"Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін ауытқулар түрлері"

Бастауыш мектеп кезеңі баланың жеке басының ары қарай қалыптасуы үшін аса маңызды рөл атқарады. Оның өмірінде мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап айтарлықтай өзгерістер пайда болады, дамудың әлеуметтік жағдайы түп-тамырымен өзгереді. Бала үшін жетекші орын алатын оқу әрекеті қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларының арасында мінез-құлқында қиындықтары бар оқушылар көптеп кездесіп жүр. Мектеп тәжірибесінде мұндай оқушыларды “Мінезқұлқында ауытқулары бар оқушылар”, “Қиын тәрбиеленуші”, “Қиын балалар” деп атайды. “Мұндай оқушыларға қандай балаларды жатқызамыз ?” деген сұрақ туындайды. Білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалім талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әр түрлі жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін) оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызуға болады.
Скачать материал
Просмотр
содержимого документа

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН АУЫТҚУЛАР

ТҮРЛЕРІ

1 Шоңова Б.А., 2Кусаинова Г.Т., 3Сулейменова З.Е.

1            Ш. Уәлиханов атындағы  Көкшетау мемлекеттік университеті, Көкшетау

2            Ш. Уәлиханов атындағы  Көкшетау мемлекеттік университеті, Көкшетау         3 Ш. Уәлиханов атындағы  Көкшетау мемлекеттік университеті, Көкшетау

 

 

 Бастауыш мектеп кезеңі баланың жеке басының ары қарай қалыптасуы үшін аса маңызды рөл атқарады. Оның өмірінде мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап айтарлықтай өзгерістер пайда болады, дамудың әлеуметтік жағдайы түп-тамырымен өзгереді.  Бала үшін жетекші орын алатын оқу әрекеті қалыптасады. 

Бастауыш сынып оқушыларының арасында мінез-құлқында қиындықтары бар оқушылар көптеп кездесіп жүр. Мектеп тәжірибесінде мұндай оқушыларды “Мінезқұлқында ауытқулары бар оқушылар”, “Қиын тәрбиеленуші”, “Қиын балалар” деп атайды.  “Мұндай оқушыларға қандай балаларды жатқызамыз ?” деген сұрақ туындайды. Білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалім талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әр түрлі жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін) оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызуға болады. 

Бала өмірінің ерекше бір кезеңі, оның мектепке дейінгі тәрбиеден өтіп, мектеп оқушысы атты әлеуметтік рөлді қабылдауы. Бұл кезеңнің (6-7 –мен 10-11 жасқа дейін) өзіне тән негізгі белгілеріне қосымша әлеуметтік рөл қосылады. Мұндай белгілер оның мінезқұлқында, санасында қайшылықтар мен үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты, бұл шақ баланың көзі ашылмаған потенциалын дер кезінде байқап, дұрыс дамуына қолдау көрсетуімен маңызды. 

Бастауыш сыныпта адамның тума қасиеттеріне қоса, өсе қалыптасатын адам бойындағы психикалық қасиеттердің негізі қаланып, даму барысында әдетке айналуы анық. Сондықтан да ғалымдарды бастауыш сынып оқушыларының потенциалдық мүмкіндіктерін анықтау және дамытудың тиімді бағытын таңдау мәселесі толғандырады. Осы бағыттағы зерттеулер нәтижесін пайдалану, балаларды оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі, еңбек қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ұжымшылдық сезім жеті-сегіз жасар балада оншама дами қоймайды. Балалар “біз”деудің орнына “мен” деп айтқанды жақсы көреді. Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды “мен” бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі, өзіндік сезімі туады. Мұндай “мен” бейнесі кез келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді. Бірақ та  бастауыш мектеп кезеңіндегі оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек “мен” деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай – осы жөнінен де алып қарауға болады. Мәселен, мектеп есігін тұңғыш ашқан бала мұғалімнің бүкіл сыныпқа жасаған ескертуін өзіне қатысы жоқ деп есептейді. Балаларға “біздікі” деген ұғымды үйретудің өзі мұғалімнің үлкен шеберлігін қажет етеді. Мұндайда мұғалім барлық нәрселердің жалпы жұртқа ортақтығына баса назар аударады. Мәселен, балалардың тұратын үйі, мектеп, емхана, көлік т.б. нәрселердің бәрімізге ортақ екендігін айтып түсіндіреді. Мектеп айналасына басқа балалармен бірлесіп гүл егетін болса, енді оны “біздің гүліміз” деп үйрету қажет. Осындай алғашқы тәрбиелік істер қайталана берсе, біртіндеп баланың мінез бітісі қалыптасады. Үшінші, төртінші сынып оқушылары мектеп жұмысына белсене араласа бастайды. Сондықтан да олардың ұжымдық қасиеті анағұрлым жоғарлай түседі.

