Эстафета: "Денсаулық күнін қолдаймыз!"

Бұл материалда денсаулық күніне арналған эстафетаның ережесі мен барысы жазылған
Скачать материал
Просмотр
содержимого документа

 

    «Келісілді»                                                       «Бекітілді»

«Бесқарағай колледжі» КММ                            «Бесқарағай колледжі» КММ                                                                                                                  директордың                                                          директоры

ТІ жөніндегі орынбасары                                    __________ Р.Ж.Нургалиев ____________ Б.С.Тасбулатова                          «___»____________2019 ж.                               «___»___________ 2019 ж.                 

 

 

«Жастар КZ»

республикалық жоба аясында салауатты өмір салтын

насихаттау мақсатында 

«ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІН ҚОЛДАЙМЫЗ!»

атты колледж студенттерінің арасында өткізілетін  эстафета

ЕРЕЖЕСІ

 

      1. Эстафетаның ашылуы 

  1. «ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІН ҚОЛДАЙМЫЗ!» эстафетасы
  2. Эстафетаны қорытындылау
  3. Марапаттау.

 

Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің қозғалыс қабілеттерін дамыту,  денсаулықтарын қадірлеуге, шымыр болуға баулу.
Қатысатындар: колледждің 1,2,3 курс студенттері

      Өткізілетін орыны: Аудандық стадион

      Мерзімі:  09.09.2019 ж. сағат 15.00

      Спорттық киім: Жейде, спорттық шалбар, спорттық аяқ киім.
                                                  Эстафета барысы: 

 1. «ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІН ҚОЛДАЙМЫЗ!» эстафетасының ашылу сөзі колледж директорының ТІ жөніндегі орынбасары Б.С. Тасбулатоваға беріледі.

 2. «ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІН ҚОЛДАЙМЫЗ!» эстафетасы:

  - «Желаяқ»  (белгіленген жерге дейін жүгіріп барып қайтып келу)

  - «Жылдамдық пен ептілік» (белгіленген жерге дейін футбол добын табанның сырт жағымен жүргізіп жүгіріп бару және кері қайту)

  - «Секірмемен  жүгіріп көр»  (белгіленген жерге дейін секірмемен секіріп барып, кейін секірмені қолға ұстап жүгіріп қайту )

     - «Достық шеңбері» (обручты белге салып, кезекпен жүгіре отырып топты  жинап  жүгіріп келу)

3. Эстафетаны  қорытындылау. Алдын ала сайланған төрешілер әрбір бөлімнің

ұпай санын қосып, қорытындылайды.

4.Эстафетаның  жабылуы. Жеңімпаздарды марапаттау.

 

 

 

 

Спорттық іс-шараны ұйымдастырушы дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Б.Т Кабаева

 

 

 

 «Жастар КZ»

республикалық жоба аясында салауатты өмір салтын

насихаттау мақсатында  

«ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІН ҚОЛДАЙМЫЗ!»

атты колледж студенттерінің арасында өткізілген  эстафетаның

ЕСЕБІ

 

          2019 жыл қыркүйектің 07 күні колледж студенттерінің арасында «ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІН ҚОЛДАЙМЫЗ!» атты эстафета өткізілді. Эстафетаның мақсаты «Жастар жылын» және салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің қозғалыс қабілеттерін дамыту, денсаулықтарын қадірлеуге, шымыр болуға баулу. Эстафетаға барлығы 3 команда қатысты, әр командада бес студенттен жарысты.

                                              Эстафета кезеңдері:                                                                         1.  «Желаяқ»  (белгіленген жерге дейін жүгіріп барып қайтып келу).                                  2.  - «Жылдамдық пен ептілік» » (белгіленген жерге дейін футбол добын табанның сырт жағымен жүргізіп жүгіріп бару және кері қайту)

  - «Секірмемен  жүгіріп көр»  (белгіленген жерге дейін секірмемен секіріп барып, кейін секірмені қолға ұстап жүгіріп қайту )

     - «Достық шеңбері» (обручты белге салып, кезекпен жүгіре отырып топты  жинап  жүгіріп келу)

Эстафета  өте тартысты өтті. Әсіресе секірмемен секіруде ТМ-231 топ  студенттерінің ептілігін байқадық, ал жылдамдықта МР -213 топ студенттері оқ бойы озып шықты. Л-232 топ студенттері өздерінің футбол добын игеру шеберліктерінің жоғары екендігін дәлелдесе, Л-212 топ студенттері барлық кезеңдерде ережелерді бұзбауға тырысты.

           Қазылар алқасының шешімі бойынша 1 орынды ТМ-231 топ командасы, 2-ші орынды МР-213 топ және Л-212 топ құрама командасы , 3-ші орынды Л-222 топ командасы иеленді. Барлық қатысушы командалар мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

 

 

 

Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы  Б.Т. Кабаева

   

 

 

Информация о публикации
Загружено: 22 января
Просмотров: 745
Скачиваний: 0
Кабаева Бану Токтаровна
Физкультура, СУЗ, Разное