Ашық сабақ: "Түс датчигі"

Түс датчигі тақырыбына ашық сабақ. Ашық сабақ робототехника, технопарк АКТ пәндерінен беретін пән мұғалімдеріне өте пайдалы.
Скачать материал
Просмотр
содержимого документа

Сабақтың тақырыбы: Түс датчигі. Түсті анықтау.

 

Сабақтың мақсаты: Түс датчигімен, оның баптауларымен және жұмыс істеу принциптерімен танысу. Объектінің түсін анықтауға арналған бағдарлама жасау.

 

Күтілетін нәтиже:

  • Түс датчигімен, оның баптауларымен, жұмыс істеу принциптерімен  танысады;
  • Объектінің түсін анықтауға арналған бағдарлама жасайды.
  • Компьютерде бағдарлама жасау дағдысы қалыптасады.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: класстерлеу әдісі, (түртіп алу) әдісі, сәйкестігін табу әдісі, Алма ағашы әдісі

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:

  • Құралдар: компьютер, түрлі түсті маркерлер, стикерлер, А1 форматты қағаз (плакат), EV3 бағдарламасы, түс датчигі (Color Sensor), LEGO MINDSTORMS EV3 бағдарламасы, слайд;
  • Көрнекіліктер: үлестірмелі қағаздар, қима қағаздар, бағалау парақтары.

Сабақтың жоспары:

 

САБАҚ КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМНІҢ ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ӘРЕКЕТІ

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

5 мин

  • оқушылармен сәлемдеседі;
  • психологиялық ахуалды бақылау
  • «Сәлемдесу» ойыны арқылы топқа бөлу
  • І топ Роботтар
    ІІ топ Датчиктер 

 

  • мұғаліммен сәлемдеседі;
  • көңіл-күйлерін көтереді;
  • топқа бөлініп отырады.

 

ҮЙ

ТАПСЫРМАСЫ

7 мин

 «Миға шабуыл»:

Оқушыларға келесі сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:
1. Робот деген не?
2. Қайда қолданылады?
3.Роботтар не үшін керек?

4.Датчик дегеніміз не?

5. Датчиктердің қандай түрлерге бөлінеді?

Тапсырма1: Датчиктер қызметіне қарай қандай түрлерге бөлінеді

 

 

 

 

 

 

Дескриптор:

  • Түс датчиктерін түрін айтады
  • Сипаттама береді

Жауабы: Жанасу, Ультрадыбысты, Гироскопиялық, Түс

  1. Түстер не үшін қажет?
  2. Сабағымыз не туралы болуы мүмкін?

Берілген сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Датчиктердің түрлерін жазады

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбын болжайды және мұғаліммен бірлесе отырып сабақтың мақсатын анықтайды.

МАҒЫНАНЫ АЖЫРАТУ

10 мин

 

 

 

 

 

 

Қызығушылығын ояту

 

5 мин Видео көрсету.

Мәтін бөлініп беріледі. Топ мүшелері әр қайсысы оқып, жұппен талқылайды, топта ойларын ортаға салып, постер дайындайды. Ортаға шығып бір оқышы қорғайды.
1.Датчиктің анықтамасы:
2.Олардың қызметіне қарай 4 түрі.(Жанасу, Ультрадыбыс, Гироскопиялық, Түс)
3.Датчиктер қандай ақпараттарды өлшейді?
4. Түс датчигінің екі түрі: электронды және механикалық
5. Түс датчигіндегі жарық деңгейін анықтайтын 7 түрлі түсті ата: «қара»-1, «көк»-2, «жасыл»-3, «сары»-4, «қызыл»-5, «ақ»-6, «қоңыр»-7, «Түссіз»-0.
6. Түс датчигінің үш режимін ата: Түс режимі, Шағылысқан жарық жарықтылығы, Сыртқы жарық жарықтылығы режимдері.

 

 

  • Мәтін таратылады;
  • Оқушылар мәтінді оқиды;
  • Мәтінді талқылайды;
  • Негізгітүсініктерді талқылау парағына енгізеді;
  • Әр топтан бір оқушы шығып тақырыпты талқылау парағы  бойынша қорғайды,  дәптерлеріне түртіп алады

 

Компьютермен жұмыс

10 мин

Практикалық жұмыс:

Түс датчигін орнату

А деңгей.

