Есептерді шешуде векторларды қолдану

Векторларға амалдар қолдану. Екі ветор арасындағы бұрыш. Векторлардың скаляр көбейтіндісі.
Скачать материал
Просмотр
содержимого документа

 

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Жазықтықтағы векторлар

Мектеп: №15 орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мурат Ботакоз

Сынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Есептерді шешуде векторларды қолдану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.19 векторды есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлығы: қарапайым есептерді шешуде векторды қолдану

Басым бөлігі: типтік есептерді шығаруда векторларды қолдану

Кейбірі: Күрделі деңгейдегі есептерді вектордың көмегімен шығару

Бағалау критерийі

Білім алушы:

-  қарапайым есептерді шешуде векторды қолданады;

-  типтік есептерді шығаруда векторларды қолданады;

-  күрделі деңгейдегі есептерді векторлардың көмегімен шығарады

Тілдік мақсаттар

 

Оқушы:

есептер шығаруда векторларды пайдаланады

Пәндік лексика мен терминология: вектор, бағыттас вектор, нөлдік вектор, векторлар арасындағы бұрыш, параллель векторлар;

Диалогқа қажетті тіркестер: скаляр көбейтіндіні пайдаланып…; векторлардың қосу ережесі бойынша…; векторларды азайту ережесі бойынша…; түзудің теңдеуін жазу үшін…;

Құндылықтарға баулу

 

 

Оқушыларды топтық жұмыстар арқылы өмір бойы білім алуға, құрметке, ынтымақтастыққа баулу;

Мәтін есептердің мазмұнына байланысты қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілікке баулу

Пәнаралық байланыс

Физика пәнімен, себебі оқушларға вектордың көмегімен физикалық есепті шығаруды ұсынамын;

География пәнімен, себебі есептерде географиялық терминдер, жер-су атаулары пайдаланылады;

Алдыңғы білім

 

Векторларға амалдар қолдану. Екі ветор арасындағы бұрыш. Векторлардың скаляр көбейтіндісі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

 

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу.

 1 тапсырма.

Мұғалім «Бір қадам алға» әдісі бойынша оқушылардың назарын сабаққа аударады (есіктен бастап үстелге дейін өткен тақырыпқа қатысты сұрақтар қояды, әр дұрыс жауап сайын бір қадам ілгері, ал қате жауап сайын бір қадам кейін жылжиды):

  1. Вектор дегеніміз не?
  2. Екі вектордың қосындысы деп нені айтамыз?
  3.  Қандай векторды бірлік ветор деп атаймыз?
  4. Нөлдік вектордың кез келген санға көбейтіндісі неге тең?
  5. Екі вектордың коллинеарлық шарты қандай?
  6. Вектордың координаталары қалай анықталады?
  7. Бірлік веторды басқаша қалай атауға болады?
  8. Координаталары арқылы берілген векторының ұзындығы қалай табылады?
  9. Екі ветордың скаляр көбейтіндісі дегеніміз не?
  10. Перпендикуляр векторлардың скаляр көбейтіндісі неге тең?
  11. ҚБ: әр дұрыс жауап сайын мадақтама сөздер айтып, ынталандыру

Үстелге жеткен соң оқушылармен бүгінгі сабақтың мақсатын анықтап аламыз.

Слайд, тақта

Сабақтың ортасы

(30 мин)

 

Оқушыларды сызбалар арқылы төрт топқа бөлемін: бағыттас векторлар, қарама-қарсы векторлар, коллинеар емес векторлар, нөлдік вектор.

2 тапсырма. (Жеке жұмыс)

А деңгейі. Құс оңтүстікке қарай 40 км/сағ меншікті жылдамдығымен ұшып барады. Батыстан 15 км/сағ жылдамдықпен жел соғып тұр, жел құстың ұшу бағытын ауыстырады. Құстың жерге қарағандағы жылдамдығын табыңыз, жауабын бірлікке дейін дөңгелектеңіз.

Қарапайым есептерді шешуде векторды қолданады

Векторлар арқылы сызбасын салады

Векторларды қосу ережесін пайдаланады

Жылдамдықты есептейді

Жауабын бірлікке дейін дөңгелектейді.

