І Осенняя онлайн-сессия «Повышение квалификации педагога» Подтвердить участие→
Конкурс разработок «Пять с плюсом» сентябрь 2020
Добавляйте свои материалы в библиотеку и получайте ценные подарки
Конкурс проводится с 1 сентября по 30 сентября

"Есеп шарты бойынша теңдеу құру"

Математика пәнінен ашық сабақ жоспары. Есепті теңдеу құру арқылы шығаруға байланысты тапсырмалар алынған. Шығармашылық жаттығулар орындалған.
Просмотр
содержимого документа

Күні: 17.01

 

№ 70 сабақ

Пәні:

Математика

Мұғалімнің аты-жөні:

Бейсенова С.А.

№34 орта мектебі

4«А» сыныбы

Сабақтың тақырыбы:

Есеп шарты бойынша теңдеу құру                        138-139 бет

 

Мақсаты:

 

Есеп шарты бойынша теңдеу құра білуге үйрету, теңдеуді шеше білуге дағдыландыру. Екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосып, азайтуды басшылыққа ала отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрістерін арттыру.

Есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, шапшаңдыққа, өзара көмекке  тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Есеп шарты бойынша теңдеу құруды үйренеді, екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосып азайтуға дағдыланады.

Әдіс- тәсілдері:

БББ. Лездеме.Зерек болсаң, айтып көр. Ойлы болсаң, озып көр. Алғыр болсаң, алып көр. Мықты болсаң, тауып көр.

Негізгі дереккөздер:

Оқулық, қима қағаздар, слайд, кесте, постер, «Табыс» ағашы, стикер.

Психологиялық ахуал

 Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті.

1.Сәлемдесу

2. Ұйымдастыру

Үй жұмысын тексереді.

137  бет   6 тапсырма

Оқушылар сабаққа мақсат қояды.

Қызығушылықты ояту

Екі қолды жұмысқа жұмылдыру.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

 

Ой қозғау

Миға шабуыл сұрақтары:

  1. Қосудың компоненттерін ата.
  2. Азайтудың компоненттерін ата.
  3. Белгісіз қосылғышты табу ережесі
  4. Азайғышты табу ережесі
  5. Азайтқышты табу ережесі

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

Мағынаны тану

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау.

1-топ  1 тапсырманың 1 бағанына теңдеу құрады.

2-топ  1 тапсырманың 2 бағанына  теңдеу құрады.

3-топ  1 тапсырманың 3 бағанына есеп құрастырады.

4-топ  1 тапсырманың  1 бағанына есеп құрастырады.

3 тапсырма  жұптық жұмыс.

4 тапсырма тақтаға орындалады.

5- тапсырма топтық жұмыс.

 

Сергіту сәті

«Қимылды  цифр» жаттығуы.

Ой сергітеді,шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

1.Атамның жасы ең үлкен екі таңбалы санға тең. Атамның жасы нешеде?

2. Немересінің жасы ең үлкен бір таңбалы санға тең. Немересінің жасы нешеде?

3.Қуыршақ 30 теңге тұрады? Осындай 2 қуыршақ қанша тұрады?

4.1 кг етті пісіру үшін 1 сағат кетеді. Ал 2 кг етті пісіру үшін  қанша сағат кетеді?

5. 3 қозыда неше аяқ бар? Неше құлақ бар?

6.Марат Қайраттан күшті. Кім әлсіз?

7. Түлкі қасқырдан қулау. Қайсысы аңқау?

8. Асқар  мысығының салмағы қанша екенін білгісі келді. Алдымен өзі өлшенді. Салмағы 35 кг көрсетті, содан кейін мысығын қолына алып таразыға тұрды. Ол 40 кг болды. Мысығының салмағы қанша?

9. Жануардың оң жағында екі аяқ, сол жағында екі аяқ, артында екі аяқ, алдында екі аяқ. Барлығы қанша аяқ?

10.Ағаш басында 2 балық отыр еді.   Оларға тағы 2 балық   ұшып келді. Барлығы неше балық болды?

 

Қорытындылау

Интерактивті тақтада берілген  есеп  бойынша теңдеу құрады.

Үйге тапсырма

Тапсырмаларды түсіндіру.

Күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

Критерийлерді ескере отырып, қорытынды баға шығару.

Топ басшысы топ жұмысын бағалау кестесі бойынша  бағалайды..

Кері байланыс

  «»

 

 

«Табыс» ағашын отырғызу.

Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.

Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналдым.

Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.

Оқушылар алмаларды ( стикер)   өздері  таңдап алып, атын жазып, ағашқа жабыстырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Лездеме

Үй тапсырмасының орындалуы:  137 бет   6 тапсырма

50 - 4 = 46                40 + ( 4 + 7) = 51           65 + 6  = 71

61+ 9 = 70                 50 - (6 + 9) = 35             71- 8  =  63

35 – 5 = 30                  25- (12 - 5) = 18           35 + 9  = 44

2.Зерек болса, айтып көр.