  1. Түс датчигін роботқа орнатыңыз.

 

Датчикті 3 портқа қосыңыз. 

 

СТАРТ блогына Рульдік басқару блогын қосыңыз.

  1.          Қосу (On) режиміне ауыстырыңыз.
  2.          Қуатты 40 тең етіп қойыңыз.
  3.          Рульдік басқару блогына Күту блогын жалғаңыз.
  4.          Датчиктен ақпарат алу үшін оның режимін өзгертіңіз:

Түс датчигі (Color Sensor) ->Салыстыру (Compare) - >Түс (Color)

  1.          Бастапқы блогтың параметрінде қызыл түсті анықта. 

Күту блогына тағы бір Рульдік басқару блогын жалғаңыз.

  1.          Датчик қызыл түсті анықтаған кезде моторларды тоқтату үшін Өшірілу (Off) режимін қосыңыз.
  2.         Бағдарламаны роботқа жүктеңіз

В деңгей.

Тапсырма: Робот алға қарай жүріп келе жатады, Түс датчигі сары түсті анықтағанда тоқтайды, «сары» дап дауыстап айтады, 180 градусқа бұрылады, алға 2 айналым жасап тоқтайды.

С деңгей.

Тапсырма: Робот алға қарай қандай да бір кедергі кездескенше жүріп келе жатады, кедергіге жанасып тоқтайды, 5 секунд күтіп, артқа 1 айналым жасап, 90 градусқа бұрылып алға қарай жүріп кетеді.

 

 

Берілген тапсырманы конструктор арқылы құрып, компьютерде бағдарламасын жазады.

Сергіту сәті

3 мин

Сергіту жаттығуы орындалады

Видеодағы жаттығуларды қайталап орындайды

       Сабақты қорытындылау

 

Кестені толтыру

2 мин

Тапсырма. «Сәйкестікті тап»

1

 

Гироскопиялық датчик

2

 

Түс датчигі

3

 

Жанасу датчигі

4

 

Ультрадыбысты датчик

Дескриптор

  • Датчик түрін ажыратып сәйкестендіреді
  • Түс датчигіне сипаттама береді

Жауабы: 1-3, 2 – 4, 3 – 1, 4 – 2

Оқушылар сәйкестік арқылы кестені толтырады.

Тапсырма:

 «Орнын тап»

     1 мин

 

Берілген түстердің сәйкесінше орнын тап.

           

 

 

 

 

 

 

Дескриптор

-Әр түсті номері бойынша сәйкестендіреді

-Орнын тауып қояды

Жауабы:

 

Әр түсті нөмірі бойынша сәйкестендіріп, орнын тауып қояды

Тапсырма. «Полиглот»

2 мин

Берілген түстерді ағылшын тілінде жаз

Түс жоқ

 

Қара

 

Көк

 

Жасыл

 

Сары

 

Қызыл

 

Ақ

 

Қоңыр

 

       Жауабы:        No Color, Black, Blue, Green, Yellow, Red, White, Brown

Берілген түстерді ағылшын тілінде жазып кестені толтырады

 

 

 

 

 

 

БАҒАЛАУ

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

Топпен жұмыс жасау кезіндегі оқушының өзін-өзі бағалауы

Үй тапсырмасы

«Миға шабуыл»

Жаңа сабақ

(топпен жұмыс, постер қорғау, мәтінмен жұмыс)

Компьютермен жұмыс

Түс датчигін орнату

 

Кестені толтыру

«Сәйкестікті тап»

 

Тапсырма:

 «Орнын тап»

 

Тапсырма. «Полиглот»

Көгілдір түс – «5»   Ал қызыл түс – «4»  Сары түс – «3»

 

КЕРІ БАЙЛАНЫС

2 мин

 

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

1 мин

«Алма ағашы» әдісі
https://fsd.kopilkaurokov.ru/uploads/user_file_57ffb5f7b3b90/img_user_file_57ffb5f7b3b90_13.jpg

 

Түс датчигі тақырыбына қосымша материалдар оқу.

 

Информация о публикации
Загружено: 13 ноября
Просмотров: 18772
Скачиваний: 29
Серикова Салтанат Төреқожақызы
Информатика, 4 класс, Уроки