ҚБ: Дескриптор бойынша оқушылар өзін-өзі бағалайды.

3 тапсырма. (Жұптық жұмыс)

В деңгейі. Оқушылар тапсырманы жұпта талдайды, тұжырымдайды, есептеп жауабын табады. Жылдам біткен алғашқы екі жұп есепті талқылайды.

№124. Дененің қайсыбір нүктелеріне және күштері түсірілген, . Сол күштердің тең әсерлі күші Н. және күштері арасындағы бұрышты табыңдар.

Типтік есептерді шығаруда векторларды қолдану

Векторлардың көмегімен сызба салады

Векорларды қосудың параллелограмм ережесін пайдаланады

Ромбты анықтайды

және күштері арасындағы жарты бұрыштың косинусын өрнектейді

Бұрышты табады

ҚБ: Оқушылар дескриптор арқылы бірін-бірі бағалайды, ауызша бағалау жүргізіледі.

4 тапсырма.(топпен жұмыс)

«Галерея» әдісі. Оқушыларға топпен жұмыс жасауға тапсырмалар беріледі, әр топтан бір спикер таңдап алынады және сол спикер тақтада өз тобының жауабын қорғайды.

В деңгейі. векторы жататын түзудің теңдеуін құрып, кестені толтырыңдар:

 

1

2

3

А

(2;1)

(-1;2)

(-2;1)

В

(3;3)

(-3;1)

(0;4)

(АВ)

 

 

 

 

Типтік есептерді шығаруда векторларды қолдану

формуласын

қолданады

Есептеулер жүргізеді

түріне келтіреді.

Кестені толтырып әр топтың спикері  өз жауаптарын қорғайды.

ҚБ: Салыстыру жүргізіледі. Оқушылар дескриптор арқылы бірін-бірі бағалайды.

5 тапсырма. «Бағыттас векторлар» және  «қарама-қарсы векторлар» тобына бірдей етіп, және «коллинеар емес векторлар», «нөлдік вектор» тобына бірдей етіп есептер беремін. Тапсырманы «Өкіл» әдісі бойынша топта орындайды, постерге жазады.

С деңгейі

  • «Бағыттас векторлар» және  «қарама-қарсы векторлар» тобына:

KLMN төртбұрышының трапеция болатынын дәлелде, мүндағы:

  • «Коллинеар емес векторлар», «нөлдік вектор» тобына:

PRST төртбұрышының трапеция болатынын дәлелде, мүндағы:

Күрделі деңгейдегі есептерді векторлардың көмегімен шығарады

және (және ) векторларын коллениарлыққа зерттейді

Трапецияның анықтамасын қолданады

Дәлелдемені тұжырымдайды

ҚБ: топтар дайын жауап бойынша бірін-бірі тексереді, мұғалім - оқушы кері байланысы жүргізіледі.

Карточкалар

 

 

 

Слайд, дескриптор жазылған таратпа қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Геометрия, 9 сынып,

Г.Н.Солтан, А.Е.Солтан, А.Ж.Жумадилова/ Келешек-2030/ Көкшетау/2019, 57-бет

http://expert.keleshek-2030.kz/geo_9kz.php

Таратпа материалдар, дескриптор жазылған таратпа қағаздар

 

 

 

Слайд, таратпа материалдар, постерлер, дескриптор жазылған таратпа қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд, таратпа материалдар, дұрыс жауап парағы, дескриптор жазылған таратпа қағаздар, постерлер

 

 

 

 

Сабақтың соңы

(5 мин)

 

   «Тақырыптық теннис» әдісі бойынша бірінші топ екінші топқа тақырыпқа сай бір термин айтады, екінші топ сол сөздің мағынасын қысқа, нақты жауаппен ашып беру керек. Әрі қарай бірінші топқа қайтып келгенше тізбектеліп ойын жалғаса береді.

Рефлексия: «Аяқталмаған сөйлем» тәсілі бойынша рефлексия жүргіземін. Ол үшін оқушыларға төмендегі сөйлемдерді ұсынамын, олар өздеріне жақын бір аяқталмаған сөйлемді таңдап, стикерге толтырып «мұғалімге жеделхат» тақтасына жабыстырады.