Мінез-құлқы қиын оқушылар көбінесе ашуланшақ болып келеді. Баланы үй-іші көп еркелетсе, онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып, күйіп-пісетіні кездеседі. Керісінше, күтпеген жағдайда “жақсы”, “өте жақсы” деген баға алса, жұрттың көзінше соған қатты қуанғанын жасыра алмайды. Мінез-құлқы қиын бастауыш мектеп оқушылары мектеп мотивациясының төменгі деңгейімен, оқу-әрекетіне құлықсыз қатысымен сипатталады. 4- сыныпқа қарай мектеп мотивациясының төмендеу тенденциясы байқалады. 6-7 жасқа дейін баланың заттарды, дүниені, қоршаған ортаны қабылдау ерекшелігі репродуктивті бейнеліелес күйінде болса, 7-8 жастағы баланың қабылдауы оқытудың нәтижесінде продуктивті бейнелі-елес түріндегі қабылдауға қарай өзгереді. Мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өскен бала, ешқандай күш жұмсамай көзге түскісі келіп тұрады. Олар өздігінен еш нәрсеге қол жеткізе алмайды (отбасының еркесі). Үлкендердің эмоциялық қақпайлауы салдарынан кінәмшілдік, өзін қажетсіз санау сезімдері қалыптасады (“золушка” – “өгей қыз”). Адамгершілік, жауапкершіліктің шектен тыс жоғары болуы баланы балалық қуанышынан айырып, бойында уайымшылдықтың тууына әкеледі.

Баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар үйреніп, тіпті шама-шарқынша еңбек етіп жүрсе де, олардың бүкіл болмысын анықтайтын шынайы стихия әр түрлі ойындар болып табылады. Алты-жеті жасар бала мектеп табалдырығын аттасымен-ақ оқушы болады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен осы уақыттан бастап, ол біртіндеп басымдылығын жоғалта бастайды. Бастауыш сынып оқушысының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық түрткілерін (мотивтерінің түрлері) елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болып табылады. Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін негізгі үш түрлі қиындық жиі байқалады.

Олардың біріншісі жаңа мектеп тәртібіне байланысты (дер кезінде ояну және тұру керек, сабақты жіберуге болмайды, барлық сабақтарда тыныш отыру талап етіледі, үй тапсырмаларын орындау қажет және т.б.) тиісті дағдылар болмаса, балада әдеттен тыс шаршау, оқу жұмысын бұзу т.б. сәттерді жіберіп қою пайда болады. Жеті жастағы балалардың көпшілігі психологиялық-физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр. Бала бұл жаста өзінің жаңа әлеуметтік рөлін қабылдауға дайын, тіпті оны асыға күтеді. Тек қана мұғалім мен ата-аналар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарды түсінікті де айқын жеткізуі, олардың орындалуын әрдайым тексеріп, балалардың жеке-дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, шаралар қолдануы қажет. Жеке дара ерекшеліктерді бөліп көрсетуіміздің себебі, әрбір баланың өзіне тән темпераменті, қайталанбас ерекшеліктерін міндетті түрде ескеріп, соған сәйкес қарым-қатынас орнатса, бала да жаңа рөлге неғұрлым тез икемделеді.

Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиындықтардың екінші түрі мұғаліммен, сыныптағы жолдастарымен, отбасында болатын қарым-қатынастардың сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндігінше жылы шырай таныта және мейірбан бола отырып, мұғалім қайткенмен де беделді де қатал тәлімгер болып табылады. Белгілі бір мінез-құлық ережелерін ұсынып, одан ауытқудың қандайын болса да тоқтатып отырады. Ол үнемі балалардың еңбегіне баға береді.

