Бастауыш сыныпта функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың маңыздылығы

Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында жүргізіп жатқан оқыту тәжірибесі турралы бөліседі.
Скачать материал
Просмотр
содержимого документа

C:\Users\арал\Downloads\1.jpg  

                         Есенова Балагуль Абилкаировна

                        «№220 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі

 

Бастауыш сыныпта функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың маңыздылығы 

   Қазіргі уақыт әлемдік білім кеңістігіндегі сан алуан өзгерістерге толы. Халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің де сипаты өзгерген. Жалпы білім беретін мектептерде   зияткерлік, дене және рухани  тұрғысынан дамыған, өмірге бейімделген азамат қалыптастыру басты мақсатқа айналды. Сондықтан қоғамның дамуына сай сауаттылық ұғымының да мәні өзгеріп, қойылатын талаптары да күрделенген. Осыған дейін оқушыларға тақырып бойынша ауқымды мәліметтер беріліп, оны есте сақтау талап етілген болса, қазір тұлғаға қойылатын талаптар оқу, жазу, санау, сызу дағдыларымен шектелмей,  белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен білікті игеруі, яғни функционалдық сауаттылыққа жету қажеттілігі туындап отыр..

   Функционалдық сауаттылықты дамыту Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында нақты көрсетілген. Осыған орай оқушылардың  функционалдық сауаттылығын дамыту жөнінде ұлттық жоспар қабылданды. Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының  функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында  білім беру мазмұны жаңарып, стандарттар, оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары, оқулықтар өзгерді. Озық технологиялар зерделеніп, тәжірибеге ене бастады. Бұл ғасыр талабына сай болу дегенді білдіреді. Осының нәтижесінде фунционалдық сауаттылықты қалыптастыру басты міндетке айналды. Функционалдық сауаттылық – оқушылардың бойында сыртқы ортамен қарым - қатынас жасау қабілеті, өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың негізі, әлеуметтік –мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзіреттілікке қарыштау жолы. Ол білім алушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзіреттілігінің бірлігінен құралады. Функционалдық сауаттылық қайдан басталады? Әрине, отбасынан. Кішкентай шақтан бастап - ақ өз қажеттілігін сұрауға, өзіне қызмет етуге, үй шаруасымен айналысуға жетелеуден басталады. Еңбекке араласқан бала өмір сүруге икемделе бастайды. Ең қарапайымы электр жарығын, крандағы суды үнемді пайдалануға үйрету бала бойында рухани құндылықтарды дарытудың үлкен мектебі болады. Ал мектеп қабырғасында бұл істер жалғасын табады. Мұғалімдер оқушылардың пәнді терең түсініп, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді қолдана алуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың   функционалдық сауаттылығын арттыруда оқу, жазу сауаттылығы, жаратылыстану ғылыми сауаттылығы, математикалық сауаттылығы және құқықтық сауаттылық мәселелері қарастырылады. Жаңартылған білім беру бағдарламасында осы аталған функционалдық сауаттылықтар сатылап , спиральды қағидатпен беріледі. Оқушылардың   функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда әр пәннің рөлі ерекше.

  Дүниетану пәнінің ықпалы қандай? Оқушылардың өзін қоршаған ортамен дұрыс қарым- қатынас жасауға, ұқыптылық пен үнемшілдікті үйретуде ықпалы зор.  Мысалы:2-сыныпта «Өзім туралы» бөлімі отбасы құндылықтарын білуге, түсінуге, құрметтеуге үйретуден бастап, әр балаға қоғамның бір мүшесі екенін сезіндіріп, қоғамдық орындарда дұрыс қарым - қатынас жасауға үйретеді. «Досыңның туған күніне не сыйлар едің?», «Досыңа қандай тілек айтар едің?» деген сұрақтар шынайы өмірге жетелейді. «Менің мектебім» бөлімінде мектептегі тәртіп ережелерін еске түсіре отырып, адамның іс -әрекетінің айналаға әсер ететіндігін ұғындырады және күнделікті әрекетіне баға беруге дағдыландырады. Ал «Дені саудың – жаны сау» бөлімінде пайдалы және пайдасыз тағамдармен танысып, салауатты өмір қағидаттарын ұстануына және мектептегі , қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, өз өмірінің қауіпсіздігін сақтауға жауапкершілігін туындатады. Осы секілді сұрақтар мен тапсырмаларға жауап іздей отырып, оқушылар мектептен алған білімдерінің өз өмірінде қандай пайдасы бар екендігіне жауап алады.

