  5.  «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына  Жолдауы  2011ж

    6.«Математика және физика»  журналы  №3  2007ж

  7.  «Математика және физика»  журналы  №5  2010ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саға мектеп – балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама

 

Кабинеттік жүйе және қазіргі сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған : А.Н.Мамбеткереева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

Информация о публикации
Загружено: 27 сентября
Просмотров: 372
Скачиваний: 1
Мамбеткереева Асем Нуралыевна
Физика, 8 класс, Разное
Скачать материал