Мұғалімнің ұстанымы мынадай: бала оның алдында қандай да бір именшектік жасамай тұра алмайды. Осының салдарынан мектепте балалардың біреулері тым тұйық, ал екіншілері босаңдау бола бастайды (олар үйінде тіпті басқаша болуы мүмкін). Бірінші сынып оқушысы көбінесе жаңа ортаға үйренісе алмай, өзін жалғыз сезінеді.

Тәжірибелі ұстаз барлық балаға бірдей талап қояды, бірақ әр баланың бұл талаптарды орындауының өзіндік жеке-дара ерекшеліктерін мұқият бақылайды. Бұл олардың мінезқұлықтарының “астарына” көз жүгіртіп, олардың шын мәніндегі психологиялық қасиеттерін түсінуге көмектеседі. Балаларды тек осылай зерттеудің негізінде ғана оларға әсер етудің белгілі бір нақтылы әдісін таңдап алуға болады. Бұл әдістің мақсаты барлық бірінші сынып оқушыларын сабақ үстінде тыныш, ұстамды болу мінез-құлық әдетіне, сабақтардың жалпы қарқынын сақтауға, мұғалімнің ескертулерін орындауға тәрбиелеу болып табылады. 

Қиындықтардың үшінші түрін бірінші сыныптағы көптеген оқушылар оқу жылының ортасына таман сезіне бастайды. Алғашқыда олар сабақ басталардан көп бұрын мектепке қуана барады, кез келген жаттығуларға ықыласпен кіріседі. Мұғалімнің берген бағасына мақтанады: олардың білімді игеруге жалпы даярлықтары сезіліп тұрады. Бірақ, 1-сыныпта оқу үрдісі әдетте белгілі бір даяр білім мен анықтамалар алып, оларды есте сақтап, қажетті жағдайларда қолданатындай етіп жасалған. Әдетте, бұл білімге деген қажеттілік арнайы қарастырылмаған. Әрине, мұндай жағдайларда баланың ақыл-ой ізденісінің өрісі тар, таным дербестігі айтарлықтай шектеулі болады.

Осыған ұқсас сабақтарда оқу материалдарының өзіне ықылас нашар қалыптасады. Мектептің сыртқы атрибуттарына үйрену дәрежесіне қарай балада оқуға деген алғашқы құштарлық өше бастайды да осының нәтижесінде селқостық пен немқұрайлыққа салынады. 

Қазіргі заман мектебі тұлғаның жеке дара психофизхиологиялық және интеллектуалдық, мүмкіндіктерін ескере отырып, жан-жақты дамытуды қамтамасыз ететін оқу үлгісін іздеу үстінде. Бала үшін неғұрлым ыңғайлы жағдаймен қамтамасыз ететін (тиісті мазмұны жинақталғанда, дидактикалық принциптерге қол жеткізу сақталғанда, игеру мүмкін болғанда) оқу үрдісін жеке даярлаудың неғұрлым тиімді нысанына, негізінде терең психофизиологиялық және психологиялық-педагогикалық зерттеулер жатқан сыныптарды топтау арқылы саралап оқыту жатады.

Шынымен де қазіргі оқу үдерісі мектепке жаңа келген балаға көп талап қоятындықтан, осының салдарынан мектептен қорқу мен үрейлену пайда болады. Төменде бастауыш сынып оқушыларының мектептен үрейленуі мен қорқыныштың түрлері және оларды түзету әдістері келтіріліп отыр.

Бастауыш сынып оқушыларының мектептегі үрейленуі мен қорқынышын түзету. 

Баланың мектепке келуі маңызды тұлғалық жаңа құрылымның – оқушының ішкі ұстанымының пайда болуымен байланысты. Бұл баланың оқуға бағытталуын, оның мектепке эмоционалдық жағымды қатынасын, жақсы оқушы бейнесіне сәйкес болуын қамтамасыз ететін мотивациялық орталық. Баланың ішкі ұстанымдылығын бейнелейтін маңызды қажеттіліктері қанағаттандырылмаса, ол тұрақты эмоционалдық жайсыздықты басынан кешіруі мүмкін: үнемі сәтсіздік күту, педагогтар мен сыныптастары тарапынан жаман қатынас күту, мектептен қорқу, оған барғысы келмеу.