  • Бүгінгі сабақта … білдім, … түсіндім, … көзімді жеткіздім;
  • Бүгін сабақта қуантқаны …;
  • Мен өзімді … үшін мақтар едім;
  • Маған ерекше ұнағаны …;
  • Сабақтан соң маған … келді;
  • Бүгін маған … сәті түсті;
  • Қызықты болғаны …;
  • … қиындық тудырды;
  • Менің түсінгенім ...;
  • Енді мен … аламын;

Үйге тапсырма: 55 бетте, 7-тақырып; 57 бетте № 126

 

Слайд, «мұғалімге жеделхат» тақтасы, стикерлер

Геометрия, 9 сынып, Г.Н.Солтан, А.Е.Солтан, А.Ж.Жумадилова/ Келешек-2030/ Көкшетау, 2009.

http://expert.keleshek-2030.kz/geo_9kz.php

СаралауСіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?  

БағалауСіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

 

Оқу мақсаттарының негізінде құралған сабақ мақсаттарын жүзеге асыруда саралау әдістерін тиімді пайдалану өте маңызды.

1-тапсырма. «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы көмекке зәру оқушыға қолдау көрсетіп, ынталандырамын

2-тапсырма. «Қорытынды» тәсілін пайдаланамын, оқушылар бірдей тапсырма орындаса да олардың нәтижелері әр түрлі болуы мүмкін. Оқушылардың әрқайсысына бағытталған нұсқау беріп, тапсырманы барлығы дұрыс түсінгеніне көз жеткізу керек

3-тапсырма. Кейбір оқушылар басқа оқушыларға қарағанда жылдам жұмыс істейді. Сондықтан саралаудың «Қарқын» тәсілін пайдаланамын. Басқа оқушыларға тапсырманы орындауға біршама уақыт беремін, жылдам біткен оқушылар көмек қажет ететін оқушылармен бірге жұмыс істейді.

4-тапсырма. «Жіктеу» тәсілі. Оқушыларды талаптары әр түрлі болатындай етіп топтарға бөлемін.

5-тапсырма. «Жіктеу» тәсілі. Оқушыларды талаптары әр түрлі болатындай етіп топтарға бөлемін.

Сонымен қатар сабақтың әр сатысында саралаудың «Бағалау» тәсілі қолданылады.

Бағалау – оқушының оқу нәтижесінің үнемі ілгерілеп отыруына ықпал ететін үдеріс. Оқушы жұмысының нәтижесін жақсарту мақсатында төменде көрсетілген бағалау түрлері қолданылады:

  1.            Ауызша бағалап, мадақ сөздермен ынталандырамын
  2.            Оқушылар дескриптор бойынша өзін-өзі бағалайды
  3.            Оқушылар дескриптор бойынша бірін-бірі бағалайды; мұғалім-оқушы кері байланысын жүргіземін

Барлық оқушының сабақ барысында қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сабақты барлығы қамтитындай қызықты өткізу үшін белсенді әдіс-тәсілдер пайдаланылады.

Сабақтың басында – өткенді қайталау үшін «Бір қадам алға» әдісі қолданылады;

Сабақтың ортасында – жеке, жұптық және топтық жұмыстар ұйымдастырылады.

«Галерея» әдісімен В деңгейінің тапсырмасын топ ішінде орындайды.

«Өкіл» әдісімен С деңгейінің тапсырмасын топ ішінде орындайды.  Білім алушылар жұпта және топта бірін-бірі тыңдап, сыйластық танытып, бірлескен жұмыс нәтижесіне қол жеткізе алады.

Сабақтың соңында – сабақты бекіту үшін «Тақырыптық теннис» әдісі қолданылады;

Рефлексия кезінде оқушылардың сабақтан не алғанын білу мақсатында «Аяқталмаған сөйлем» әдісі қолданылады;

 

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

 

 

 

 

Информация о публикации
Загружено: 20 февраля
Просмотров: 2024
Скачиваний: 5
Мурат Ботакоз
Математика, 9 класс, Уроки