   2-сыныпта қазақ тілі оқулығының «Салт – дәстүр және ауыз әдебиеті» бөлімін өткенде қазақ халқының салт – дәстүрін дәріптеп, өзінен кішіні, үлкенді құрметтеуге шақырады. «Қазақ халқында «жеті қазына» деген ұғым бар. Ол -  адамдардың күнделікті ұстап жүрген нәрселері. Сендер соны білесіңдер ме?» деген проблемалық сұрақ тасталғанда көп ойланады, ізденеді. Оны табу арқылы өзінің айналасының құнды дүниелерге толы екендігін біледі. «Қоршаған орта» бөлімінде «Жемістерді қалай пайдалану керек?», «Дене жарақаты кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдем», «Құстарға қамқорлық жасау» нұсқаулықтарын құрастыру тапсырмалары оқушының функционалдық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді. Қазақ тілі сабақтарында төрт дағдыны дамытуға көбірек мән берген дұрыс. Себебі оқушылар  кең ойлап, ойын еркін әрі анық жеткізуді үйренуі тиіс.

  Ал жаратылыстану пәні  - бастауыш сыныпта жаңа пән, бірнеше ғылымның тоғысқан пәні. Жаратылыстану пәнінде алған білімдерін күнделікті өмірде кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған. Оқулықта тапсырмалар мен ақпараттар «Зертте», «Сен білесің бе?», «Есіңе сақта!», «Ойланып көр» айдарлары арқылы беріледі. Онда оқушылар қоршаған орта ғажайыптарымен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өздігінен әрекеттену арқылы алады. Сондай – ақ, мұғалімнің көп ізденуін , оқушыға ғылыми  қосымша ақпарат беруді талап етеді. 2-сыныптың жаратылыстану оқулығында «Күш және қозғалыс» бөлімі өмірлік тәжірибеге сүйеніп оқытуды қажет етеді. Мысалы: «Массаны қалай өлшейміз?», «Жылдамдықты қалай өлшейміз?» тақырыптарында оқулықтағы ақпараттармен шектелген білім оқушыға бұлыңғыр болар еді. Сынып ішінде дүкен ұйымдастырып, сатушы және сатып алушы рөлдеріне енгізіп, заттың массасын қалай өлшеуге болатындығын үйретуге болады. Енді бірін дәрігер қылып, оқушылардың салмағын өлшетіп, оқушыға өзінің массасы туралы хабардар ету де пайдалы. «Табиғат физикасы» бөлімі де тәжірибе жасауға өте қолайлы. Жарық өткізетін немесе жарық өткізбейтін, жартылай өткізетін денелерді анықтау, оларды білудің өмірде маңыздылығын түсінуге үйретеді. Айнала толы алуан дыбыстардың ерекшеліктері мен таралу бағыттарын білгізу, температураны өлшеуді үйрету аса маңызды. Сабақтағы бүгінгі білім өмірінің қай тұсына қажеттігін сезіндіре алуымыз қажет. Математика да тек есептеулер жүргізумен шектелмейді. Ауқымды ақпарат қоса беріледі. Бұған  «Саяхат», «Қоршаған орта» бөлімдерінде берілген тапсырмалар дәлел болады. Комбинациялау тапсырмасында логикалық ойлаумен қатар сәндеу өнерін де жетілдіреді.  Сауат ашу сабағында «Кафеде» тақырыбын өткенде іскерлік ойын ұйымдастыру өте тиімді болар еді. Оқушылар қоғамдық орындағы, яғни кафедегі мәдениетті игеріп, дұрыс қарым-  қатынасқа түсу, ас мәзірін дұрыс даярлау сияқты әрекеттерді атқарады.

   Қай оқулықты алсақ та, оқушыларды мұқият іріктеліп алынған тапсырмалар мен жан -жақты ойластырылған оқу әрекеттері ынтасын ашады, шығармашылық, зерттеу және сыни ойлау дағдыларын дамытады, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға септігін тиғізеді. Ол үшін мұғалім өз тәжірибесін үздіксіз жетілдіріп, тиімді әдістерді қолдана алуы тиіс. Сабақта жағымды әлеуметтік ортаны тудырып, ынтымақтастықта диалог жүргізуге, бақылауға, шағын топтар мен жұптарда проблеманы бірлесе шешуге, саралауға, жағдаятты бағалауға төселдіру қажет.

   Қорыта айтатын болсақ, функционалдық сауаттылық - адамның алған білімін сауатты пайдалана алуы және үнемі жетілдіріп отыру үдерісі. Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың ұлттық болмысын, сана сезімін, өзіндік дүниетанымы мен көзқарасын қалыптастыруға негіз болатын құндылықтардың бірі -  функционалдық сауаттылық. Ұлттық білім беру жүйесін өзгертуге мұғалімнің ықыласы, оның ұмтылысы және маңыздылығы мен қажеттілігін түсінуі жетістікке жетелейді. 

Информация о публикации
Загружено: 24 февраля
Просмотров: 2081
Скачиваний: 3
Есенова Балагуль Абилкаировна
Начальные классы, 1 класс, Разное