Қорқыныш – адамның санасында оның өміріне және аман-саулығына төнген қауіптің аффективтік (эмоционалдық ушыққан) бейнелеуі; 

Үрейлену –алда тұрған қауіпті өткір эмоционалдық сезіну. Үрейлену қорқынышқа қарағанда үнемі кері қабылданатын сезім емес, себебі ол қуанышты күту, қобалжу ретінде болуы мүмкін. Өзін эмоционалдық жайсыз сезінетін бала тұлғасының психикалық құрылымына, өмірлік тәжірибесіне, ата-анасымен және құрбыларымен өзара қарымқатынасына қарай үрейді де, қорқынышты да сезінуі мүмкін.

Қорқыныш пен үрейді біріктіретін негізгі бастау ол мазасыздану сезімі. Ол мынадан көрінеді, баладан бірдеңе сұраса абыржиды, сұраққа жауап беретін тиісті сөздерді таба алмайды, сөйлегенде дауысы дірілдейді және кейде мүлдем үндемей қалады. Ол көптеген артық қимылдар жасауы мүмкін немесе керісінше, мүлдем қозғалмай қатып қалады. Мұндай белгілер ағза жұмысының психофизиологиялық артық қысымға түскенін көрсетеді.

Жас ерекшелік қорқынышы эмоционалдық сезімтал балаларда олардың психикалық және тұлғалық даму ерекшеліктерінің көрінісі ретінде байқалады. Олар мына факторлардың негізінде пайда болады: ата-аналарда қорқыныштың болуы; баламен қарым-қатынаста мазасыздану, оны қауіптерден шектен тыс қорғау және құрбыларымен араласуын шектеу.

Невротикалық қорқыныштар эмоционалдық интенсивтілікпен, қысымдылықпен; ұзақ ағыммен немесе тұрақтылықпен; мінез-құлықтың және тұлғаның қалыптасуына кері әсер етуімен; басқа да невротикалық бұзылулармен және күйзелістермен өзара байланыстылығымен; қорқыныш нысанынан, сондай-ақ барлық жаңа және беймәлім нысандардан қашуымен; қорқынышты жоюдың салыстырмалы қиындығымен сипатталады.

Невротикалық қорқыныштар ұзаққа созылған және шешілмейтін күйзелістерден туындауы мүмкін. Көбіне бұлайша, ата-аналарымен қарым-қатынасында эмоционалдық қиыншылықтар сезінетін, отбасындағы немесе қақтығыстық сәттердегі эмоционалдық күйзелістерінің әсерінен өзі туралы пікірі бұрмаланған сезімтал балалар қорқады. Бұл балалар үлкендерге қауіпсіздіктің, беделдің және махаббаттың көзі ретінде қарай алмайды. Жауапкершілік, парыз, міндеттер сезімін тудыратын оқушының әлеуметтік ұстанымы, “ондай бола алмау” қорқынышының пайда болуына алып келеді. Бала үлгермей қалуға, кешігуге, дұрыс жасамай қоюға, айыпталуға және жазаланудан қорқады. Бастауыш сынып жасында “ондай бола алмау” қорқынышы шарықтау шегіне жетеді. Себебі балалар жаңа білімді игеруге тырысады, өзінің оқушылық міндеттеріне салмақпен қарайды және баға алу жөнінде уайымдайды.

Оқуын әр түрлі себептермен игере алмай жүрген бірінші сынып оқушылары, уақыт өте келе үлгермеушілер қатарына ілігеді, ол өз кезегінде неврозға, мектептен қорқушылыққа алып келеді. Мектепке дейін үлкендермен және құрбыларымен араласу тәжірибесі болмаған өзіне-өзі сенімсіз оқушылар, үлкендердің күткен нәтижелерін ақтай алмай қалуға қорқады. Мектепке бейімделуде қорқыныш сезінеді. Бұның негізінде қателік жасауға, ақымақтық қылуға және сол үшін күлкіге ұшырауға деген қорқыныш жатыр. Мұндай балалар көбінесе тақтаның алдында жауап беруге қорқады. Әсіресе, осы тақтаның алдында олардың қорғансыздығы толық көрінеді.