1.Қосудың компоненттерін ата.

2.Азайтудың компоненттерін ата.

3.Белгісіз қосылғышты табу ережесі

4.Азайғышты табу ережесі

5.Азайтқышты табу ережесі

 Сергіту сәті

      «Екі  қолды жұмысқа жұмылдыру»

3. Ойлы болсаң, озып көр.

Оқулықпен жұмыс  2 тапсырма

1 топ         х + 7 = 16                                2 топ         9 + х = 16                                

                   х = 16 -7                                                    х = 16 -9

                       х = 9                                                            х = 7

                   9+7=  16                                                      9+7=  16

3-топ

Тоғжан -9 (д)

Мәулен – 7 (д)            ?

9+7 =  16

Жауабы: 16 дәптер сатып алды.

 

4-топ

Тоғжан -? (д)

Мәулен – 7 (д)            16

16-7 =  9

Жауабы: Тоғжан 9  дәптер сатып алды.

3 тапсырма

Жұптық жұмыс.

(8+2) +7  = 17

20 +(5+3) = 28

(40+50)+2= 92

(27+3) +6 = 36

Сергіту сәті     «Қимылды цифрлар»

 

 

 

 

4 – тапсырма     Постерге орындалады.

1 топ         х + 40= 92                                2 топ         х- 40 = 52                                

                  х = 92 -40                                                  х = 52+40

                   х = 52                                                         х = 92

                   52+40=  92                                                92-40=52

3 топ         92-х= 40                                4 топ         х- 52 = 40                                

                  х = 92 -40                                                х = 52+40

                   х = 52                                                      х = 92

                  92-52=  40                                                92-52=40

4.Алғыр болсаң, алып көр    Шығармашылық жұмыс

1.Атамның жасы ең үлкен екі таңбалы санға тең. Атамның жасы нешеде? (99)

2. Немересінің жасы ең үлкен бір таңбалы санға тең. Немересінің жасы нешеде? (9 жас)

3.Қуыршақ 30 теңге тұрады? Осындай 2 қуыршақ қанша тұрады? (60 теңге)

4.1 кг етті пісіру үшін 1 сағат кетеді. Ал 2 кг етті пісіру үшін  қанша сағат кетеді? (1 сағ)

5. 3 қозыда неше аяқ бар? Неше құлақ бар? (12 аяқ, 6 құлақ)

6.Марат Қайраттан күшті. Кім әлсіз? (Қайрат)

7. Түлкі қасқырдан қулау. Қайсысы аңқау? (Қасқыр)

8. Асқар  мысығының салмағы қанша екенін білгісі келді. Алдымен өзі өлшенді. Салмағы 35 кг-ды  көрсетті, содан кейін мысығын қолына алып таразыға тұрды. Ол 40 кг болды. Мысығының салмағы қанша? (5 кг)

9. Жануардың оң жағында екі аяқ, сол жағында екі аяқ, артында екі аяқ, алдында екі аяқ. Барлығы қанша аяқ? (4 аяқ)

10.Ағаш басында 2 балық отыр еді.   Оларға тағы 2 балық   ұшып келді. Барлығы неше балық болды?( Балық ағашта өспейді)

«Кім жылдам?»

1-топ

16 – 4 + 8 – 1 + 23 – 11 = 31

2 –топ

8 + 7 – 1 + 20 – 4 + 11 = 41

3-топ

24 – 7 + 9 – 6 + 32 – 14 = 38

4-топ

9 + 6 – 2 + 30 – 5 + 12 = 50

5. Мықты болсаң, тауып көр.

1-топ  «Алғырлар»

Мен бір сан ойладым, ол санға 10-ды қосқанда 45 шықты. Мен қандай сан ойладым?    х+ 10 = 45

 

 

 

2 –топ «Тапқырлар»

Сөреде бірнеше кітап тұр. Сөреге  тағы 35 кітап қойғанда, онда 49 кітап болды. Сөреде неше кітап тұрған еді?  х + 35 = 49

3- топ «Ойшылдар»

Қайсар бір сан ойлады, ол саннан  15-ті азайтқанда 40 шықты. Қайсар қандай сан ойлады?    х – 15 = 40

4-топ «Білгірлер»

Оқушы бір сан ойлады. Егер бұл санға 23-ті қоссақ, онда 58 шығады. Оқушы қандай сан ойлады?    х + 23 = 58

 

Бағалау.   Топ басшылары топ мүшелерінің ұпайларын санап, қорытындысын айтады.

Үйге тапсырма: 139 бет 6 тапсырма

Кері байланыс:

«Табыс» ағашын отырғызу.

Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.

Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналдым.

Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.

 

(Оқушылар алмаларды ( стикер)   өздері  таңдап алып, атын жазып, ағашқа жабыстырады.)

Информация о публикации
Загружено: 20 января
Просмотров: 984
Скачиваний: 0
Бейсенова Салтанат Ажимухановна
Математика, 4 класс, Уроки
Скачать материал