" Бір қалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық"

Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларды орташа жылдамдық туралы түсінік алуға жетелеу, бір қалыпты емес қозғалыс туралы ұғым туралы түсінік беруді әрі қарай жалғастыру 2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу. 3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру. Сабақ түрі: аралас Сабақ әдісі: баяндау, топпен, сұрақ-жауап. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар, Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу Тренинг: Мені таны Топқа бөлу. Броундық қозғалыс
Скачать материал
Просмотр
содержимого документа

 

Күні: 18.11.16ж

Пәні: физика

Класс: 7

Сабақ тақырыбы: §19. Бір қалыпты  емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларды орташа жылдамдық туралы түсінік алуға жетелеу, бір қалыпты емес қозғалыс туралы ұғым туралы түсінік беруді әрі қарай жалғастыру

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, топпен, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу

Тренинг:  Мені таны

Топқа бөлу. Броундық қозғалыс

ІІ. 1.Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

  1. . Бір қалыпты қозғалыс дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
  2. Бір қалыпсыз қозғалыс дегеніміз не? Мысал келтіріңдер
  3. Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не? Формуласын жазыңдар.
  4. Жүрілген жолды қалай өрнектеуге болады?
  5. Қозғалыс уақытын қалай анықтауға болады?
  6. Жылдамдық өлшем бірлігі қандай?
  7. Оқушыларға берілген есептердің шығарылуын тексеру.

2. Формулалар құрастыру:

3.       Эл. Оқулықтан тапсырма.       ρ=m/ᴠ      ᴠ=m/ρ        m=ρᴠ

ІІІ. Жаңа сабақ. (Эл.оқулық арқылы түсіндіру)

Орташа жылдамдықты есептеп табу үшін берілген уақыт аралығындағы орын ауыстыруды осы уақыт аралығына бөледі, яғни бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығын есептегендегі амал қолданылады.

IV. Есептер шығару.

9-жаттығу. №1, №2.

Карточкамен жұмыс.  Деңгейлі тапсырмалар.

1.36 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан велосипедші жарты сағатта қанша жол жүреді?

2.Жылдамдығы 0,5м/с ағыспен жүзген сал қанша уақыт ішінде 15 км жол жүреді.

3.Спортшы конькимен 1500 м қашықтықты 1 мин 52,5с- та жүгіріп өтті.Оның орташа жылдамдығын есептеңдер.

4.Самолет 750 км/сағ орташа жылдамдықпен ұшып келеді. Ол 6 сағат ішінде қандай қашықтықты  ұшып  өтеді.

5.Ұзындығы 250м пойыз бірқалыпты қозғалып, көпірден 2 минут ішінде өтті. Егер көпірдің  ұзындығы  360 м болса , пойыздың жылдамдығы қандай?

6.Мотоцикл жолдың бірінші 30 км бөлігін 15м/с орташа жылдамдықпен, ал қалған екінші 40 км бөлігін 1 сағатта жүріп өтті. Мотоциклдің барлық жолдағы орташа жылдамдығы қандай?

7.Автомобиль алғашқы 5 минутта 600м жол жүрді. Тура осындай жылдамдықпен қозғалып, ол 0,5 сағат ішінде қандай жол жүреді.

V. Қорытындылау. Эл. Оқулықтан тапсырма

VІ. Бағалау. Қызыл-5, жасыл-4, сары-3

VІІ. Үйге тапсырма: §19. 9-жаттығу. №3, №4.

 

 

Информация о публикации
Загружено: 27 сентября
Просмотров: 1735
Скачиваний: 0
Мамбеткереева Асем Нуралыевна
Физика, 7 класс, Уроки