Кейбір балалар үй тапсырмасын орындағанда қателік жіберсе, зәре-құты қашып қорқады. Бұл ата-анасы оларды шұқшия тексеріп және қателікке драмалық мән берген жағдайда болады. Ата-анасы баланы жазаламаса да психологиялық жазалау бәрібір сезіліп тұрады. Бастауыш мектеп жасындағы бағалау іс-әрекеттің нақта нәтижесін ғана бағалау емес. Оны бала өзінің тұлғасын бағалау деп түсінеді. “Сен жамансың, өйткені сен жаман оқисың”, - деген сөздер айтылады балаға. Ол онымен келіседі, соның негізінде түсініксіз, сенімсіздік сезімдерімен және әртүрлі қорқыныштармен жалғасқан шешілмейтін ішкі қайшылық пайда болады. 

Бірқатар жағдайларда мектептен қорқу, құрбыларымен қақтығыстан, олар жағынан шығатын дене агрессиясынан қорқудан туындап отыр. Әсіресе, бұл – эмоционалды сезімтал, әлеуметтік-мәдени және педагогикалық олқылығы бар балалрға тән.  Жас өсе келе осы тәрізді қорқыныштар өзінің сипатын өзгертеді, кейде мүлдем жоғалып кетеді. Бірақ, ұзаққа созылу сипатына қарай, балада әлсіздік, өзінің сезімдерін игеруге, бақыауға қабілетсіздікті тудырады. Мектептік қорқыныш баланың психологиялық жайлылығын ғана емес, сонымен қоса балалар неврозының дамуына да ықпал етеді.

Балалар алдына шешілу жолдары мен құралдарын белсенді анықтауды талап ететін тапсырмалар жүйесін беру бірінші сынып оқушыларын әуел бастан–ақ ақыл-ой ізденісі саласына жетелейді. Олардың алдына жан-жақты пікірлер мен тұжырымдар негізінде ісәрекеттің табылған әдістерін негіздеу қажеттігін ашады. Осындай белсенді ойлау ісәрекетінің арқасында балалар қажетті білім мен іскерлікті саналы түрде меңгереді.

 

Қолданылған  әдебиеттер:

1.      Айымбетова Г.Е., Колокина Р.С. Девиантты іс - әрекетті балалар мәселесі // Валеология №1, 2004. 26-27 бет. 

2.      Айхорин А. Трудный подросток. – М., 2001.

3.      Әбеуова И., Әбдіраманова Д. Мінез-құлқында қиындық бар оқушыларды анықтау жолдары. // Ұлағат №5, 2004. 26-30 бет.

4.      БурнаеватВ.А. Специфика работы с детьми девиантного поведения // Воспитание школьника. - №1, 2004. 26-30 с.

5.      Бағыбаева М.И. Жеткіншек жастағы агрессия // Валеология №2, 2005. 29-31 бет.

6.      Басыбекова К. Құндылықты бағдарлар – адамның мінез-құлқының психологиялық реттеушісі. // Ұлағат №5, 2004. 21-22 бет.

7.      Глинский Я.И. , Афанасьев В.С. Социология девиантного поведения. –СПб., 1993. 245-300 с.

8.      Давыдов В.В. Психическое развитие младших школьников. М., 1990. 44-46 с.

9.      Джаманбалаева Ш. Социальная реабелитация подростков с отклоняющимся поведением // Ізденіс.-№2, 3, 2002. 149-159, 186 с. 

10.  Далабаева Т.Б. Өзіңді өзің таны // Валеология №12, 2003. 10-11 бет.

11.  Ермаханбетқызы Д. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептері. // Ұлағат. №3, 2004. 44-46 бет.

 

Информация о публикации
Загружено: 23 апреля
Просмотров: 220
Скачиваний: 0
Оспанбекова Шолпан Галеновна
Дошкольное образование, Дошкольники, Видеоуроки